Тақырыбы: Жетім М.Әуезов
ШҚО Аягөз ауданы, Ақтоғай станциясы «№ 8 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Кабазова Айгул Тилектесқызы бастауыш сынып мұғалімі |
Мақсаты:
- Оқушыларды қазақтың ұлы жазушысы,әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайраткері М.Әуезовпен аныстырып, «Жеім» әңгімесінің мазмұнын ашу.
- Сабаққа деген,ұлы жазушыға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, тілдерін, сөздік қорларын дамыту.
- Әңгімені мазмұндайалуға,қайрымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезовтың портреті, компьбтер, сөздік жазылған плакат.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ΙI. Үй тапсырмасын сұрау
96 бет «Амангелді батыр» Әліби Жангелдин
1) Ә.Жангельдин туралы не біліесің?
(1884–1953 ж) Қостанай облысы, Жангелдин ауданында өмірге келген. Өжет, таланты болған.
2) А. Иманов кім? Мінездеме беріңдер.
3) Амангельдінің батыр болуына нандай жағдайлар әсер етті? Атасына еліктеуі, жігеолі, өткір, еңбекқорлық қасиеттері.
4) Қай көтерілісті басқарды? өай жылы? 1916 жылы еңбекшілердің ұлт азаттық көтерілісін басқарды.
5) Оқиға қалай аяқталды деп ойлайсыңдар?
Бұлар жеңілді (себебі, халық әлі бытыраңқы, шашыраңқы, толық бірікпеген еді) Бірақ та, осы Амангелді болмаса қазақ азаматтарының көбінен айырлар едік, патша бостандық жолындағы күрестен сескеніп, өз жарлығының күшін жойды. Сөйтіп, қазақ жастары қара жұмысқа бармады.
ΙΙΙ. Өткенге шолу
Балалар, біз қандай бөлімді оқып жатырмыз «Туған өлкем-тұңғыш шежіре» Осы бөлімді қандай, ақын-жазушылардың еңбектерімен танысып, білдік. Маңғжан Жұмабаев «Өткен күн» Ш.Уәлиханов «Абылай хан». Әбу Сарсенбаев «Қырдың жас түлегі»
Ал, балалар өзіміздің Семей жерінен шыққан қандай, ақын — жазушыларды білесіңдер?
М. Әуезов Дұрсы айтасыңдар.
ΙV. Жаңа сабаққа көшу
Ендеше, балалар Абайды бүкіл әлемге танытқан, Абайтану ғылымының негізін салушы М.Әуезовтың творчиствосымен танысамыз.
Балалар, бұрында оқыған Әуезовтың қандай шығармаларын білесіңдер.
«Боран», «Көксерек».
Бүгін, М.Әуезовтың тағы бір ерекше еңбегімен танысамыз.
Таныспас бұрые, назарыңызды мына бір бейнетаспаға аударайық.
V. Бейне таспадан көргендері туралы сұрақ-жауап алу
- Балалар бұл фильмді көріп отырып қандай ойда, қандай сезңмде болдық?
- Жетімдер-бұл Еркін Рақышевтың қазіргі заманмен түсірілген киносы.
Барлығымыз көрген шығарсыңдар.
Ал, біз Әуезовтың өз заманында жазған «Жетім» әңгімесімен танысамыз.
VΙ. Мұғалімнің мазмұндауы
Енді балалар мәтінді оқып шығайық.
Түсінңксіз сөздерді түртіп отырыңдар.
VIΙ. Мәтінмен жұмыс
VIΙI. Сөздік жұмыс
Қиянат-әділетсіздік, зорлық, өктемдік.
Қаға беріс-шеттеу, бұрылу, тасалау жер.
ΙX. Дәптермен жұмыс
X. Кітаппен жұмыс
- Қасымның әжесінен айырылған жерін мәтіннен тауып оқы.
- Қасымның жетімдік қорлығын тартқан тұсын мәтіннен тауып оқы.
XΙ. Жетім туралы ой толғаныс жазу
2–3 оқушыға оқытамын. Қане шығармашылықпен жұмыс жасаймыз.
«Ата-анам менің» өлеңін қою.
XIΙ. Қорыту
1) Балалар, бүгін кімнің шығармасымен таныстық?
М.Әуезовтың «Жетім» шығармасымен.
2) Жалғыз жаяу бала және үш салт атты келе жатқан кезде табиғат көрінісі қандай еді?
Күн күркіреп, көкжиек тұсында күн жарқылдап тұрған.
3) Табиғат балаға қалай көрінді?
Қатал, суық болып көрінді.
4) Қасым жеті түнде неліктен жалғыз келе жатты?
Туысы қуып шығып.Қасымды тау ішінде жетімдік қайғысы, сол баланың тағдыры еді?
5) Жалпы «Жетім» деген не аштық, қайғы, ауыр жұмыс әке шешесінен, туыстарынен айырылу, күтімсіздік.
Қорытынды сөзім.
Балалар, Жалғыз қалған адам баласы ғана жетім емес. Қазақта айтады екен.
Өз ана тілінді сөйлемесең-тіл жетім.
Құссыз қалған-көл жетім.
Енесіз қалған-көл жетім.
Бассыз қалған-ел жетім.
Деп. Сондықтанда жетімдікті ешкімнің басына бермесін, бәріміз аман, әке-шешемізбен, туған-туыстарымызбен болайық.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндап, бөлімге бөліп келеміз.
- 8417 просмотров