Қазақ тілін оқытуда жұмбақтарды қолдану
Маубиева Сауле Еркеновна учитель казахского языка, вторая квалификационная категория, ГККП ясли-сад «Малыш» г. Петропавловск |
Загадки-догадки для изучения казахского языка
Мақсаты: Закрепить знания о жизни диких животных, узнавать и называть их, выделять характерные особенности внешнего вида, особенности питания; знакомство с новыми словами (жилище диких животных);
Развивать активную речь детей, память и сообразительность;
Воспитывать интерес к народному творчеству (отгадывание загадок)
Материалдар: мяч, дорба, мнемокарты, мольберт, обручи, картинки животных
Ход занятия:
Тәрбиеші:
Қане, қане, тұрайық!
Үлкен шеңбер құрайық!
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, саған!
Қайырлы таң, маған!
Қайырлы таң, барлығына!
Под музыку входит Алдар Косе
Алдар: — Сәлеметсіздер, ме балалар! Мен Алдар Көсемін. Мен Қазақстан бойын аралап кішкентай балалармен танысып жүрмін. Сендермен де танысқым келеді.
Тәрбиеші: — Алдар Косе отырып, дем алыңыз! Қазір, балалар өздері жайлы айтып береді.
Ойын «Кел, танысайық»
— Сенің атың кім? — Сен неше жастасың?
— Сенің атың кім? — Сен қай Республикада тұрасың?
— Сенің атың кім? — Сен қай қалада тұрасың?
— Сенің атың кім? — Сен қай балабақшаға барасың?
Алдар: — Жарайсыңдар, балалар! Орындыққа отырыңдар.
Сендер ойын ойнауды жақсы көресіңдер ме? Ал, мен жұмбақ жасыруды жақсы көремін.
(дорбаның ішінен мнемокесте шығарады)
— Мынау не? (әрбір мнемокестеде жабайы аң жасырылған)
— Мынау — аю.
— Қайдан білдің? — Как ты догадался?
— Аю үлкен. Түсі — қоңыр. Аю балық жейді.
— Тиін кішкентай. Түсі — сұр. Тиін жаңғақ жейді.
— Қасқыр үлкен. Түсі — сұр. Қасқыр орманда мекендейді.
Түлкі. Түсі — сары. Түлкі балық жейді. Түлкі орманда мекендейді.
Алдар: — Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақ шешу біледі екенсіңдер! Балалар, а как называется жилище лисы?
Жаңа сөздер:
Нора — ін, в норе — інде
Дупло — қуыс, в дупле — қуыста
берлога — апан, в берлоге — апанда
логово — апан, в логове — апанда
Балалар әр түрлі тәсілдермен яғни, алақанға отырғызу, топпен, топшамен жаңа сөздерді қайталайды.
Сергіту сәті: «Қоян»
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
— Балалар, қазір ойын ойнаймыз. Мен сендерге жабайы аң суреттелген карточканы таратамын.
Сендер жабайы аңды өз үйіне орналастыру керексіңдер.
«Жабайы аң үйін тап» д/о
— Түлкі қайда тұрады?
Түлкі інде тұрады.
Аю апанда тұрады.
Тиін қуыста тұрады.
Қасқыр апанда тұрады.
А: — Жарайсыңдар, балалар! Әр жабайы аң өз үйінде.
Рефлексия: «Көңіл күй»
— Балалар, егер сендерге сабақ ұнаса және қызықты болса көңілді смайлды таңдаңдар. Егер көңілді, бірақ қиын болса мынау смайлды таңдаңдар. Ал, егер көңілсіз және қызықсыз болса мынау смайлды таңдаңдар.
Алдар косе: — Жақсы! Балалар, өте білімді екенсіңдер! Сау, болыңдар! Кездескенше!
- 10512 просмотров