Тақырыбы: «Ресми іс қағаздары стилі»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мамбеталина Дина Агалбайқызы Қандыағаш қаласы № 4 қазақ орта мектебі |
Сабақтың мақсаты: қатынас қағаздары туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру,стиль түрлерінен ажырата білуді үйрету.
Сабақтың міндеттері:
- Білімділік — оқушыларға ресми іс қағаздары стилі, іс қағаздарының түрлері мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту;
- Дамытушылық — оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой — өрісін дамыту, ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілетін жетілдіру;
- Тәрбиелік — оқушыларды сыйластыққа, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Ақпараттық, жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, іздену, талдау.
Көрнекілігі: «Іс қағаздарын жүргізу» үлгілері, кеспелер, тест жұмыстары, интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: Құқық, орыс тілі, әдебиет.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сыныптағы оқушыларды түгендеу.
I слайд
Үй тапсырмасын тексеру. «Жаңғырту»
- Стиль дегеніміз не?
- Стиль түрлерін ата.
- Көркем әдебиет стилі.
- Ерекшеліктері.
Жаңа сабақ.
1. Білу. Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?
1) Іс қағаздары, оның түрлері;
2) Қатынас қағаздары;
3) Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері.
2. Түсіну. Интербелсенді тақтадан слайдтар арқылы жаңа материалды меңгерту.
Іс қағаздары деген тіркестің ұғымы кең: олар-адамның күнбе-күнгі өмірінде жиі қолданылатын үлгілер. Іс қағаздары, әдетте, ресми құжаттар деп те аталады. Соған орай, ресми құжаттар, іс қағаздары стилі деп те айтыла береді. Бұл тіркестердің мән-мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен синонимдес деуге де болады.
II слайд
Өмірбаян жазуда мынадай сұрақтарға жауап береді.
- Аты-жөні кім?
- Қашан дүниеге келдің?
- Ұлтың кім?
- Әкеңнің аты-жөні.
- Әкең кім болып, қайда жұмыс істейді?
- Шешеңнің аты-жөні
- Қайда, кім болып жұмыс істейді?
- Аға-інілерің бар ма?
- Олар немен шұғылданады?
- Қарындас-апаларың бар ма?
- Олар немен айналысады?
- Сен қай жылы мектепке бардың?
- Мектепті қашан бітірдің?
- Мектепті бітірген соң қандай мамандық иесі боласың?
«Өнер жастан шығады», — дейді халық даналығы. Сол жастар — оқушылар. Болашақ еңбек ері, ірі ғалым, ұлы жазушы, көрнекті қоғам қайраткері -қазіргі оқушы жастар. Өнерпаздық, шешендік, даналық, батырлық деген тәрізді қадірлі қасиеттер адам бойында бірден пайда болмайды — жастай ізденуден, үйренуден,имашықтанудан, бірте-бірте дамып,қалыптасады.Ұлы Абай: «Ондай болмақ қайда?» деп, «Айтпа ғылым сүйсеңіз!» — деп текке айтпаған.
III слайд
Қатынас қағаздары құрылымы
- Қатынас қағаз жіберілген мекеменің (фирманың), мекеме басшысының аты-жөні.
- Қатынас қағазды жіберуші.
- Тақырыбы
- Мазмұны.
- Жіберушінің қолы
- Жіберілген мерзімі(күні,айы,жылы).
БҰЙРЫҚТАН ҮЗІНДІ
00.00.00
Алматы
Мереке кундерінде өрт қауіпсіздігі
Қамтамасыз ету_______________
туралы
жылғы желтоқсан және жылғы қаңтар
мереке кундерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кузетті күшейту мақсатында.
БҰЙЫРАМЫН
Мекеменің барлық қызметкерлері 30.12.93ж. жұмыс аяакталганнан кейін бөлмелердегі электр жүйелері мен нүктелерінің, компьютерлерді тексерсін және бөлмелерді директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарна сағат 17.00 ге дейін тегіс өткізсін.
Мекеме директоры _________
(қолы)
Түйіндеме
Аты-жөні: Сұлтанова Райхан Айханқызы
Туған күні, айы, жылы: 1974ж.4 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келдім.
Мекен жайым: Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов көшесі, 21 үй, 3 пәтер.
Үй телефоны: 41–00−53
Мамандығым: заңгер, тарихшы.
Бағыт: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарт қызметкері.
Білімі мен қызметі туралы мәлемет: _________ атындағы____университеті тарих және құқық факультетінің оқытушысы
Негізгі мәлеметтер: Қазақстан тарихы,құқықтану мәселелерімен айналысып, зеріттеу жұмыстарын жүргіздім
Қосымша мәліметтер: Орыс тілі және ағылшын тілін жақсы білемін.
4 наурыз 2000 жыл _______ _________
(қолы)
Қандыағаш қаласы нр. 4 қазақ орта мектебінің директоры Е.Ә.Шымқаев мырзаға Сұлтанова Райхан Айханқызынан |
Арыз.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде сессия тапсыру үшін 2000 жылдың 15 мамырынан бастап 1 ай көлемінде ақысы төленетін демалыс беруіңізді сұраймын.
2000 жылдың 15 сәуірінде университеттен жіберілген № 204 шақыру-анықтама қосымша беріліп отыр.
Орта мектептің қазақ тілі пәнінің оқытушысы _______________
(қолы)
2000 жыл сәуірдің
Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар алған білімдерін қолданып,бір құжаттың үлгісін өздері құрастырады.
Талдау. Шығармашылық жұмыс түрлерінен талдау жұмыстарын жүргізу.
Мысалы: Сұлтанова Райхан Айханқызы 1974ж. 4 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Қазақстан тарихы,құқықтану мәселелерімен айналысып, зеріттеу жұмыстарын жүргіздім.
Сабақты қорытындылау мақсатында тест жұмыстарын аламын.
Стиль қай тілден алынған?
А. грек
В. Латын
С. Араб
Д. Қазақ
Дәстүрлі принципке сай жазылған сөзді көрсетіңіз.
А. Беку
В. Айуан
С. Ериді
Д. Аққу
Үйге тапсырама:
Сыныптас жолдастарына мінездеме жазу.
Басқа да ресми іс қағаздарға жататын құжаттарды іздестіру, жинақтау, жазылу ерекшелігіне назар аудару.
Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
- 91179 просмотров