Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Габдуллина Айгуль Тугелбаевна учитель казахского языка и казахской литературы ГУ «Средняя школа № 6 отдел образования г. Костанай» |
Сынып: 5 «Б, В»
Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халық ертегісі, олардың ерекшеліктері.
Дамытушылық: Қазақ халқының ауыз әдебиетіне қызығушылық ынтасын тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, мазмұнын өз сөздерімен айтып беруге жаттықтыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ
Сабақтың әдісі: жалпы топтық, жұмыс, әңгімелесу, сұрақ — жауап.
Пайдаланған көрнекіліктер: шарлар, гүлдер, ұлағатты сөздер, кітаптар, суреттер, компьютер.
Өтетін жері: 304 кабинет
Қатысқандар: Артюх Дарина, Завгородний Федор, Казанбасов Темирхан, Козлов Виктор, Сидельникова Луиза, Лен Кристина, Диде Екатерина, Крамер Дмитрий, Сидельникова Изабелла, Вертянкина Яна, Майник Нино, Рерих Анастасия.
Байқаудың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
— Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар!
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
1 — жүргізуші
«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»
— Ал ертегі дегеніміз не? (Ертегі халық ауыз әдебиетінің түрі, халық шығармасы, халық мұрасы.)
— Ертегілер неше топқа бөлінеді? (қиял — ғажайып, хайуанаттар туралы, тұрмыс — салт ертегілері)
Сахнада көрінісі: бірінші ергегі «Алдар көсе мен бай».
Авто сөзі: Алдар көсе байдың қойын жайыпты. Жайып жүріп, бір күні шықпақ болыпты. Байдың баласы жоқ екен. Қойнына ыстық нанды тығып, қойына кетіп бара жатса, Алдар көсе келіп:
Крамер Дмитрий: — Бай, сенімен құшақтасып кетейін,
— Ит жегір-ай!
— Ит жегенше, мен жейін
Казанбасов Темирхан:
— Байеке, байеке, жіңішке бізіңізді бере тұрсаңыз. Етігімді тігіп алайын,
Казанбасов Темирхан: — Үйге барсаң, қатын береді,
— Бай Жіңішкебізді маған ал деді, — деп, қатынына айтыпты. Қатыны «бермеймін» десе, Алдар көсе байға айқай салыпты.
Крамер Дмитрий: — Бер,
Курдани Никита: — Тазым, тазым, басыңды жазып берейін бе? — депті. Таз:
— Мақұл, — депті.
— Көк серкеңді әкел, — деп, серкені сойып, қарнын-жынын таздың басына қаптап:
— Сен енді осы құдыққа түсіп, жылын. Қасыңа бір ешкі байлап қоясың. Сол ешкі маңырағанда, тазың кетеді,—деп, ешкіні байлап кетіпті. Сөйтсе, қой кетіп қалыпты. Алдар көсе Жіңішкебізбен келе жатса, бір қарт қос айдап жүрсе, сартқа келіп, Алдар көсе қартқа айтыпты.
— Сарт, мен сенің үйіңнен тамақ ішіп шықтым. Қатының тамағыңды даярлап тұр, маған «сен айдай түр» деді, — депті. Сарт сеніп, үйіне кетіп қалса, өгізінің құйрығын кесіп, жерге қадап, екі өгізді Жіңішкебізбен бір белдің астына апарып қойып, сартқа айқайлапты.
— Сартақ сарт, өгізің жерге кіріп кетті,— деп айқайлайды. Сарт келіп, құйрықты тартса, Алдар көсе «жұлынады, тартпа» десе, сарт болмай, жұлып алыпты.
— Әне, жұлма десем де, жұлды.
Сарт жерді қазып-қазып, таба алмай, сарт үйіне кетіпті.
Алдар көсе Жіңішкебізді, екі өгізді алып, жолына түсіпті.
2 — жүргізуші:
— Балалар, қандай ертегіні сахнада көрдік?
— Балалар жауабы: «Алдар көсе мен бай».
— Алдар көсе туралы біз не білеміз?
— Ол қандай адам болған?
— Сахнада келесі ертегіні көреміз?
«Түлкі мен ешкі»
Автор сөзі: Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
Курданин Никита: — Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? — депті.
Сидельникова Изабелла: — Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, — депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», — деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
2 — жүргізуші:
— Балалар, бұл қандай?
— Түлкі қалай шықты?
— Ешкі не істеді?
— Келесі ертегі
«Қожанасыр тойға баруы»
Автор сөзі: Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», — демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:
Завгородний Федор: Қожеке, алыңыз, алыңыз! — деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
Казанбасов Темирхан: Же, шапаным, же! — деп, отыра береді.
Үй иесі:
Завгородний Федор: Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? — дейді.
Сонда Қожа:
Казанбасов Темирхан: Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! — деп, жауап береді.
1 — жүргізуші:
— Ертегі кім туралы?
— Оқушылар өз пікірін айтады
— Келесі ертегіні көрейік?
«Мақта қыз бен мысық»
Автор сөзі: Баяғыда Мақтақыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз:
Паульс Дарья: Келмесең келме! — деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
Бабич Антонина: Неге шақырдың? — деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
Паульс Д.: Ендеше қатығыңды төгем! — дейді.
Мақта қыз:
— Мен құйрығыңды кесіп аламын! — дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
— Апа, апа, құйрығымды берші! — дейді.
Мақта қыз:
— Менің қатығымды төле! —дейді.
Сидельникова Луиза: Мысық сиырға барады.
— Сиыр, маған қатық берші! — дейді.
Сиыр:
— Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! — дейді.
Козлов Виктор: Мысық ағашқа барып:
— Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! — дейді.
Ағаш:
— Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, — дейді.
Артюх Дарина, Диде Екатерина: Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
— Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! — дейді.
Қыздар оған:
— Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, — дейді.
Мысық дүкенге барады.
Майник Нино: — Әй, дүкенші, маған сағыз берші! — дейді.
Дүкенші:
— Маған жұмыртқа бер! — дейді.
Лен Кристина: Мысық тауыққа барады.
— Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! — дейді.
Тауықтар:
— Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, — дейді.
Мысық: «Енді не қыламын?» — деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді.
Мысық тышқанды бас салады.
— Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? — дейді.
Рерих Анастасия: Тышқан қорыққанынан:
— Үйімде бір табақ тары бар, — дейді.
Мысық:
— Маған бір уыс тары бер, — дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.
Қорытынды:
— Ертегі еліне саяхат жасау сендерге ұнады ма?...
— Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен, олар керек бір біріне көмекке келеді. (Барлық оқушылар ертегілер ән айтады)
2— жүргізуші:
— Олай болса әділқазылар мүшелерінің қорытындысын тыңдайық.
— Жарайсыңдар балалар! Бүгін бәрің өте әдемі болып, жақсы қатысып отырсыңдар. Сендерге рахмет. Орнымыздан тұрамыз. Балалар қонақтарға не дейміз.
Балалар: Сау болыңыздар!
- 28815 просмотров