Физика пәнінен қайталау сабағы 9 сынып
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары негізгі мектебі Физика мұғалімі Шакенова Камар Ералиевна |
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік-оқушылардың алған білімдерін жинақтау, жүйелеу,қорытындылау, формулаларды пайдаланып есептер шығару.
Дамытушылық—оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік-бірлесе жұмыс істеуге, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қорытындылау, жүйелеу сабағы.
Оқу әдісі: топтық жүйе, сын тұрғыдан ойлау технологиясы.
Құрал-жабдықтар: тақта,плакаттар,деңгейлік тапсырмалар.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру /амандасу,сыныпта психологиялық ахуал туғызу/
ІІ. Ой қозғау. Топтастыру стратегиясы
ІІІ. «Қайталау—оқу айнасы»
ІV. «Білімдіге биіктен орын» Трек схема,ауызша есептер.
V. «Ой толғаныс» есеп шығару
VI. Оқулықпен жұмыс
VII. Қорытындылау,бағалау,үй жұмысы
ІІ. Ой қозғау. Топтастыру стратегиясында импульс туралы ойымызды топтастырамыз
ІІІ. «Қайталау—оқу айнасы». Бүгінгі сабаққа қажетті материалдарды еске түсіру. Оқушыларға сұрақтар беріледі
1. Импульс дегеніміз не? Қандай шама?
2. Дене импульсі векторының бағыты қалай бағытталған?
3. Түйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?
4. Күш импульсі дегеніміз не? Күш импульсінің векторы қалай бағытталған?
5. Реактивті қозғалыс дегеніміз не? Оның түрлерін атаңдар.
6. Механикалық энергия дегеніміз не?
7. Потенциалдық және кинетикалық энергия қандай жнергия?
8. Түйық жүйесінде қандай жағдайда толық механикалық энергия өзгеріссіз қалады?
ІV. «Білімдіге биіктен орын» Трек схема,ауызша есептер
1. Массасы 2кг білеу аса тегіс горизонталь бетте жатыр. Егер сол білеушеге горизонталь бағытталған 10 Н күш түсірсек,онда ол қандай үдеумен қозғалады? Жауабы: 5 м/с2
2. 2 Н күштің әсерінен серіппе 4см ұзарды. Серіпеннің қатандығын анықта. Жауабы. 50н/м
3. Автомобиль радиусы 100м айналма жолмен жүріп келеді.Егер автомобиль 54 км/сағ жылдамдықпен келе жатса онда оның центрге тартқыш үдеуі неге тең? Жауабы. 2,25 м/с2
4. Велосипедші 150 м жолды 1,5 м/с жылдамдықпен жұрген. Осы ара қашықтықты велосипедші жүріп өтетін уақыты неге тең? Жауабы 100 сек.
V. «Ой толғаныс» есептер шығару
VI. Оқулықпен жұмыс
Рымкевич. № 368 есеп 1
VII. Қорытындылау, бағалау,үй жұмысы
19-23 қайталау Рымкевич № 377 /1, 2/
- 19390 просмотров