9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Сабақтың тақырыбы: Менің бөлмем

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Халимулина Индира Куанышевна учитель казахского языка, первая категория, стаж 10 лет. КГУ «Первый городской общеобразовательный лицей» Казахстан, СКО, Петропавловск

Сабақтың тақырыбы: Менің бөлмем

Сынып: 4 «В2»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөйлеу барысында жіктік жалғауларын дұрыс қолдана білуге жетелей отырып, өз бөлмесі туралы сұрақ-жауап арқылы әңгіме айта білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойландыру.

Сабақтың көрнекілігі: моноблок, плакат, сурет қималары.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі

— сәлемдесу

— «шаттық шеңбері» 

Амансың ба, көк аспан,

Амансың ба, жер АНА

Амансың ба, жан досым,

Өзіңді көріп қуанам.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ыстық орындық » арқылы мәтінді мазмұндайды.

— Оқушыларға сурет қималарын таратып, топқа бөлу: (үш топ –ас бөлмесі, балалар бөлмесі, қонақ бөлмесі)

ІІІ жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту: теледидардан балалар бөлмесі көрсетіледі.

Мынау қандай бөлме?

Сендерде өз бөлмелерің бар ма?

Онда қандай заттар бар?

Айтылым әрекеті:

Бөлме - комната

Таза – чистый (-ая)

Жарық – светлый (–ая)

Шаң – пыль

Шаңсорғыш – пылесос

Кілем – ковер

Еден – пол

Берілген сөздерді қайталап айту;

Сөздерден сөз тіркестерін құрастыру;

Сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру.

Жазылым әрекеті: әр топ тапсырма алады.

Мынау – менің бөлмем. Менің бөлмем кең және жарық. Менің бөлмем таза. Мен заттарымды жинаймын. Мен еден жуамын, шаң сүртемін. Мен кілемді шаңсорғышпен тазалаймын.

«Ас бөлме» - мәтінді мәнерлеп оқиды, орыс тіліне аударып  жазады.

«Балалар бөлмесі» -  мәтіннен бөлмені сипаттайтын сөздерді көшіріп жазады

«Қонақ бөлме» - мәтіннен етістіктерді көшіріп жазады.

Балалар, кәнеки жіктік жалғауды еске түсірейік .Берілген сөздерге жіктік жалғау жалғайық

Жуамын.                       Сүртемін                  Тазалаймын.

Мен жуамын

Сен жуасың

Сіз жуасыз

Ол жуады

Сергіту сәті. «Көңілді күн»

ІҮ. Бекіту

Топтастыру стратегиясы арқылы өз бөлмелеріне кластер толтырыңдар.

«Ас бөлмесі»                   «Балалар бөлмесі»       «Қонақ бөлмесі»

Ү. Қорытынды.

Бүгін сабақта қандай жаңа сөздерді білдік?

Біздің үйде қандай бөлмелер бар екен?

ҮІ . Бағалау  «Бағдаршам» тәсілі арқылы бағалау

Категория: