Тақырып: Тіл мен Әліппе
Казбекова Назгул Тулемисовна, учитель казахского языка и литературы, высшая квалификационная категория высшего уровня, ГУ «Детский сад-школа-гимназия № 47 города Астана», город Астана |
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: оқушылардың өтілген тілдік материадарды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, мәтіннен ең негізгісін таба білу, сұрақтарға дұрыс, нақты жауап бере алу.
- Дамытушылық: оқушылардың логикалық, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу дағдыларын дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылығын жетілдіру.
- Тәрбиелік: қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденіс, топпен жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: оқулық, интерактивті тақта, кестелер,
Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі,тарих, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Қ.Р — ның әнұраны орындалады
А) амандасу
Ә) оқушыларды түгендеу
Б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
В) сабақтың мақсатын хабарлау
Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қандай екенін сендер партада жатқан түстер арқылы көрсетесіңдер.
Қызыл — тамаша, өте жақсы
Жасыл — жақсы
Сары — нашар
Балалар, менің көңіл-күйім жақсы, ал сендердің ше?
ІІ. Үй тапсырмасын беру:
217 бет, сөздерді жаттау, 2 тапсырма — рольмен оқу.
Дыбыстық жаттығу:
Балалар, біздің мақсатымыз қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту және асты сызылған дыбыстарды оқу.
Қ — Жоқ
Ұ — сұрақ
Ә — мәселелер
Ғ — ғалым
Ө — өйткені
І — келісу
Ң — адамның
Ү — жүрсеңіз
1. Мұғалім оқиды 2. хормен оқу 3. сөз тіркесті құрастыру 4. сөйлем құрастыру 5. Жоқ сөзінің антонимі қандай?
Балалар, асты сызылған сөздерді оқысақ қандай сөз шығады?
— Дұрыс, жарайсың деген сөз шығады, жарайсыңдар, балалар, дыбыстарды дұрыс айтыңдар.
— Тіл дамыту кезеңі:
— Ал қазір, балалар, «Бақытты оқиға» ойынын ойнаймыз. Мақсаты: ойлау қабілеттерін арттыру, өткенді қайталап еске түсіру.
— Ойынның ережесі: әр топтан оқушы шығып қоржыннан лото алады, оның нөмірін айтады. Нөмір бойынша топқа сұрақ қойылады.
Сұрақтар:
1. Неше септік бар? Қандай? 2. Тұйық етістік қалай жасалады? 3. Үндестік заңына бағынбайтын септік? 4. Қолайлы — неше буынды сөз? 5. Реттік сан есімнің жұрнақтары 6. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы белгісіз, ал сабақтың тақырыбын білу үшін біз буындарды алфавиттік жүйеде жинау керек.
Ә — Б, пе — Г, мен — Ә, тіл — А, ліп — В
Дұрыс, сонымен сабағымыздың тақырыбы: Тіл мен Әліппе.
Мәтіннің мазмұнын ашу үшін ең бірінші мәтінде кездесетін қиын сөздерді, таныс емес сөздермен жұмыс жасап, тілашар дәптерімізге жазып алайық:
Бүршік атып — распустив почки
Қабылдау — принимать
Бас сұқпайды — не просунув голову
Мәселе — проблема
Осы кезге дейін — до этих пор
Риза болды — был доволен
Сыйлы ғұлама — уважаемый ученый
1.Мұғалім оқиды 2. хормен оқу 3. сөз тіркесті құрастыру 4. сөйлем құрастыру 5. ғұлама сөзінің синонимі қандай?
Мәтінмен жұмыс
Ал, балалар мәтіннің мазмұнын ашу үшін мәтінді үш абзацқа бөлеміз, әр абзац бойынша тапсырмаларды орындаймыз, бір-бірімізге оқимыз, сұрақтарға жауап береміз.
І топ
1. Абзацты оқу, аудару, сұрақ құрастыру керек.
2. 2 жуан сөзді тауып алу.
3. Күрделі сөз.
4. Сын есімді тауып алу.
5. Үндестік заңына бағынбайтын сөз.
ІІ топ
1. Абзацты оқу, аудару, сұрақ құрастыру керек.
2. Жыл мезгіліін тауып алу.
3. Сұраулы сөйлемді тауып алу.
4. Табыс септігіндегі сөз
5. Бітеу буынды 2 сөзді тауып алу.
ІІІ топ
1. Абзацты оқу, аудару, сұрақ құрастыру керек.
2. Тұйық етістікті тауып алу
3. Күрделі етістікті тауып алу.
4. Тәуелдік жалғаулы ІІІ жақтағы сөзді тауып алу.
5. Жіктеу есімдігін тауып алу.
Топ бойынша 5-7 минут істеп, дұрыс жауаптарын оқиды, басқа топтар тыңдайды, қателерін түзейді.
Енді, балалар, жалпы бұл мәтін не туралы?
Неге шақырады?
Мазмұнын айтып бере алатын оқушылардан сұрау.
Сергіту сәті «Мен бір сөз ойлап тұрмын». Әліппе
Бұл сөзбен синквейн құрастырып жіберейік.
Жазбаша жұмыс
Балалар, грамматикалық тақырыпты бекіту үшін, келесі тапсырманы дәптерлерінді ашып, бүгінгі күн жұлдызын жазындар.
Карточка беру.
№ 1 карточка Сан есімнің түрлерін пайдаланып, 4 сөйлем құрастырыңдар. (Коненко В, Федосенко В, Шишкин В, Савчук М, Виноградов Г.)
№ 2 карточка Көп нүктенің орнына сөздерді қойып жазындар.
Олар б....гін ауылдан келед... Мені.... жақын досым шет елБ.С. кетед....
Мен оны т...сінбед..м. Б...л адамны.... өм....рі қызық екен. (Скрицкая В, Тенизбаева А, Межевика И, Бочкарева Р, Бакуревич Г)
№ 3 карточка Бос орынға І, Ы әрпін қойып жазындар.
Келед..., олард...ң, әдепт..., жақ....н, дос...., әдем...., әл...ппе, ғал...м, ғ...лым, жүрд..... .
(Марков Н, Гальцев М, Ример А, Батаева Х, Мансветов Т, Гопп В, Збарская В ).
Бұл тапсырманы 3-4 минут орындайды. Бағалау.
Қорытындылау.
1.Сонымен, қазақ тілі сабағында не істедік? Не білдік? Неге үйрендік?
2.Балалар, тіл арқылы біз білім аламыз, мамандыққа үйренеміз.
Тіл арқылы адам өз ойын біреуге жеткізеді, біреудің ойын түсіне алады.
Оқушыларды бағалау, күнделікке қою
Уақыт қалса:
Әр топ сұрақтарға жауап береді.
1 топ-Т
2 топ-А
3 топ-К
1. Сенің атың кім?
2. Сен нешедесің?
3. Сен қайда тұрасың?
4. Сен қандай адамсың?
5. Сенің ұлттың қандай?
Қосымша
- 9774 просмотра