Ертеңгілік «Тәуелсіз елім — Қазақстаным»
СҚО, Акжар ауданы, Ленинград ауылы, МКҚК «Еркетай» балалар бөбек бақшасы лауазымы: әдіскер |
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің балабақшамыздың «Тәуелсіз елім — Қазақстаным» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! біздің туған еліміздің, туған жеріміздің егемендігі ел болып, тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күні ата баабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.
Қазақстан Республикасының әң ұраны
Жүргізуші:
Құттықтау сөзі «Еркетай» балалар бөбек бақшасының меңгерушісі Смагулова Р. Т-ға беріледі.
Жүргізуші:
Арманды жақындатып тым алыс.
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан — елім менің
Би «Қазақ биі»
Жүргізуші: біздің мерекемізге қонақтар да асығып келді. Алдымен қонақтарды қарсы алайық. «Жеті алып» ертегісінен желаяқ келе жатыр
Желаяқ. Аяғым жүгіргісі келіп тыным таппайды. Бір жерде тұра алмаған соң, аяғыма тас байлап едім, соған қарамастан араларыңа жылдам жеттім.
Жүргізуші: желаяқ жүгіре-жүгіре шаршаған боларсыз, отырыңыз, дем алыңыз. Көрмейсізбе біздің балалардың жүздері жарқын, неге десеңіз бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесін тойлаудамыз.
Желаяқ. Балалар мен сендерге өзіммен бірге сұрақтар алып келдім ал сендер жауабын айтып беріндерші.
- қазақстан республикасының рәміздері қандай? (ту, елтаңба, әнұран)
- тудың түсі қандай? (көгілдір)
- қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет)
- тәуелсіз мемлекетіміздің елбасы кім? (Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев)
- тәуелсіздікке биыл неше жыл? (25 жыл)
- Біздің елордамыздың қаласы қалай аталады? (Астана қаласы)
Желаяқ: Қандай ақылды балаларсыңдар. Сендерден көп нәрсе үйрендім. Ал сендер ойын ойнау білесіңдер ме?
Балалар: білеміз
Жүргізуші. Ұлттық ойындарды еске алып, «Тақия тастамақ» ойынын ойнайық
«Тақия тастамақ» ойыны
Желаяқ: ой, ой тастарымды бекер шештім. Аяқтарым бір жерде тұрмайды, жүгіре береді. (жүгіріп шығып кетеді)
Жүргізуші
Қазақ дейтін менің бір елім
Жатыр алып жатыр дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтак жерімізде Қазақ халқының басынан не өтепді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
«Қарлығаштар» би
Жүргізуші сол күндер ғой жүректін аңсағаны
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады
Өкініш пе, білмеймін қуанышпа
Өз-өзінен жүрегім ән слады
Ән: «Елтаңбасы елімнің»
Жүргізуші. Біздің бүгінгі мерекемізге тағы бір қонақ келе жатыр, қарсы алайық. (Қарны қампиған Көлтауысар келеді.)
Ол ұртына су толтырып алған. Балалар қарандаршы. Қарнынан басқа мүше байқалмаған, өзінің омыртқасы қайқандаған. Жалпақ бас, жайын ауыз, көнтек ерін, сөзімді түсіндіріп айта алмаған- бұл Көлтауысар деген ағамыз. Қарнын қарандаршы, іші толы су. (басып көреді.)
Жүргізуші-сіз қайдан келе жатырсыз?
Көлтауысар: қолын сілтейді
Жүргізуші: таудың ар жағынан ба?
Көлтауысар: басын изейді
Жүргізуші: Неше көлдің суын тауыстыныз?
Көлтауысар: Иығын көтереді.
Жүргізуші: Сан жоқ десеңізші, қолындағы не? балық па?
Көлтауысар: Басын изейді
Жүргізуші: балалар, көлтауысар көлдің суын тауысып балықтарын бізге алып келген екен. Біз осы балықтармен ойын ойнайық.
Ойын: «бір көлден екінші көлге балықты қармақпен ұстап, басқа көлге тасу» (көлтауысар аузындағы суын шашады.)
Жүргізуші: көлтауысар суыңызды төге бермеңіз. Отырған жерімізді су алып кетер. Тобымыздың қадірлі қонағы болыңыз. Балалардың өнерін тамашалайық.
Жүргізуші: тәуелсіздік күніне арналған мерекелік өлең шумақты қабыл алыңыздар
Тақпақтар
Жүргізуші
алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой-қиялды қалын күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
Домбыра биі
Жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғасытырып елдікті
Дақ түсірме ата-баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағатты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұста жоғары
Ән: «Қазақстан жалауы» (қарлығаштар тобы)
Жүргізуші:
Желтоқсан — замаң толғағы байтақ даланың
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Жетолқсан — Қайрат, Лаззәт, Сабира
Құрбаны болған жаланын.
Батырлар биі
Жүргізуші:
барлық ұлттын басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық, Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты.
«Қыздар биі»
Жүргізуші:
бойында әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жырқырап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ
ән «Атамекен»
Жүргізуші
Қазақ елім! Туды жастық дәуірін
Алғандайсын жұлдызының жарығын
Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым,
туған күнің құтты болсын алыбын,
тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп, тілейік ағайын. Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған мерекелік кешіміз өз мәресіне келіп жетті. Келесі кездескенше сау саламатты болыңыздар!
Источники: https://tak-to-ent. net/load/405-1-0-15694
https://sabaq. kz/
- 13551 просмотр