Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Жылқышиев Ұ.Ж.,
Айыртау ауданы Айыртау
орта мектебінің тарих
пәнінің мұғалімі
Қазақстан тарихы 11-сынып
Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан ауыл шаруашылығында Кеңес үкіметінің жүргізген саясатын түсіндіру; жан-жақты мәлімет бере отырып, білімдерін толықтыру; ҰБТ-ке дайындау.
Сабақтың міндеттері
Білімділік: ЖЭС, күштеп ұжымдастыру, олардың ерекшеліктері мен қиыншылықтары туралы айту;
Дамытушылық: оқушылардың білімдерін тереңдету, ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділігін шыңдау, ойларын дамыту;
Тәрбиелік: отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, кестелер, тірек-сызбалар, сөзжұмбақ, слайдтар, тест, кеспелер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: лекция, пікірлесу, өзіндік жұмыс, ізденіс.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
— 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммиті
— 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні туралы (2 мин.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
— Тестпен жұмыс (3 мин.)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
— Сөзжұмбақ шешу (2 мин.)
Сөзжұмбақ
Тапсырма: Егер көлденең тұрған сөздерді дұрыс тапсаңдар, тігінен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын оқи аласыңдар.
1 | |||||
2 | |||||
3 |
1. «Ту» сөзінің синонимі.(Жалау)
2. Грекше «халық».(Этнос)
3. Құспен аң аулау.(Саят)
Жаңа материалдың жоспары:
- Ауыл шаруашылығындағы жағдай және халықтың әлеуметтік тұрмысы.
- Жаңа экономикалық саясатқа көшу қажеттігі, оның ерекшеліктері мен қиындықтары.
- Жер-су реформалары.
- ЖЭС-тың нәтижесі.
- Шаруаларды жаппай ұжымдастыру және отырықшыландыру.
- Асыра сілтеушіліктер мен зорлық-зомбылық.
- 1931-1932 жылдардағы қуаңшылық және ашаршылық.
- Жергілікті халықтың республикадан тыс жерлерге қоныс аударуы.
- Зорлық-зомбылықтарға қарсы наразылықтар, көтерілістер.
- Ұжымдастыру қорытындылары.
— Сызба арқылы тақырыпты түсіндіру.
ІҮ. Өзіндік жұмыс
Тапсырма:
— Кестедегі даталар мен түсініктерді ретке келтіріңдер.
1918-1921 жылдар | ЖЭС |
1928-1940 жылдар | Шаруалар көтерілісі |
1921-1928 жылдар | Ұжымдастыру |
1929-1931 жылдар | Ашаршылық |
1931-1933 жылдар | Әскери коммунизм |
Ү. Кеспемен жұмыс
ҮІ. Картамен жұмыс
— Қазақстандағы ашаршылық қамтыған аумақтарды, асыра сілтеушіліктер мен зорлық-зомбылықтарға қарсы болған көтеріліс аудандарын көрсете білу.
ҮІІ. Қорытындылау
ҮІІІ. Бағалау
ІХ. Үйге тапсырма:
16-§. Сұрақтарға жауап беру; тест сұрақтарын құрастыру.
Источник: СК ИПК ППК
- 24244 просмотра