9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Абай және Байрон шығармаларындағы табиғат көрінісі

Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2025» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Абишева А.Б.,11 сынып оқушысы
Астана қаласы, № 38 қазақ-мектеп лицей
Жетекші: Туитина З. Қ., № 38 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Туитина Замзагуль Калкеновна
 

«Халық пен халықты,
адам мен адамды
теңестіретін нәрсе — білім»
М. Әуезов

Summary

Abay is an outstanding Kazakh poet, philosopher, composer and interpreter. He is a poet who is recognized around the world, and has made a significant contribution to Kazakh literature.

Byron is a great English romantic poet. He had a great influence not only on his contemporaries but also on the later generations of writers.

Currency: To analyze Abay and Byron’s works and find similarities and differences in describing the nature in Kazakh and English languages.

Topic: Nature in Abay and Byron’s poems

Aim: To read Abay and Byron’s poems about the nature and study their language skills. While studying the description of the nature to analyze the fact that the poem — as one of the sides of beauty — can save the world and deeply touch people’s gentle feelings.

Task: To study the features of English and Kazakh languages.

Hypothesis: The poets lived in different times, environments, and places had different destinies and spoke different languages; their understandings of the nature beauty were not prevented from turning out to be similar.

Method:

1. Search for necessary literature.
2. Translate the poems.
3. Analyze poems.
4. Compare found materials.

Steps:

1. Abay’s biography.
2. Byron’s biography.
3. Translate poems.
4. Analyze the poems about love and nature.
5. Poems about seasons.

Conclusion: There are similarities in the ways how the poets described the nature. The nature plays an important part both in Abay’s and Byron’s works.

Аннотация

Абай — қазақ халқының данышпан ақыны, философы, композиторы, аудармашысы. Бүкіл әлемге танылған, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан ғұлама.

Байрон — ағылшынның ұлы ақын-романтигі. Ол тек қана өзімен замандас ақындарға ғана емес, сонымен қатар кейінгі жазушы ұрпақтарға үлкен әсер тигізген жазушы.

Өзектілігі: Абай мен Байронның шығармаларын талдай отырып, қазақ және ағылшын тілдеріндегі табиғат көріністерінің берілуіндегі ұқсастығы мен айырмашылығын табу.

Тақырыбы: «Абай және Байрон шығармаларындағы табиғат көрінісі»

Жұмыстың мақсаты: Абай мен Байронның табиғат туралы шығармаларын талдай отырып, ақындардың тіл шеберлігін зерттеу. Бұл ғылыми жобада данышпан ақындардың табиғат туралы өлеңдеріндегі әсемдікті жырлаған шеберліктерінің ұқсастықтарын талдау. Осы өлеңдердің сұлулықтың бір қыры ретінде әлемді құтқара алатындығы, адамдардың нәзік сезімдерінің қылын шертетіні талданады.

Міндеті: Ағылшын және қазақ тілдерінің ерекшелігін зерттеу.

Гипотеза: Ақындардың өмір сүру уақыты, ортасы, жері, тағдыры, сөйлеген тілі әртүрлі болса да, бұл олардың табиғат көркемдігін ұқсас түсінуге ешқандай кедергі жасамаған. Еуропа халықтары көшпенділерді тағы деп есептеген, ал бірақ Абай өзінің терең түсінігімен Байронмен терезесі тең тұлға.

Жұмысты жүргізу әдістері.

1. Қажетті әдебиеттерді іздестіру.
2. Өлеңдерді қазақ тіліне аудару.
3. Өлеңдерді талдау.
4. Алынған мәліметтерді салыстыру.

Зерттеу кезеңдері.

1. Абай өмірбаяны.
2. Байрон өмірбаяны.
3. Өлеңдерді аудару.
4. Махаббат пен табиғат өлеңдерін талдау.
5. Жыл мезгілдері өлеңдері.

Мазмұн жағынан Абайдың өлеңдері түгелімен өзі өмір сүрген заманның тақырыбына, туған халқының жақсы және кемшілік жақтарын сипаттауға арналған. Абай поэзиясы түгелімен лирикалық өлеңдерден құралады. Ол — поэма жанрына беріле бой ұрмаған ақын. Бірақ Абай қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адам портретін жасауға, оның ішкі-сыртқы қылық, мінездерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай тақырыпта жазған өлеңінде болса да, қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының бейнелері айқын елестеп тұрады. Мысалы, қысты ол: «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды... Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды» деп, қазақтың қатаң шалдарына ұқсатады. Сонымен қатар, қазақтың сол кездегі қыста да киіз үйде отыратын тұрмысын елестетіп, «Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат, ақ орда үй шайқалды» дейді. Мезгіл тақырыбына жазған өлеңдерінен табиғат көріністерінен басқа ауылдың әлеуметтік өмірі де, бай мен жарлының тұрмысындағы айырмашылық та, таптық теңсіздік те көрініс беріп тұрады. «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қан сонарда», «Желсіз түнде жарық ай», «Шоқпардай кекілі бар...» сияқты өлеңдері ірі шеберлердің қолынан шыққан ғажап суреттердей өте көркем, өте ұғымды, сонымен бірге бұл — тек қазақ даласында кездесетін көріністер.

