9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Сабақ тақырыбы: Сақа ату

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

Контеков Алмабек Рысбекұлы ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай бекеті № 8 жалпы білім беретін Коммуналдық Мемлекеттік Мекеме Дене шынықтыру пән мұғалімі

Контеков А.Р.

Мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойындардың маңызын түсіндіру, шеберлікке, мергендікке, ептілікке баулу, туған елін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: Әр түрлі асықтар, жалаушалар.

Сабақ барысы: Оқушыларды сапқа тұрғызу, амандасу, рапорт беру. Оқушылардың спорт киімдерін тексеру. Сабақтың тақырыбымен таныстыру, орнында тұрып оңға, солға бұрылу, жүру, жүгіру жаттығулары. Дем басу, орнында тұрып істелетін жалпы шынықтыру жаттығулары.

Негізгі бөлім: «Сақа ату» ойыны.

Қазақта әр үйдің баласы сойған малдың, әсіресе қойдың, арқардың асығын жинайды. Асықты әр түрлі бояулармен бояйды. Қорғасын құйып сақа жасайды. Асық ойыны баланы ептілікке, мергендікке баулиды.

Оқушыларды екі топқа бөлемін. Белгіленген жерге екі бала (7–12 қадам), асықтарды тігіп, көмбеден атып тигізуі керек. Сақа тиген асықты алады. Ұтылған жақ жаңадан асық тігеді. Балалар ретімен кезекке тұрып атады. Осылай ойын жалғаса береді. Ойынның соңында ең мерген баланы анықтау.

Сабақты қорытындылау, балалардың ойынын бағалау.

Асық түрлері: Құлжа сақа — арқардың асығы, топай-бұзау, тайынша асығы, жабайт- қой асығы, шүкей — қозы, ешкі асығы, шүкімейт — жас қозы, лақ асығы.

Асық ойындары: «Хан атпақ», «Хан — уәзір», «Омпы», «Алтыатар», «Шықетер», «Табан», «Үйірмекіл», «Төрт асық», «Бес асық», «Үштабан».

Оқушыларға ықылас салуға арналған ойын жаттығулар

Арнайы іріктелген жаттығулар оқушылардың назарын сабақ барысына дайындау үшін немесе бір жұмыстан екінші жұмысқа тез ауысу үшін, сабақ соңында оқушылардың психологиялық эмоционалдық қозғалыстарын басу үшін және тәртіп сақтау үшін-де қолдануға болады. Мысалы:

1) Жоғарғы сыныптарға арналған «Уақытты анықта» ойыны.

 Оқушылар жүгіргеннен кейін немесе ұзақ спорт ойынынан кейін, жай жүрісте мұғалімнің белгісі бойынша 45–60 секундты анықтау керек. Ол үшін оқушылар ойша уақытты санап, болған кезде бір адым солға жасап тоқтайды. Мұғалім оқушылардың дәл уақыт мөлшерін тапқанын анықтайды.

2) V–VIII сыныптарға арналған «Жеуге жарамды, жарамсыз» ойынының шарты.

Мұғалім кез-келген заттың атын атайды. Егер жеуге келетін зат болса, оқушылар қолдарын көтереді, жеуге келмейтін зат болса, қолдарын белге ұстайды.

3) «Белгі беру» ойынында мұғалім ысқырықпен немесе қол соғып белгі береді. Оқушылар белгі бойынша келіскен қимылдарды орындау керек: отырып жүру, жүгіру, қол көтеру т.б.

4) «Топ тік тұр» бұл ойында оқушылар бұйрықты «топ» деген сөз айтылса орындайды, «топ» деген сөз айтылмаса бұйрық орындалмайды.

Істеріңе сәттілік тілеймін!