Экология және денсаулық
Петропавл қаласы КММ «№ 13 орта мектеп» |
Бүгінгі таңда еліміздің экологиялық жағдайларына байланысты табиғатты қорғау бүкіл дүниежүзілік мәселелердің бірі болып отыр. Табиғатымыздың ластануы, ауамыздың нашарланып бұзылуының салдарынан адамдардың көбісі ауыршаңдық болып келетіндігі табиғатымыздың күрт өзгеруінің салдарынан болып отырған нәтиже. Осы жерде айта кетсек Арал, Балқаш, Семей өңірлерінің экологиялық жағдайларының нашарлануының салдарынан әртүрлі жаман аурулар көбейіп кетті. Осы мәселе біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлем алдындағы экологиялық мәселелердің бірі болып отырған жоқ па? Адамның ақыл-ойының нәтижесінің арқасында әр түрлі атом станциялары, зауыттардың қалдық қоқыстары табиғатымызды ластап жатыр.
Осының бәрі экологиялық сананың жетіспеушілігінің арқасында адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы парыздарын сезінбегендіктен адам өміріне кауіп төніп отыр деседе болады. Табиғаттың қыр-сырын терең білмей, оған немқұрайды қарауға болмайды. Болашақ ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие бере отырып, жеке адамның бойындағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырумен қатар құрметтеуге сүйюге тәрбиелеу арқылы оны тиімді пайдалануға үйретуіміз қажет. Табиғаттағы болып жатқан барлық нәрселер өзара тығыз байланыста. Табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын адам да айналасындағы қоршаған ортамен, яғни Жермен, өзен-көлдермен, ауамен және айналадағы болып жатқан құбылыстармен байланыстымыз.
Экологиялық тәрбие отбасынан, мектеп қабырғасынан күнделікті өмірден басталады. Халқымыз табиғатты анаға теңеген екен. Өйткені табиғатымызда тіршілік көздері бар. Табиғат пен қоғамның өзара жан-жақты байланысын бірте-бірте күшейтіп дұрыс жолға түсіре отырып, табиғатымыздың байлығын қорғап, оны сақтап келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Табиғат — сұлулықтың өмір-бақи таусылмас қайнар көзі.
О, табиғат сен неткен сұлу едің,
Көз тартарлық орман, көл, өзендерің.
Мен сенің сұлулығыңа бас иемін,
Сен өйткені, тіршіліктің көзісің.
Жасыл орман таза ауа жерімен,
Сақталсын мәңгі бақи елімен.
Байлығыңды қорғап құрметтеп,
Жеткіземін ұрпаққа әлпештеп.
Мен сүйемін асыл табиғатымды,
Жайнаған жасыл желек жерімді.
Сен болашақ ұрпақтың көркісің,
Жер ана сен ұрпақтың гүлісің.
- 17873 просмотра