Кішкентай Байронның Шотландияның жабайы табиғаты аясында өмір сүруі оның Шотландиялық сарқырама, шатқал, теңіздері туралы бірнеше бозбалалық өлеңдер жазуына әсер етті («I wish I was a careless child» — «Алаңсыз бала болсам екен» және тағы басқалар). Студент кезінде оның ең бірінші «Hours of idleness» — «Толғану сәттері» деген өлеңдер жинағы шығады. Содан кейін тағы бір жинағы «English Bards and Scottish Reviewers» — «Ағылшын бардтары және Шотландия шолушылары» сатирасы шығады. Байрон Таяу Шығыс елдеріне сапарға шыққанда Лиссабонды, Испанияны, Мальта аралын, Албанияны, Греция елдерін аралайды, Байронға бүкіл әлемдік даңқ әкелген «Child Harold’s pilgrimage» — «Чайлд Гарольдтың сапары» поэмасының алғашқы 2 өлеңін жазады. Кейінірек өлеңді жалғастырады. Оның басты кейіпкері романтик, жалғызсыраған жас жігіт. 1813 — 1816 жылдар аралығында Лорд Байрон «The Giaour» — «Гьяур» , «The Corsair» — «Корсар», «Lara» — «Лара», тағы басқа өлеңдерін жазады. 1816 жылы Байрон Швейцарияға көшіп кетеді.

Екі ақын екі қилы уақытта, әртүрлі елде өмір сүрді. Жасында саясатпен айналысты, екеуі де, саясаттың халық өмірін жақсартуға көмектесе алмайтынын түсінді. Ақындардың өмір сүру ортасы, замандары түбегейлі басқаша болды, бірақ бұл жағдай олардың табиғатты бірдей кемеңгерлікпен түсінуіне, суреттеуіне кедергі келтіре алмайды.

Бала кезінен теңізбен достасып, «мұхиттың жалын сипап» өскен Байрон өзінің өлеңдерінде буырқанған, тынымсыз теңіз бен теңізде жүзген теңізшіні — жасынан толқынмен бірге өскен ержүрек ақынды қатар жырлайды. Толқынды теңіз, ешкімге бас имейтін тылсым күш халықтың қайнар бұлағындай. Ал Абай: «Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас...» деп, табиғатта теңіз қандай орын алса, өмірде қызу жүрек, үлкен жүрек керек екендігін айтады.

Ақындардың табиғатты суреттеу мәнерінде ұқсастықтар бар. Табиғат көрінісі Абайдың да, Байронның да шығармаларында үлкен орын алып, маңызды рөл атқарады.

Өлең арқылы жүректе орын қалдыру үшін табиғаттың таңғажайып көріністерін сипаттау жеткілікті болар. Ақындардың осындай түсініктері ортақ.

Абай мен Байронның шығармаларында қиылысатын жолдар көп.

Екі ақын екі қилы уақытта, әртүрлі елдерде өмір сүрсе де, бұл жағдай олардың табиғатты бірдей кемеңгерлікпен түсінуіне, суреттеуіне кедергі келтіре алмады.

Абай мен Байронның шеберлігі мол. Өлеңдердің сұлулықтың бір қыры ретінде әлемді құтқара алатындығын дәлелдейді. Адамдардың табиғатқа деген көзқарастарын дамытуға көмектеседі.

Оқу барысында Абай мен Байронның шығармашылығын зерттеу, салыстыру арқылы тілді дамыту және ұлттық ерекшеліктерді айқындап көрсетіп, осы жұмысты қорытындылай келе ағылшын мен қазақ тілі мәдениеттері өте бай, сонымен қатар ұқсас болуы тілдерді дамыту барысында зор үлесін арттырады.

Осылай, ұлы ақындардың шығармашылығы екі мәдениетті жалғастырушы болып табылады.

Менің ойымша, қазіргі жастар ағылшын тілін үлкен ынтамен оқиды. Себебі, даму бағытында көмек көрсететін, болашаққа жол ашатын — осы тіл. Ал қазақ тілі — біздің өткенімізді ұмытпауға, нақ осы шақты қолымызда ұстауға күш беретін ана тіліміз. «Ана тілін жоғалтқан ұлттың өзі де жоғалады». Кез келген ғалымнан сұрасаңыз, ол сізге «Келешекке мықты қадам басқыңыз келсе, өткеніңізді ұмытпаңыз», — деп кеңес береді. Қазақ тілімен біз өз ұлтымызды ұмытпай, барымызды сақтап қалатын болсақ, ағылшын тілімен біз алға аяқ басып, 50 ең дамыған елдердің қатарына қосыла аламыз.

Жастар Абайды, қазақ тілінің асқан шеберін, оқып өз ұлтына деген мақтаныш пен сүйіспеншілікке толатынына сенімдімін, ал сонымен бірге ағылшынның данышпан ақыны — Байронды оқып, оның тілін терең түсінген адам өмірде көптеген жетістіктерге жете алады, деп ойлаймын.

Әдебиет

1. «Абай» Абай Құнанбайұлының өлеңдер, аудармалар жинағы. 1976 жыл, 37-38-бет, 57-бет, 60-бет;
2. Қазақ совет энциклопедиясы І том, 9-11-бет;
3. Қазақ совет энциклопедиясы ІІ том, 93-94-бет;
4. «Теңіз көкжалы», Дж. Г. Байрон 2005 жыл;
5. «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі», проф. Қ. Ж. Жұмалиев 1961 жыл, 261-263 беттер;
6. «Қазақ әдебиеті», ҚБМБ, Алматы, 1943 жыл;
7. «Шығармалар» Абай Құнанбаев, ІІ том, ҚҚӘБ, Алматы, 1940 жыл.

Категория: