Сабақтың тақырыбы: Ол не істейді?
Ибраева Мархабат Даировна учитель казахского языка и литературы СШ№ 16 отдела образования акимата г. Костаная |
Сабақ: Қазақ тілі
Сынып: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ол не істейді?
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Келер шақ туралы түсіндіру. Тақырып бойынша тапсырмалар орындап, ауыз екі сөйлеуге баулу.
Дамытушылық: Сөйлемдерді өрбітіп, дамытып жазу арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Уақытты дұрыс пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, ізденушілік, сұрақ — жауап, әңгімелеу
Көрнекіліктер: суреттер, тірек кестелер, слайдтар
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
Сәлеметсіздер ме оқушылар! — Бүгін нешесі? — Аптаның қай күні? — Қазақ тілі нешінші сабақ? — Үйге не берілді? |
Сәлеметсіз бе!
— Бүгін бесі — сәрсенбі — үшінші сабақ |
Үй тапсырмасы |
Балалар үй тапсырмасын жаттап келдіңдер ме?
|
Иә жаттап келдік |
Жаңа сабақ Грамматикалық минимум |
Келер шақ етістікке -а, -е, -й. жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жейді Сөйлейді, ұйықтайды, ішеді, барады |
Оқушылар дәптерлеріне жазып алады. |
Жаңа сөздер |
Ішу — пить Жеу — кушать Емдеу — лечить |
Оқушылар хормен қайталайды |
Сурет бойынша жұмыс |
Сурет бойынша жұмыс
|
Оқушылар дәптерлеріне жазбаша орындайды. |
Сергіту сәті |
Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым Бiр орнымда қозғалып, Кезек басып тұрамын. Жоғары, төмен қарайық. Орнымызды табайық.
|
Оқушылар мұғаліммен бірге қайталайды |
Тапсырмалар орындау |
1-тапсырма Диалогты досыңмен оқы.
2-тапсырма. Сызба бойынша сөйле. Әркім бір сөйлемнен құрап отырыңдар. Жейді, сатып алады, көреді, ойлайды, сөйлейді,жұмыс істейді, ішеді, ұйықтайды, жұмыс істейді, отырады. 3-тапсырма. Сұраққа жауап бер. Дәрігер не істейді? Сатушы не істейді? Құрылысшы не істейді? Әнші не істейді? Суретші не істейді? |
Оқушылар бұл тапсырма ауызша орындайды
Оқушылар аталған жазба жұмысын дәптерлеріне орындайды.
|
Үй тапсырмасын беру |
Келер шақтың жұрнақтарын жаттау 4-тапсырма 167 бет. Жаттау. |
Оқушылар үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазады.
|
Бағалау |
Оқушыларды мүмкіндіктерінше бағалау |
Баға алған оқушылар күнделіктерін әкеледі.
|
- 16554 просмотра