Астана
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Гаршин ауылы Гаршин орта мектебі Рамазанова Сайран Әмірғазықызы |
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Астана қаласы туралы түсінік бере отырып, өткен тақырыппен байланыстыру;
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақты жүргізу әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Астана туралы суреттер, кеспелер, сөйлем мүшелеріне арналған грамматикалық кесте.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі — 3 минут
- Үй тапсырмасын сұрау — 10 минут
- Үй тапсырмасын қорыту — 5 минут
- Жаңа материалды түсіндіру — 20 минут
- Жаңа материалды қорыту — 5 минут
- Үйге тапсырма беру — 2 минут
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, сабаққа назарларын аудару, сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау, дәптерлерін тексеру, бірнеше оқушыдан ауызша сұрап шығу.
Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді? (7 тапсырма, 50 бет, «Мемлекеттік марапаттар» мәтінінің мазмұны)
Қане, үй тапсырмасы бойынша кім жауап береді? (үй тапсырмасы бойынша бірнеше оқушыдан жауап алып, бағалаймын)
3. Үй тапсырмасын қорыту:
- Оқушылар үй тапсырмасын қорытайық.
- Өткен тақырып бойынша қосымша сұрақтарға жауап беріңдер
- Әрбір мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін қандай белгілері бар?
- Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының марапаттары туралы» Жарлыққа қашан қол қойды?
- Бекітілген марапаттардың атаулары қай тілде жазылған?
- Елімізде марапаттар кімдерге беріледі.
4. Жаңа материалды түсіндіру:
— Бүгінгі күнді жазып, жаңа тақырыпты жазыңдар, бүгін біз сендермен мемелекетіміздің бас қаласы Астана туралы өтеміз. (Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырамын)
Астана мәтіні
Қай елдің болса да, астанасының аты оның мемлекеттік рәмізі сияқты. Мысалы, Мәскеу десе — Ресей, Пекин десе — Қытай, Лондон десе — Англия мемелекеттерін көз алдымызға елестетеміз.
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы — Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір-талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған.
Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана — болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол-әлемдегі көрікті қалалардың бірі.
Астана іскерлік жаңа мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы — жаңа Қазақстанның белгісі.
Жаңа сөздермен жұмыс
Сөз сөз тіркесі сөйлем Елестету Бас Әйгілі Қасиетті Орда Зәулім Көрікті Айналу
Жаңа сөздермен жұмыс
Сөз | сөз тіркесі | сөйлем |
Елестету | көз алдына елестету | — Ол болған оқиғаны көз алдына елестетті. |
Бас | бас қаласы | — Еліміздің бас қаласы — Астана. |
Әйгілі | әлемге әйгілі | — Астананың аты әлемге әйгілі. |
Қасиетті | қасиетті өлке | — Түркістан — қасиетті өлке. |
Орда | бір ордасы | — Еліміздің бір ордасы — Алматы. |
Зәулім | ғимараттар | — Алматыда зәулім ғимараттар бар. |
Көрікті | көрікті қала | — Алматы көрікті қалалардың бірі. |
Айналу | орталыққа айналу | — Астана — еліміздің мәдени орталығына айналды. |
Жазба жұмысы
Сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құрастыр.
- Астана, орналасқан, қаласы, Солтүстік, аймағында.
- Ғимарттар, салынып жатыр, әсем, зәулім, мұнда.
- Астана, айналды, іскерлік, мәдени, орталыққа.
- Тойланды, биыл, астананың, онжылдық, мерейтойы.
Жауап үлгісі:
- Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан.
- Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр.
- Астана іскерлік, мәдени орталыққа айналды.
- Биыл Астананың онжылдық мерейтойы тойланды.
Кеспемен жұмыс:
- Астана, орналасқан, қаласы, Солтүстік, аймағында.
- Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр.
- Астана іскерлік, мәдени орталыққа айналды.
- Биыл Астананың онжылдық мерейтойы тойланды.
Жауап үлгісі:
Бастауыш
|
Баяндауыш
|
Толықтауыш
|
Пысықтауыш
|
Анықтауыш
|
Астана қаласы | Орналасқан | Солтүстік Қазақстан аймағында | ||
Ғимараттар | Салынып жатыр | Мұнда | Әсем, зәулім | |
Астана | Айналды | Орталыққа | Іскерлік, мәдени | |
Болды | Мерейтойы | Биыл | Астананың, онжылдық |
5. Жаңа материалды қорыту:
Астана сөзімен тіркесетін эпитеттерді табыңдар:
А — арман С — сұлу Т — таза А — асқақ қала Н — нағыз А — алып
Керекті сөздер: Ежелгі, аласа, арман, нағыз, қызыл, таза, сұлу, кішкентай, асқақ, көк, алып.
Оқушыларды бағалау.
6. Үйге тапсырма беру:
- Балалар, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар.
- Үйде бүгінгі өтілген жаңа сөздерді жаттап, мәтінді оқып келіңдер.
- Үй тапсырмасы түсінікті ме?
- Сау болыңдар, балалар!
- 18563 просмотра