Сабақтың тақырыбы: Ана тілің-дана тілің
Суфиянова Венера Абдрахманқызы «№ 26 мектеп-балабақша» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы |
Сынып:
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың мақсаты:
білімділік — өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау, сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тіл білімдерін жинақтап, мәтінмен жұмыс жасау арқылы білімдерін жетілдіру;
дамытушылық — оқушылардың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорын, ой-өрісін қалыптастыру;
тәрбиелік — оқушылардың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың эпиграфы:
«Өзге тілде сөйлей білу — бір өнер,
Ана тілде таза сөйлеу — шын өнер».
(Т.Айбергенов)
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы негізгі заң актілері, Сиқырлы қоржын.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, эпиграфы айтылады.
Сабаққа кіріспе
«Ана тілі» атты өлең жолдары оқылып, балаларға сұрақ қойылады.
1. Бұл өлеңде не туралы айтылған?
2. Біз қай республикада тұрамыз?
3. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
4. Біздің мектепте қандай ұлттың балалары оқиды?
5. Әрбір ұлттың тағдырын не сақтайды?
— «Тіл тағдыры халық тағдыры» деп бекер айтпаған. Тілінен айрылған халық ұлттық қасиетінен айрылады. Ол халық ретінде жоғалады.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқымас бұрын жаңа сөздермен таныстырылады.
Қастерлі, құдіретті — уважаемый
Мирас, мұра — наследие
Көзінің қарашығындай — как зрачок глаз
Жатық сөйлей алмайды — не грамотно разговаривает
Ар өлшемі — честь каждого человека
Шұбарлау — запетнать
Мәтін оқылып орыс тіліне аударылады.
Мәтінге байланысты сұрақтар қойылады.
1. Тіл адамға қалай дариды? (беріледі)
2. Тіл кімнің мақтанышы?
3. Тіл қандай мұра?
4. Туған тілінде сөйлеуден безген адам қандай адам?
Осы сұрақтарды қорытындылай келе оқушылар кластер құрастырады.
III. Дәптермен жұмыс
Мәтінде қарамен берілген сөздердің түбір мен қосымшасын бөліп жаз.
Үлгі: сүтімен
cүт — түбір
і — тәуелдік жалғау, III жақ
мен — көмектес септік
IV. Cабақты бекіту. «Сиқырлы қоржын»
Сиқырлы қоржын тапсырмасының сұрақтары:
1. Қазақ тілі туралы әңгімеле
2. Қазақ тілі сабағында диалог құрастыр.
3. Ана тілі туралы өлең оқы.
4. Қазақ тілі қай халықтың ана тілі?
5. Тіл не үшін қажет?
6. Сенің ана тілің қай тіл?
7. Мақал-мәтелдер, қанатты сөздер айтып бер.
Балалар, біз сендермен «Сиқырлы қоржынның» сұрақтарына жауап бердік. Енді біз сендермен метаграмма ойынын ойнаймыз. (бір сөзден бірнеше сөздер ойлап табу)
АР — ШАР.....
ҚАЗ — ЖАЗ.....
АНАР — ЖАНАР.....
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, күлейік,
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық, дей отырып төменде берілген жұмбақтарды шешейік. (жұмбақтар шешу)
Түнде бармын, күндіз жоқпын.
Егер «Б» дан бастап оқысаң,
Мыңғырап шыға келемін.
Ал осыған бояу түсін жалғасаң,
Ғарышқа самғар батырлар менен күш алып.
(Ай — Бай — Қоңыр — Байқоңыр )
Бірінші буыным құс аты,
Ал екіншісі бояу түсі.
Екеуін біріктіріп оқысаң,
Оңынан да солынан
Ұлт болып шығамын.
(Қаз — Ақ — Қазақ )
Екі жағым «Н» болса,
Қасиетті тағаммын.
«Екі жағым «А» болса,
Ел қадірлер адаммын.
(Нан — Ана )
Қорытынды: Міне, балалар, бүгін біз сендермен «Ана тілің-дана тілің» деген тақырыптағы сабағымызды аяқтадық. Енді мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
1. Тіл адамға не үшін қажет?
2. Ана тілімізді біз не істеуіміз керек?
3. Сен өз ана тіліңді құрметтейсің бе?
Оқушылардың еңбегін бағалау.
Үйге тапсырма:
1.«Ана тілің-дана тілің» мәтінін мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
2. Ұлттық мақтаныш — фон талдау.
- 11936 просмотров