Сабақ тақырыбы: Шүлен
Шәмшінұрова Бибісара Оразханқызы, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, жоғарғы санатты мұғалім, Алматы қаласы № 55 орта мектебі |
11 сынып
Модуль: Атакәсіп
І Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік — Қазақ халқының дәстүрінде шүлен түрінде бұрыннан бар «Меценат» ұғымы туралы жалпы мәлімет беру. Демеуші мен меценаттың арасындағы айырмашылықты ажырата білуге бағыт-бағдар беру.
2. Дамытушылық — тіл дамыту, сауаттылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу.
3. Тәрбиелік — меценаттарға деген құрметін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, қазақ тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру.
ІІ Сабақтың типі: аралас сабақ
ІІІ Сабақтың түрі: Іздену сабағы
ІY Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту әдістері. Миға шабуыл, жоба қорғау, болжам-пікір.
Y Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Microsoft Pover Point бағдарламасында безендірілген тұсаукесер, меценаттардың суреттері, сабаққа қажетті құрал-жабдық (Оқулық, дәптер, қима қағаздар және т.б.).
ІY Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тұсаукесер қорғау, Іздендіру, зерттеу, сұрақ-жауап, талдау, мәтінмен жұмыс, саралау, миға шабуыл сұрақтары, болжам жасау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу. Оқушыларға сәттілік тілеу;
ә) Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру;
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А) «Домбыра» тұсаукесерін (презентация) тамашалау.
Ә) «Домбыра» өлеңін жатқа айту (47-бет).
Б) Күй атауларын анықтау (Күй тыңдап, оның атауын айту)
ІІІ. «Жаңа сабаққа саяхат»:
а) «Байланыс»: — Балалар, қалай ойлайсыңдар, әншілер, ақындар сияқты өнер адамдарына үлкен көмек көрсетіп отыратын жандарды қалай атайды?
ІV. Сөздікпен жұмыс:
Шүлен — меценатство
Өз жалғасын тауып отыр — нашло свое продолжение
Үздік табысқа жеткен — достигший большого успеха
Ең үздік — самый лучший (48-бет);
1.3 жаттығу Берілген сөз тіркестерін қазақшаға аударып жазыңдар.
Нашло свое продолжение, оказали большую помощь, аристократы, ежегодно в искусстве, в литературе, в науке и т.п., каждому деятелю.
V. Мәтінмен жұмыс
Шүлен
«Меценат» ұғымы қазақ халқының дәстүрінде шүлен түрінде бұрыннан бар. «Шүлен» деп бай адамдардың кедей адамдарға беретін материалдық көмегін айтқан. Сондай-ақ дәулетті адамдар әншілер, ақындар сияқты өнер адамдарына да үлкен көмек көрсетіп отырған.
Торғайда — Мұқан, Семейде — Құнанбай, Жуалыда — Жұман, Жетісуда — Маман сияқты ауқатты адамдар осындай шүлен беріп, атағы шыққан зиялылар болды.
Шүлен дәстүрі қазіргі тәуелсіз Қазақсанда өз жалғасын тауып отыр.
Мысалы, жыл сайын өнерде, әдебиетте, ғылымда, т.б. салаларда аса үздік табысқа жеткен азаматтарға «Тарлан» сыйлығы беріледі. Әрбір сала бойынша ең үздік қайраткерге 10 мың АҚШ доллары және елеулі табысқа жеткен бірнеше қайраткерлердің әрқайсысына 3 мың АҚШ доллары көлемінде беріледі. Мысалы, 2000 жылы әдебиет саласынан «Тарлан» сыйлығының ең үздік иегері болып ақын Олжас Сүлейменов марапатталды.
VІ. «Миға шабуыл» әдісі. Меценат пен демеушінің айырмашылығы неде?
(Оқушылар жауаптарын тақтаға жазады)
Меценат — өнер мен ғылымға қаржылай көмек көрсететін адам. Бұл атау өнер қамқоршысы болған римдік Гай Цильний Меценаттың (Меценат) тегімен байланысты шыққан.
Демеуші — Спонсор (от лат. spondeo) — жеке және заңды тұлға болуы мүмкін. Ол қандай да бір қаржылай болмаса өз басына пайда табу үшін немесе жарнама жасау мақсатында жеке және заңды тұлғалардың белгілі бір қызметіне қаржылай көмек көрсететін адам.
(Қорытындысы шығарылады)
VІІ Топпен жұмыс.
Ойлан да тап: Мәтіннен түрлі-түсті әріптерді түсіне қарай таңдау арқылы, қазіргі кездегі меценаттардың аты-жөнін анықтау: (Ескерту: Топтар жұмысын күй тартылғанша аяқтаулары керек).
VІІІ. Жаттығулармен жұмыс
1.1. Мына сөздерді мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздермен сызық арқылы белгілеңдер.
ХАЛЫҚ КӨМЕК АУҚАТТЫ АТАҒЫ ҮЗДІК ӘРБІР ӨНЕР ЕЛЕУЛІ |
АДАМДАР ИЕГЕРІ ТАБЫС КӨРСЕТТІ САЛАСЫ ДӘСТҮРІ АЗАМАТ ШЫҚҚАН |
1.2. Берілген сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
1. Меценат ұғым қазақ халқы бар бұрын.
2. Дәулет адамдар әнші, ақын, өнер адамы көмек көрсету.
3. Шүлен дәстүр тәуелсіз Қазақстан жалғасын табу.
4. Жыл сайын өнер, әдебиет, ғылым, үздік табыс жету азамат «Тарлан» сыйлығын беру.
1.3. Берілген сөздерге синоимдер жазыңдар. дәстүр –
атақ –
бай –
үлгі –
тәуелсіз –
табыс –
ІХ Талқылайық па?
1.5 Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасына мән беріңдер.
1. Жігіттің түсіне емес, ісіне қара.
2. Өнерліге өріс көп.
3. Алтыныңа сенгенше, Ақылыңа сен.
4.Еңбек етсең – емерсің.
Х Рефлексия. Сендерге сабақ несімен ұнады? «Меценат» болғыларың келе ме?
ХІ Үйге тапсырма беру.
«3» Сөздік жаттау; «4» Сөздік жаттау, мәтін әңгімелеу; «5» Сөздік жаттау, мәтін әңгімелеу, тақырыппен байланысты 3 мақал-мәтел жаттау.
ХІІ Бағалау, балаларға алғыс айту.
- 13017 просмотров