Сабақтың тақырыбы: «Не қайда сатылады?»
Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы «Власовка орта мектебі» КММ, қазақ тілі мұғалімі Жантлесова Марал Уразылевна |
3-сынып, Қазақ тілі
Мен, бен, пен жалғауларын қайталау
Сабақтың мақсаты:
- білімділік — жаңа сөздерді білу, ол сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра алу, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу, мәтінді түсініп оқи алу, сұрақтарға жауап бере алу, мен, бен, пен жалғаулары бойынша білімдерін кеңейту;
- дамытушылық — сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың қисынды ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру;
- тәрбиелік — адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаң ойлауға, өз ойын қорыта айта білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұраққа жауап беру, ойтолғау, мәтінмен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық кабинет, бор, тақта, слайд суреттері,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
— Балалар, бүгін біздің сабаққа көп қонақтар келіп отыр. — Кәне, ендеше амандасайық.
— Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!
2. Сөйлесу
1) 2 оқушы тақтаның алдына шығып, өзара диалог құрастырады.
2) Мұғалім балаларға бір-бір сұрақтан қояды.
3. Үй жұмысын тексеру
Етістіктің болмысыздық жұрнақтары.
-ма,-ме, -ба, -бе, -па, -пе.
(Үйде бірнеше мысалдар құрастыруы керек еді)
Бағалау.
ІІ. Жаңа сабақ
1. Слайд.
— Балалар, қандай деген сұраққа жауап беретін бірнеше мысалдар келтіріндер.
ҚАНДАЙ? — тәтті, дәмді, ащы, қатты, жұмсақ, т.б.
(Тақтада 1 оқушы орындайды)
1. Сөздікпен таныстыру
Маған — мне
Керек — нужно
Беріңізші — дайте мне
Сатып алдым(қ) — купил(а)
Барлығы — всего
Ала ғой — возьми-ка
Қанша төлеу керек? — сколько надо платить? — берілген сөздерді дауыстап оқу. Сөздермен сөз тіркестер құрастыру.
2. Слайдқа назар аудару
2 слайд. Сурет бойынша сұрақтар құрастырып, дәптерге жазады.
М: сүт, май, шай барлығы қанша тұрады?
3 слайд. Ойтолғау.
— Балалар, қалай ойлайсыңдар дүкенде не сатады? (балалардың жауаптары)
— Жақсы.
— Ал, сүт, май, шай, айран, іоһрішмік бұларды қай дүкенде сатады?
— Дәптер, қалам, қарындаш олар қайда сатылады?
— Балалар сонымен қандай дүкен түрлері бар?
(топтастырады дүкен түрлерін)
Жқмбақ жасыру.
Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ.
Ол не?(...) тұз.
— Тұз деген қандай сөз? — жуан сөз. (себебін түсіндіреді)
3. Дәптермен жұмыс. Өткен білімді пысықтау
1 — тапсырма. Мына сөздерге тиісті жалғау қойып көшіріп жаз.
— мен, бен, пен.
Нұрлан ... Дидар мектепте жүр.
Камила ... Самат базарда.
Қарлығыш ... Меруерт сабақта отыр.
Ораз ... Жанат көшеде жүр.
Самат ... Салима дүкенде нан сатып алды.
Айгүл ... Ерболат вокзалда отыр.
2 — тапсырма. Сұраулық шылауларды жалғап жаз. AKTIV-бағдарламасы бойынша.
(өз-өздерін тексереді)
май ...? айран ...?
қант ...? алмұрт ...?
дүкен ...? мектеп ...?
дәптер ... ? қолғап ... ?
4. Сергіту сәті «Қара жорға» биі орындалады
5. Мәтінмен жұмыс
1. Сөйлемдерді оқы.
2. Мәтінді аудар.
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр
Абай көшесінде азық-түлік, кеңсе тауарлар, жемістер мен көкөністер, киім, ойыншықтар дүкендері орналасқан. Әжем мен Болат киім дүкенге барды. Олар Болатқа етік, қолғап, шалбар, жейде сатып алды. Барлығы екі мың төрт жүз теңге тұрады
ІІІ. Қорытынды
— Балалар, азық-түліктер, кеңсе тауарлар, құрал-саймандар — бәрі қайда сатылады?
(Оқушылар сабақ бойы алған білімдерін диалог қорытындылайды)
Не қайда сатылады? — сұрағы бойынша.
Үй тапсырмасы: Үйге жаңа сөздерді жаттау.
Шығармашылық жұмыс Өздерлеріне қай тауар түрі ұнайтын дүкен бойынша коллаж жасау, оны қорғау.
Бағалау.
- 10576 просмотров