Сабақтың тақырыбы: «Астана — болашақтың қаласы»
Петропавл қ. «№ 21 орта мектеп» КММ Рамазанова Әсем Бырлесқызы I санаттағы қазақ тілі мұғалімі, еңбек өтілі: 16 жыл |
... Астана, өзі де әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты.
Н.Назарбаев
Сабақтың мақсаттары:
1. Қазақстан Республикасының астаналарына саяхат жасау. Ел ордасы Астана қаласы туралы жан-жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, тапсырмалар арқылы бекіту, сұрақтарға жауап беру.
2. Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту.
3. Отанын, халқын, жерін сүюге, елін құрметтеуге баулу, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ, экскурсия сабағы.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, мәтінмен жұмыс, мәнерлеп оқу, ойлау, іздену, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, орыс тілі, биология
Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласының көріністер туралы бейне-слайд, карта, интерактивті тақта, кесте.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
— Сәлеметсіңдер ме?
— Сәлеметсіз бе? (Қонақтарға бұрылып сәлемдеседі)
— Отырыңдар.
— Балалар, бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес. Бүгін біз экскурсия жасаймыз. Экскурсия қай қалада өтетінін мына суреттер арқылы табасыңдар. Интерактивті тақтада слайд арқылы тарихи мәні бар құрылыстар мен ескерткіштердің атауларын айтып, ой шығарады.
— Сонда балалар осы панорамада қай қаланың бейнесі көрсетілген екен?
— Астана қаласының
— Дұрыс. (Ортадағы карточканы аударғанда Астана деген сөз пайда болады)
— Сонымен бүгінгі сабағымыз Қазақстанның жас қаласы Астана қаласы туралы болмақ. Біздің еліміздің жүрегі Астана қаласы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласы туралы айтылған сөздеріне көңіл бөлейік. (Сөздер оқытылады) Астана өзі де әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты — деген. Осы айтылған сөздерді аударып, қалай түсінгенімізді айтайық.
«Астана прославилось всему миру, а также прославила свой нарад» деп аудардық. Енді түсінгенімізді айтамыз.
Оқушы: Біздің елімізді бүкіл әлем біледі. Астана — Еуразияның орталығы. Президентіміздің қолдауымен мемлекетіміз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда.
— Рахмет балалар. Дұрыс айтасыңдар. Осы қанатты сөздерді дәптерлеріңе жазып алыңдар. Сөйлемнің ішіндегі «еліміз» деген сөзге синоним табайық.
Еліміз — Жеріміз — Халқымыз
Енді осы сөздермен бір-бір сөйлем құрастырып, дәптерге жазамыз.
1. Біздің елімізді бүкіл әлем біледі.
2. Кең байтақ жерімізде көп ұлт өкілдері тұрады.
3. Халқымыз тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Астан қаласы туралы толық мәлімет алу үшін біз 3 топқа бөлініп экскурсия жүргіземіз. Бұл жұмыс барысында Астана қаласының кешегісі мен бүгінгісіне, болашағына сапар шегеміз. Алдарыңа 3 топ бар.
Кешегі Астананы бізге «Тарихшылар» тобы баяндайды.
Бүгінгі Астананы бізге «Журналистер» тобы әңгімелеп береді.
Болашақ Астананы бізге «Сәулетшілер» тобы көрсетеді.
— Балалар, кім Астана қаласында болды? (Оқушылар қолдарын көтереді).
— Жақсы. Осы балаларға алдын ала үйге Астана қаласының көрнекті жерлері туралы фотосуреттері бойынша әңгіме дайындап келуге берілген. Тақтада «Менің фотосуретімнің тарихы»
Ортаға 1-топтан Ира шығып әңгімелейді. Слайд: «Байтақ дала төсіндегі мұхит тамшысы»
Мен Астана қаласына барғанымда таң қалдырған, ерекше әсер еткен «Думан» ойын-сауық кешені. «Думан» ойын-сауық орталығының Мұхитаралы — ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көп мұхиттан 3 мың шақырымнан астам қашықтықта алыстаған жалғыз мұхит арал. Мұхитаралдың су қоры 3 миллион литрді құрайды. Мұхитарал түбінде шыныдан жасалған 70 метрлік дәліз бар және әр түрлі көлемді 11 аквариумды 2 үлкен көрме аймағынан тұрады. Мұнда жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100 астам түрінен тұратын 2 мыңнан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда.Онда скат, ақ акула, теңіз жұлдыздары, шаянды, медузаны және басқа балық түрлерін көруге болады.
Ортаға 2-топтан Алина шығып, әңгімелейді. Слайд: «Астана-Бәйтерек» монументі. Меніңше, Астана қаласының ең көрнекті жері — Бәйтеректен басталады. Оның биіктігі — 97 метр. Ең жоғарғы қабатына көтерілсек, біздің көз алдымызда шексіз дала көрінісі алақанда тұрғандай болып көрінеді және залдың ортасында малахит үстінде 7 килограммдық күміс қойғышта, 3 килограммдық алтыннан құйылған біздің Президентіміздің қолының таңбасын көруге болады. Келген қонақтар қолдарын қойып, тілек тілейді.
