Тақырыбы: «Мынау не?» ойыны
Камалиева Торгын Муратовна, преподаватель казахского языка, вторая квалификационная категория высшего уровня, |
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі
Мақсаты:
1.Білімділік. Балаларды қыс тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру, жаңа сөздерді бірнеше рет қайталатып тілдерін жаттықтыру, дыбыстар мен сөздердің анық. дұрыс айтылуын қадағалау.
2.Дамытушылық: Суреттен үйренген қар, шана, аққала сөздерін тауып, тапа, көрсете алуға үйрету. Сөздерді тыңдату, қайталату, ойындар өткізу арқылы балалардың көру, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттыру, жетілдіру.
3.Тәрбиелік: Жаңа сөздерді бекітуге арналған түрлі ойындар ойнатып, балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын және сүйіспеншіліктерін арттыру.
Жекелей жұмыс: сөздерді есте сақтауға арналған «Аудармашы», «Түлкі қайда?» логикалық және қимылды ойындарын ойнатып, сұрақтарға тиісті жауап алу.
Сөздік жұмысы: қар — снег, шана — санка, аққала — снеговик.
Көрнекі құралдар: жеке-жеке шағын суреттер.
Әдіс-тәсілдері: тыңдату, қайталату, сұрақ-жауап, ойын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс мезгілі туралы суреттер, карточкалар.
Күтілетін нәтиже:
қабылдайды: қар, аққала, шана сөздерін дұрыс атай алуы, есте сақтай білуі;
түсінеді: суретке қарап сөзді атай білуі, суретпен жұмыс жүргізе білуі;
қолданады: сабақ тақырыбына сай түрлі ойындар ойнап жаңа сөздерді есте сақтай алуы, мемлекеттік тілге қызығушылық танытуы.
- 9107 просмотров