Сабақтың тақырыбы: дыбыстар әлеміне саяхат
Айгүл Төлегенова Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы № 1 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі |
8-сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың алған білімдерін жинақтап қорыту, тексеру.
Дамытушылық: тез ойлау, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру. Оқушының ақыл-ойын, білімге ынтасын дамыту, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, тілді құрметтей білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, кәртішкелер, тірек-сызба.
Сабақтың әдәс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.
Кіріспе сөз. Бүгінгі сабағымызды мына өлең жолдармен бастағым келеді:
Алфавитті біліңдер,
Онда жүйе қалып бар!
Біздің қазақ тілінде
Қырық екі әріп бар.
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: дыбыстар әлеміне саяхат
Бүгін біз, сендермен бірлесіп, дыбыстар әлеміне саяхат жасаймыз. Саяхат сабағы болғандықтан алдымен байқаушыларды тағайындап алайық. Қазір сендер екі топқа бөлінесіңдер.
Сабағымызды бастаймыз Қазір экраннан ерекше дыстарды көресіңдер, әр дыбысқа байланысты сөздер берілген, сол сөздерді іштеріннен оқып, есте сақтауларын керек. Сосын әр топтан бір оқушы шығып сөздерді тақтаға жазады. Қай топ көбірек сөз жазады, сол топ жеңіске жетеді.
Жарайсыңдар, жақсы
Бұл аялдамада әр топтан бір оқушы шығады, үстелде жатқан суреттерден өз тақырыбына байланысты суреттерді бөліп алып, әңгімелеу.
Қазір біз ойын ойнаймыз. «Қай әріпті жоғалттым?» Берілген сөздердегі жоғалған әріптерді тауып, оқу.
Сендер қандай құстарды білесіңдер?
Ендеше, қазір әр топ қарлығаш болып, сергіту сәтін жасайды. Қай топ әдемі жасайды, сол топ жеңеді.
СЕРГІТУ СӘТІ
ҚАНЕ, ҚАНАТ ЖАЗАЙЫҚ.
ҚАРЛЫҒАШ БОП ҰШАЙЫҚ.
ҰШЫП, ҰШЫП АЛАЙЫҚ,
ОРНЫМЫЗҒА ҚОНАЙЫҚ.
Жақсы, келесі аялдамаға көшеміз.
Берілген тірек сызбаны толтырасыңдар. Толтырып болған соң тірек сызбаны сөйлетесіңдер.
Жарайсыңдар.
Келесі аялдамаға көшейік.
«Кім жылдам?» аялдамасының мақсаты берілген сөзден көбірек сөздер құрастыру.
Жақсы, жарайсыңдар.
Сөз кезегін байқаушыларға береміз.
Сабақты қорыту.
Бағалау.
Қоштасу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- С. Дүйсебаев, Г. Байтилеуова, А. Кошкари, Г. Боранбаева Қазақ тілі оқулығы
- Т. А. Саутова Қазақ тілі
- 8812 просмотров