Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аймақтары
Маутбаева Тойжан Байқуанышқызы, екінші санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, СҚО Қызылжар ауданы, Пресновка ауылы, «Пресновка орта мектебі» КММ |
Сынып 9
Қазақ тілі
Сабақтың мақсаты: Қазақстан аймақтарымен таныстыру
1. Білімділік. Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру, салалас құрмалас сөйлемді еске түсіру;
2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардыңдүниетанымын кеңейту;
3. Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.
Сабақтың көрнекіліктері: ҚР-ның картасы, суреттер, АКТ, презентация.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: диалог оқыту, әңгімелесу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу,
Сабақтың мақсатын айту,
Жаңа тақырып түсіндіру.
ІІ. Ұй жұмысын тексеру: Мұражай туралы 10 сөйлем құрастыру
Өткен тақырып бойынша сұрақтар.
1. Мұражай сөзі нені білдіреді?
2. Мұражай қандай топтарға бөлінеді?
3. Балалар, ұлттық мұражай қайда орналасқан?
4. Балалар, тағы қандай мұражайларды білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушыларды психологиялық дайындау (эмоциялық). «Ыстык алақан» тренингісін жүргізу.
— Оқушыларды топқа бөлу. Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан ерекше болмақ, себебі біз 5 топқа бөлініп, 5 аймақ бойынша зерттеу жұмысын жүргіземіз.
Жаңа сабақ бойынша қызығушылықтарын оятамын.
Оқушылардың топтық әрекеті:
1. «Солтүстік Қазақстан аймағы» тобы — Петропавл ірі өнеркәсіптері туралы айтады. Диалог құрастырды.
2. «Оңтүстік Қазақстан аймағы» тобы — географиялық орналасуы мен қалалардың көлемін анықтайды. Синтаксистік талдау жасайды.
3. «Батыс Қазақстан аймағы» тобы — мәдени орындары, тарихи ескерткіштері туралы айтып, морфологиялық талдау жасайды.
4. «Шығыс Қазақстан аймағы» тобы — ШҚО не өндіреді екенін айтып, кластер жасады,
5. «Орталық Қазақстан аймағы» тобы — кесенесі туралы әңгімелейді, сөзжұмбақ жасайды.
Ал енді балалар интерактивті тақтаға қарап, аймақтарға кішкене шолу жасайық.
Қазақстанның экономикалық аймақтары: Солтүстік аймақ, Оңтүстік аймақ, Батыс аймақ,
Шығыс аймақ, Орталық аймақ. (1 слайд)
2-слайд. Солтүстік Қазақстан аймағы
а) Басты өнеркәсіп орталықтары: Петропавл, Қостанай, Көкшетау
ә) Кен байлықтары: темір, асбест кен орындары, Соколов-Сарыбай темір рудасы.
б) астығы мол өлке
3-слайд. Оңтүстік Қазақстан аймағы.
а) Басты өнеркәсіп орталықтары: Алматы, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл.
ә) Кен байлықтары: мұнай, түсті металл.
б) жер асты кендері
4-слайд. Орталық Қазақстан аймағы. (Сарыарқа деп аталатын аймақ)
а) Басты өнеркәсіп орталықтары: Қарағанды, Жезқазған, (Ақмола, Павлодар облыстарының біраз бөлігін қамтиды)
ә) Кен байлықтары: көмір, мыс, қорғасын, мырыш, алтын, темір, марганец, вольфрам, молибден, мұнай, түсті металдар т. б.
б) жер асты кендері
5-слайд. Батыс Қазақстан аймағы.
а) Басты өнеркәсіп орталықтары: Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Ақтау.
ә) Кен байлықтары: мұнай, жанармай, түрлі ас тұздары
б) жер асты кендері мол.
6-слайд. Шығыс Қазақстан аймағы.
а) Басты өнеркәсіп орталықтары: Өскемен, Семей, Алтай.
ә) Кен байлықтары: түсті металл, алтын, қорғасын, мырыш.
б) жер асты кендері.
Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 99 элементі кездеседі, соның 70 элементінің қоры мол. Оның 60 түрі өндіріледі, 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар алынатын кен орындары ашылған.
Сабақты бекіту Кластер жасап, сұрақ — жауап арқылы сабағымызды аяқтаймын.
Үйге тапсырма: Солтүстік Қазақстан облысы туралы эссе жазып келіңдер.
- 21877 просмотров