Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы»
№ 1 Федоров жалпы орта білім беретін мектебі Өткізгендер: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шагиева Нурбике Тельмановна және Пернебекова Алтынай Сайпуллакызы |
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:әңгіме сюжетімен тереңірек танысып, тақырыбы мен жазушының негізгі идеялық мұратын шығармасына сүйене отырып ашу. Кейіпкерлер жүйесін талдауға жаттықтыру.
2.Дамытушылық:оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру,өз ойын анық,толық жеткізе білуге төселдіру.
3.Тәрбиелік: әңгіме арқылы оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіш-тікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, бекіту сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырайдың портреті, шығармалары жинақталған көрме, кестелер.
Сабақтың барысы:
• Ұйымдастыру кезеңі
• Үй тапсырмасын тексеру
• Жаңа сабақ
• Мәтінмен жұмыс
• Деңгейлік тапсырмалар
• Ойын сәті
• Бекіту
• Бағалау
• Үй тапсырмасы
II.Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта Ы. Алтынсарин туралы айтылды. Енді мына схеманы толықтырайық.
Ы. Алтынсарин туралы не білесіңдер? Ол кім?
Топтастыру әдісі. Оқушылар кластерді толтырады.
Ыбырай — қазақ әдебиетінде тұңғыш рет балаларға арнап әңгімелер жазған.Әңгіме деген не?Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері неде? Оқушылар өз ойларын жазады.
Олай болса әрі қарай оқушылар семантикалық карта толтырады.
№ |
Оқиғалар |
Кейіпкерлер іс-әрекеті Асан |
Үсен |
1 |
Ауылдың көшіп кетуі. |
Айқай салып жылай бастады. |
Ауылды іздеуге дайындалады. |
2 |
Балалардың үйрекке кез болуы. |
«Үйректі тірі алып,ойнап барайық» — дейді. |
Қылдан тұзақ есіп,ұяға құрып,үйректі ұстап алуы. |
3 |
Түскі тамақ. |
Үйректі қалай пісіріп жеуді білмей абыржыды. |
Мақта мен тастан от тұтандырып,үйректі ұстап алуы. |
4 |
Балық аулау. |
Үсеннің айтуымен шегіртке ұстады. |
Қармақ жасап бірталай алабұға ұстап алды. |
5 |
Далада өткен түн. |
Асан далада жатқанына қарамай,үйдегі қалыбынша қатты ұйықтап қалды. |
Үсеннің әкесінің сөздерін есіне түсіріп,түні бойы көз ілмей,от жағып отырады. |
6 |
Балалардың ауылға келуі. |
Асан Үсенге еріп отырды. |
Үсен әкесінің айтуынша іздерге қарап көлдің жағасында отырған ауылына келді. |
Тапсырмалар екі қатар орындайды.
І қатар І қатар І қатар |
ІІ қатар ІІ қатар ІІ қатар |
Сабақты бекіту сұрақтары:
Тест
1.Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?
а/ 1841 ә/ 1842 б/ 1843
2.Ыбырай Алтынсаринді кім тәрбиелеген?
а/ ата-анасы ә/ әжесі б/ атасы
3.Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» қай жылы жарық көрді?
а/ 1878 ә/ 1879 б/ 1880
4.Ыбырай Алтынсарин кім болған?
а/ әңгімеші ә/ педагог б/ драматург
5.«Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы?
а/ Абай ә/ Ахмет б/ Ыбырай
Сабақты бекіту сұрақтары
• Ыбырай Алтынсарин кім?
• Ыбырайды кім бауырына басып тәрбиеледі?
• Ақынның қандай шығармаларымен таныстыңдар?
Бағалау
Үй тапсырмасы.
«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіне байланысты өз пікірлеріңді жазыңдар.
- 25880 просмотров