Тақырыбы: Үй құстары
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Преснов селосы «Айнагүл» бөбекжай-бақшасы. Қазақ тілінің мұғалімі Жамантикова Айнагүл Маратқызы |
Ортаңғы топта ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық Картасы
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Қазақ тілі.
Мақсаты:
- Балаларға үй құстары туралы түсінік беру.
- Жаңа сөздерді меңгерте отырып, сөздік қорларын толықтыру, осы сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
- Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Үй құстарына қамқор болуға, әр мезетте көмекке келуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бетперделер, теледидар, ойыншықтар: тауық, әтеш, балапан, үйрек, қаз.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар.
Билингвальді компонент: үй құстары — домашние птицы, тауық — курица, әтеш — петух, балапан — цыпленок, утка — үйрек, гусь — қаз.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: үйрек, қаз, әтеш, тауық, балапан, үй құстары сөздерінің қазақша аталуын естеріне сақтау, осы сөздерде кездесетін қазақтың төл дыбыстарын дұрыс айта білу;
Түсінігі қалыптасты: берілген тапсырманы тиянақты орындау;
Айта, қолдана алады: үй құстары жайлы мағлұматтар ала отырып, бірнеше сөздерден тұратын сөйлемдер құрастыра білу.
- 9153 просмотра