Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов
Астана қаласының № 22 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Арыстанова Рысты Рүстемқызы |
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ш.Уәлиханов туралы кеңінен мағлұмат алады, алған білімін практикалық жолмен көрсетеді. Тақырып аясында сөйлеу, талдау, сәйкестендіруге дағдыланады
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, оқу материалын іріктеу, тұжырымдау, алған білімін пайдалана білу дағды мен біліктерін дамыту
Тәрбиелік: қазақ халқының атақты адамдары, тарихи тұлғаларын мақтан етіп, Отанына келешекте адал кызмет етуге, білімділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы, панорамалық
Сабақтың әдісі: тыңдалым, оқылым, айтылым, сұрақ- жауап, жартылай ізденіс, озық тапсырма, талдау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнематериал, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрау
ә) Оқушыларды түгелдеу
Сабақ айдары:
Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады.
Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол —
одан із қалады, іс қалады, сөз қалады.
Пікір алмасу.
— Қандай адамдардан із, іс, сөз қалады?
— Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер? (тақтада ұлы тұлғалардың портреттері)
— Кез келген қарапайым адам артына із қалдыруы мүмкін бе?
ІІ. Ой қозғау
— Бейнесюжет тамашалау / Сабақты бастамай тұрып, бейнесюжет көрсетіледі (Ш.Уәлиханов көшесі). Оқушылар көрсеткен бейнесюжет негізінде сабақ кім туралы екенін, сабақтың тақырыбын анықтайды. Тақырып арқылы сабақтың мақсатын айқындайды.
— Балалар, бұл қай көше, кімнің атында?
— Бүгін сабақ кім туралы болмақ?
— Сабақ мақсаттарын бірге айқындайық? / оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды/
ІІІ. Білімдерін өзектендіру / білімдерін жаңғырту/
Ой қозғау / ассоциативтік картамен жұмыс: байланысын дәлелдейді/
ІV. Жаңа сабақ:
— Артына өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бірі — Шоқан Уәлиханов. Бүгінгі сабақта біз Ш. Уәлихановтың өмірі, ғылыми қызметі туралы қосымша жаңа мәлімет аламыз. Осы тақырыпқа байланысты озық тапсырма бойынша дайындалған оқушыларды тыңдайық / жобалар тыңдалады/
І жоба «Шоқан-ғалым»
ІІ жоба «Шоқан — этнограф»
— Ш.Уәлиханов туралы жаңадан не білдіңдер?
— Шоқанды «сегіз қырлы, бір сырлы» адам деуге бола ма, болса дәлелдеңдер
V. Сабақты бекіту:
а) компьютермен жұмыс / жеке компьютерлерінен мәтін тыңдайды/
Қазақтың зерттеуші ғалымы — Шоқан
Ш. Уәлиханов қазақ халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен этнографиясын зерттеген. Ыстықкөл аймағына барып, қырғыз, ұйғыр, дүңген, қытай халықтарының тарихын да зерттеді. Қырғыз халқының «Манас» жырын қағазға түсірді. Ол — саяхатшы — ғалым. «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Іле өлкесінің географиялық очеркі» атты еңбектерін жазған. Шоқан — қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы, саяхатшы — ғалым. Шоқанның еңбектері, өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай береді.
өзара сұрақ-жауап
ә) Интерактивтік тақтамен жұмыс:/оқулықпен жұмыс 140 бет, 1-тапсырма/
1) Сандардың орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді оқиды.
1) Шоқан Уәлиханов Көкшетау 1 Құсмұрын 2 қазақ сұлтаны Шыңғыстың 3 дүниеге келді. 2) Шоқан бала 4 зерек, алғыр, ақылды, парасатты болды. 3) 12 жасында Шоқан Сібірдегі ең таңдаулы оқу 5 бірі Омбы қаласындағы кадет 6 оқуға түседі. 4) 1857 жылы жиырма жеті 7 Шоқан Орыс география 8 мүше болып сайланды. 5) Замандастары 9 шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деген.
1. А) Облысымен; ә) Облысының; б) Облысынан
2. А) Бекінісінде; ә) Бекінісі; б) бекінісінің
3. А) Отбасында; ә) Отбасы; б) Отбасының
4. А) Жасынан; ә) жасымен; б) Жас.
5. А) орындарына; ә) Орындарымен; б) орындарының
6. А) Корпусын; ә) корпусының; б) корпусына.
7. А) Жасында; ә) Жас б) Жасынан
8. А) Қоғамы, ә) қоғамына; б) Қоғамының
9. А) Шоқан; ә) Шоқанның; б) Шоқанды
Дәптермен жұмыс: /Флипчарт/
б) Берілген сөздерден сөйлем құрып, синтаксистік талдау жасайды.
1. Шыққан,тұңғыш ғалым, Шоқан Уәлиханов, қазақтан, саяхатшы, зертттеушу, және
2. Орыс, Шоқан, 22 жасында,география қоғамына, 1857жылы, сайланды, мүше болып.
3. Кадет корпусына, Омбыдағы,түседі,12 жасында, оқуға.
Зерек, Шоқан, алғыр, кішкене, алғыр, кезінен, болады.
4. Сөйлемдерді оқып шығып, түрлерін ажырат
1) Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында туды, 1865 жылы сәуір айында қайтыс болды.
2) Шоқан өте жақсы оқып, мұғалімдер оны 14-15 жасында болашақ ғалым, зерттеуші деп атады.
3) «Қазақ халқы оның жазғандарын оқыса, Шоқан өз халқының данышпаны болар еді және өз елінің әдебиетін өркендетуге негіз сала алар еді» ( Н. Т. Потанин)
VІ. Сабақты қорытындылау:
А. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап
Ә. (сұрақ-жауап)
Шоқаны бар ел — шоқтығы биік ел. (Мұғалімнің қорытынды сөзі)
V. Үйге тапсырма:
14. Үйге тапсырма. Үйде төменде берілген картаны толтырып келу. Ш. Уәлиханов қосымша материал
|
|||||
АТЫ-ЖӨНІ
|
ӨМІР ЖЫЛДАРЫ, ТУҒАН ЖЕРІ |
ОРЫС ҒАЛЫМДАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ |
АЛҒАН БІЛІМІ |
ҚЫЗМЕТІ |
ЕҢБЕКТЕРІ |
VІ. Бағалау
- 21108 просмотров