Сабақтың тақырыбы: Ғарыш айлақ — Байқоңыр
ОҚО, Шымкент қаласы, Кеңес Одағының Батыры С. Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Козбагарова Бактыгуль Мусиркуловна |
Сабақтың мақсаты: Еліміздің мақтанышы — Байқоңыр ғарыш айлағы туралы білімдерін кеңейту. ҰБТ-ға дайындық ретінде сан есім сөз табын пысықтау.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін; сөз қорын, сөйлеу мәнерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру; патриоттық сезімдерін ояту; қазақ жеріне деген құрметті тәрбиелеу; мәдениаралық қарым-қатынас маңызын түсіндіру; көшбасшылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Пәндермен байланысы: Орыс тілі, география, тарих, қоғамтану.
Оқу нәтижелері:
- Байқоңыр — Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңының іргесі 1955 ж. қаланғанын біледі.
- Қорқыт атамыз туған жері Сыр елін: — «Бұл жер-жердің кіндігі», — деп не себептен атағанын біледі.
- Байқоңыр — ғарыш алаңы, дүниежүзіндегі 20-дан астам ғарышайлақтардың ішіндегі ең ірісі екенін біледі.
- «Байқоңыр» ғарышайлағының орналасуы еліміздің әлемге ғарыш саласы дамыған мемлекет ретінде танылуына мүмкіндік тудыратынын біледі.
- «Байқоңыр» бүгінгі таңда халықаралық ғарышайлақ болып та табылатынын біледі.
- Байқоңыр ғарыш айлағымен қатар, Қазақстанда Байқоңыр қаласы, Байқоңыр ауылы, Байқоңыр өзені, Байқоңыр метро станциясы бар екенін біледі.
- 12763 просмотра