Аудит сабақтарындағы танымдылық әрекеттерінің активтендірілуі
Базарбаева Саруар Оразовна, преподаватель спецдисцилин — финансовый учет и аудит. Педагогический стаж — 11 лет. Категория первая. Северо-Казахстанская область, г. Петропавловск, Строительно-экономический колледж. |
Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында — ғылыми, білім мен тәжірибелік қызметтің даму жолында аудит — ең маңызды салалардың бірі болып табылады.
Аудит пәні дегеніміз шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, т. б. кәсіпорындардың жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объетивті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу. Сім-шарт бойынша кәсіпкер ретінде тексеріп арнайы төлем арқылы қызмет көрсету.
Білім беру жүйесі алдында тұрған талаптарды жүзеге асыру жолында ғалымдар мен педагогтар танымдық іс — әрекетті дамыту әдістерін іздестіруде. И. П. Павлов «...жақсы әдіспен талантты емес адам көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді» — деген болатын.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
- оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс — әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
- оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
- оқу процесінде қарым — қатынастың еркін болуы;
- оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.
Білім беру ақпараттандыру — аудит сабақтарында танымдылық әрекетінің активтендірілуі арқылы дамыта оқыту, жеке тұлғаны бағыттап оқыту мақсатттарын жүзеге асыра отырып, оқу — тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр — ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасында ғылыми — техникалық прогрестің негізгі белгісі — қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Елбасымыздың жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» — деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны өндіруді міндеттейді. Сондықтан оқу — тәрбие үрдісіне аудит пәнінен танымдылық әрекетті активтендіру тәсілдерін — енгізу — студенттердің білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады. Аудит сабақтарында танымдылық әрекетінің активтендірілуінің ең негізгі әдістерінің бірі — «интерактивті оқыту әдісі».
Интерактивті әдіс — тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру (ИОТ) — деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, студенттерге педагогикалық әсерлі танымдылық қарым — қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен студентерінің іс —әрекетін оқу — ойындар түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Колледж студентеріне интерактивтік тәсілдері үйрету туралы көп айтуға болады, тәсілдердің арасынан мыналарды қарастыруға болады:
— проблемалық білім берудің тәсілдері;
— презентациялар (портфолио);
— дискуссиялар;
— топтармен жұмыс;
— милық штурм ойлау тәсілі;
— критикалық ойлау тәсілі;
— викториналар;
— қарапайым зерттеулер;
— іскерлік және рольдік ойындар;
— тәсіл Insert — жекелік белгілеу тәсілі, 10 минуттық ұқсастандыру эссесін жазған уақытта;
— тестілеу тәсілдері.
Интерактивтік тәсілдердің ішіндегі іскерлік ойынды қарастырайық:
Баяндама «Іскерлік ойын» тақырыбына
«Ақша қаражаттарының аудиті» тақырыбы бойынша іскерлік ойынын өткізудің мысалын көрсетемін.
Бұл тақырып кездейсоқ таңдалмаған, себебі ақша қаражаттарының есебі және олардың шоттарда дұрыс көрсетілуі бүгінгі күнге өте маңызды әрі өзекті.
Сабақтың мақсаты — «Ақша қаражаттарының аудиті» тақырыбын оқу барысында алған мәліметті тәжірибеде қолдануы, бухгалтерлік құжаттарды құрастыру, тексеру, және олармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Ойынның нәтижелері бойынша жеңіске жеткен топ шарт бойынша әйгілі аудиторлық фирмаға жұмысқа шақырылады.
Ойынның барысы мынадай еді:
Қатысушылар таңдалады:
- Беделді аудиторлық фирмаға аудитор қызметіне үміткерлер. Осы рөлді студенттердің 3 тобы атқарады (4-5 адам);
- фирманың жалдаушы өкілдері (3-4 адам);
- оқытушы — сарапшы.
Ойын мазмұныны бойынша әйгілі «Аудит — консалтинг» фирмасына Петропавл қаласының кәсіпорындарына аудитоторлық қызмет көрсету үшін жас білікті аудиторлар қажет. Іріктеуді үміткерлердің 3 тобынан жалдаушылар жүзеге асырады. Ойынға қатысушы топтардың ішінде тек біреуі ғана жеңіске жетеді.
Ойын бір сабақ уақытында өткізіледі.
Істелінген тапсырмалар тексеріледі, талданады және жалданушылармен 5 балдық шкала бойынша бағаланады. Ұпайлардың саны есептелінеді, жеңімпаздар анықталады. Ойынды өткізу үшін тапсырмалар, үлестірме материал құрастырылады.
Аудитор қызметіне үміткерлер келесі тапсырмаларды орындау кажет:
1. Келтірілген мәліметтер негізінде кассаға түскен қаражаттарының кіріс құжаттарын толтыру (Үміткерлерге құжаттардың көптеген түрлері ұсынылады, құжаттардың ішіндегі кіріс құжаттарын таңдап, оларды дұрыс толтыруы қажет ). (5 мин.)
2. Келтірілген мәліметтер бойынша шығыс құжаттарын толтыру. (5 мин.)
3. Үміткерлерге жіберілген қателері және бұзушылықтары бар кассирдің есебі дұрыстауға ұсынылады. (7 мин.)
4. Толтырылған кіріс және шығыс құжаттары бойынша кассирдің есебін және оған қосымша барлық құжаттарын рәсімдеу. (7 мин.)
5. Теориялық сұрақтарға жауап беріп, жауапты негіздеу. (10 мин.)
Студенттер ойынның болатындығы туралы алдын-ала ескертіледі. Олар оған дайындалуы қажет еді: «Ақша қаражаттарының аудиті» тақырыптарын оқып, қайталау, «Кассалық әрекеттердің аудиті», берілген тақырыптар бойынша қосымша әдебеттерді оқу.
Ойын барысында кикілжің жағдай орын алуы мүмкін, себебі, екі топтың ұпай сандары бірдей болуы мүмкін. Осындай жағдай орын алса, қосымша бесінші тапсырма беріледі.
Ойын басталар алдында ұйымдастыру кезеңінде студенттерге ойынның тақырыбы, мақсаты, регламенті, ережелері таныстырылады.
Ойынның негізгі бөлімінде тапсырмалардың тақырыптары жарияланады. Істелінген тапсырмалар жалдаушыларға талдауға тапсырылады, ұпайлар саны есептелінеді.
Ойынның қорытынды бөлімінде топтардың жұмыстары бағаланды және оған талдау жасалынды.
Тапсырмалар мазмұны оқу бағдарламасына сай құрылады. Олар сұрақтар түрінде, не болмаса кесте түрінде берілуі мүмкін. Кесте түрінде берілген тапсырмаларда әрекет мазмұны бойынша корреспонденциялар құрылады.
Оқытудың осындай әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, олардың жаңа тақырыпты ұғынуына ықпал тигізу.
- 8511 просмотров