Астана-Бәйтерек монументі кешенін салу идеясының авторы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Н.Назарбаев болатын. «Бәйтерек» бейнесі — өмір ағашы деген мағынаны білдіреді. Бұл тек архитектуралық ескерткіш ғана емес, еліміздің кешегі мен бүгінгінің және жарқын болашағының бірегей көрінісі.
3-топтан Слава шығып сөйлейді. Слайд: «Қазақстанның „Атамекен“ картасы». Қазақстанды алақандағыдай көру, оның сәулеттік — ландшафтық тарихымен танысу үшін «Қазақстанның „Атамекен“ картасы» тарихи-этнографиялық кешеніне баруға болады. Табиғат пен адамның берген барлық сыйымен танылатын бүкіл Қазақстанның шағын бейнесі 1,7 га. Алаңында көрсетілген. Картада 14 облыс пен республикалық дәрежедегі 2 қала — Астана мен Алматыда орналасқан. Саябақтың ең қызықты нысаны, қолдан жасалған таулары, көлдері және рәміздермен бөлінген ірі қалалары бар, республика макеті болды.
«Қазақстанның „Атамекен“ картасы» тарихи-этнографиялық кешені 2001 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанның астанасында Президент бастамасы бойынша ашылды. Қалалардың елдер мен халықтардың тарихымен таныстырудың осындай ғажайып, қызғылықты әдісі қазір көптеген елдерде кең тараған: әлемде осындай 17 саябақ бар.
— Міне, балалар, көрдіңдер ме, Астана қаласында қандай әдемі, көрікті таң қаларлық жерлері бар.
— Қазақстанның тағы қандай қалалары астана болды? Олардың тарихына шолу жасайық. Ол туралы мәліметтерді «Тарихшылар» тобы айтып береді.
1. оқушы картадан Түркістан қаласын көрсетіп жұлдызша белгілейді. Түркістан қаласы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы, Шымкент қаласының 225 шақырым жерде Сырдарияның оң жақ жағалауында орналасқан. XV ғасырдан бастап Түркістан деп аталды. Ескі атауы «Шабғар».
2. оқушы картадан Қызылорда қаласын көрсетіп жұлдызша белгілейді. Қызылорда қаласының тарихы бай. Қызылорда XIX ғасырдың ортасында Ақмешіт бекінісі деп аталған. 1908 жылға дейін Ақмешіт кейін Петровск деп аталған. 1925 жылдан бастап Қызылорда деп аталды. 1925-1929 жылдар аралығында Қазақстан астанасы болды.
3. оқушы картадан Алматы қаласын көрсетіп жұлдызша белгілейді. Алматы Қазақстан Республикасының 3 астанасы. Алматы ең әдемі қалалардың бірі. Ол 1854 жылы бұрынғы «Алмалық» деген қазақ қыстағының орнына салынған Верный бекінісі, кейін Верный қаласы болды. 1921жылдан Алматы қаласы деп аталды. Ал, 1929-1998 жылдарға дейін Қазақстан мемлекетінің астанасы болып саналды.
Мұғалім: — Енді балалар, Астана қаласының өзіндік тарихы бар. Оны біз сендермен алдарыңа берілген мәтін бойынша танысып аламыз.
Мәтінмен жұмыс: Астана қаласы бұрынғы аты Ақмола Есіл өзенінің бойында 1824 жылы әскери бекініс ретінде пайда болған. Қаланың негізі 1861 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді. Президентіміз Н.Назарбаев жарлығымен 1997 жылы 10 желтоқсанынан бастап Целиноград қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атау Астана болып өзгертілді.
— Осы мәтіннен не түсіндік, не білдік?
Грамматикалық тапсырма: Мәтіннен септікте тұрған зат есімдерді теріп жаз, кестені толтыр.
Атау |
Ілік |
Барыс |
Табыс |
Жатыс |
Шығыс |
Көмектес |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бүгінгі Астана қаласы жайлы «Журналистер» тобы сұхбат жүргізеді. (тіл дамыту, рөлдік ойын)
Журналист: — Сәлеметсіз бе?
Турист: — Сәлеметсіз бе?
Журналист: — Сіз Астан қаласына бірінші рет келіп тұрсыз ба?
Турист: — Жоқ, мен Астана қаласына екінші рет келіп тұрмын. 10 жыл бұрын болғанмын.
Журналист: — Осы 10 жыл ішінде Астана қаласында өзгерістер болып па?
Турист: — Иә, әрине.Астана қаласы осы 10 жыл ішінде таң қаларлықтай тез өсіп көркейіпті.
Журналист: — Астана қаласына қандай тілек айтар едіңіз
Турист: — Менің айтар тілегім мынадай: көркейіп, гүлденіп өсе берсін, әлемдегі ең сұлу, әдемі қалалардың қатарларына қосылсын.
Журналист: — Тілегіңізге көп рахмет, сау болыңыз!
Турист: — Сау болыңыз!
Грамматикалық тапсырма. «Қала» сөзін септеңдер.
Болашақтағы Астана қаласы жайында «Сәулетшілер» тобына сөз берейік. Бұл топтағы балалар Астанамызды болашақта қалай елестететінін суреттеп әңгімелейді.
Үйге берілетін тапсырма Астана қаласы туралы шағын шығарма жазып келу. Тақырыбы «Менің Астанам».
- 32362 просмотра