Табиғат — біздің байлығымыз
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Пресновка селосы КММ «Пресновка орта мектебі» Сатанова Дәмелі Қадірбайқызы, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі I санат |
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды берілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, пысықтау, кеңейту, тереңдету, білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,тыңдау, жазу, әңгімелесу қабілеттерінің жылдамдығын, білім қабылдау дағдыларын, әртүрлі жаттығулар арқылы дамыту. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, сұрақтарға түсінік, жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі ұстауға, білімін көрсету білуге, табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу адамгершілікке, ұйымшылдыққа, ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Отансүйгіштік сезімдерін ояту.
Көрнекілік: Музыка, интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
II. ҚР гимні
III. Тілдерін ұстарту?
— ҚР гимнінің авторлары кім?
— Гимнді тыңдаған кезде қандай суреттер көз алдарыңда елестеді?
— Дұрыс, балалар, біздің еліміз тәуелсіз, бақытты ел.
— Ашық аспан, ормандар, егін, өзеңдерді бір сөзбен айтқанда не деп айтуға болады? / табиғат/
— Қазір біз П.И. Чайковскийдің «Жыл мезгілдерінен» «Желтоқсан» пьесасын тыңдаймыз. Тыңдаған кезде көз алдарыңа қандай суреттерді елестетесіңдер?
Оқушылардың жауаптары
Қорытынды: Жер-Ана-біздің ортақ үйіміз.
IV. Үй тапсырмасын тексеру
Қазақстан-ядросыз мемлекет. Жақсы — ісімен жақсы. Бұл — үлкен табыс. Сөйлемдердің сызықша қою себебін анықтау.
V. Жаңа тақырыпқа көшу
1. Балалар, жер-біздің ортақ үйіміз, тіршілік етіп отырған ғаламшарымыз. Жер-Ана бізді асырап отыр. Бүгінде экология ғаламшар халқының ең үлкен проблемасына айналды.
2. Даналық сөздерді қалай түсінесіңдер?: «Бір күннің бұзғанын қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет болуы мүмкін» Р.Роллан
Адамдардың ойлап тапқан жаңалықтары табиғаттың Ұлы заңдарына қайшы келсе, онда олар адамдарға тек бақытсыздық әкеледі. Ф.Энгельс /оқушылардың жауаптары/
Елбасының жолдауымен, «Қазақстан и Назарбаев. Логика перемен» деген кітаппен жұмыс істеу
3. Абай Құнанбайұлының портретіне көрсетіп /слайд/ оқушыларға сұрақтар қою:
— Табиғат туралы Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
— Жатқа кім оқып бере алады?
— Ұлы Абай өмір сүрген, жырлаған Семей жерінде 1949 жылдан бастап 1989 жылына дейін ядролық полигон орналасқан. Осы полигонда барлығы 456 жарылыс өткізілді.
4. Оқушылардың әңгімелері? /Слайдтар/
«Невада-Семей» қозғалысы 1989 жылы басталды.Бұл қозғалыстың жетекшісі-белгілі ақын Олжас Сүлейменов. Осы қозғалыстың арқасында Семей полигоны жабылды.
Бірақ атом бомбалары жарылыстар іздері әлі де бар. /слайдтар/
5. Арал теңізінің мәселесі /слайдтар/
6. Балқаш көлі мәселесі /слайдтар/
VI. Бекіту: Топтық жұмыс: плакат пен маркерлер үлестіру
— Табиғатты қорғау үшін орманның ішіне қандай белгілерді қояр едік?/ Оқушылар белгілерді суреттейді, түсіндіріп береді
VII. Қорытынды: Жер-Анамызды қорғау, сақтау — біздің борышымыз!
Үй тапсырмасын жазу
Пай-пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп төккен тер.
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
(М.Мақатаев)
Сау болыңыздар!
- 14983 просмотра