Кембридж тәсілінің негіздері
Куттыгожин Нурлан Сапарулы, учитель истории и права, вторая квалификационная категория высшего уровня, КГУ Чкаловская средняя школа № 2, село Чкалово, Тайыншинский район, СКО |
Сәуір айынан маусым айы аралығында мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курсында үшінші (негізгі) деңгей бойынша білім алдым. курс барысында білім берудегі Кембрдж тәсілі бағдарламасы бойынша білім алдық. Курс үш жүрді. Бірінші айында теориялық білім алдық, екінші айда мектепте іс-тәжірибеден өттік және үшінші айда әр күн сайын берілген тапсырмаларды орындап, сабақтарымызды қорғадық.
Негізінен бағдарлама өзара байланысқан жеті модульден тұрады.
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
5. Талантты және дарында балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерге оқушыны «қалай оқыту керектігін үйрету» жатады. Жеті модульді қолдана отырып, біз оқушыға өз бетінше іздену, білім алуға деген жауапкершілікті түсіндіріп, ынталандыру керекпіз. Әркез мұғалім мен оқушы арасында және оқушылардың бір-бірімен диологі болу керек.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі, мұнда оқушының да, ұстаздың да сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды көздейді. Мұғалім өз тәжірибесінде, осы технология элементтерін қолдануы керек және балалардың білімдерін сыни тұрғыдан бағалауы тиіс. Бұл технологияны қолданғанда, оқушылардың қызығушылығы арта түседі, олар өз бетінше тақырыпқа байланысты материалдар жинақтауға, дерек көздерді салыстыруға, өз ойын ашық, толық білдіруге, талқылауға үйренеді.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау модулін қолданғанда, онда сабақтың тапсырмаларына арнайы критерийлер құрып, сол критерийлер бойынша оқушылар өздері жұмысты қаншалықты орындай алғандарын көріп, түсінеді. Өздеріне өздері баға беруге үйренеді. Курста оқығанда бізге Назарбаев интеллектуалды мектебінің бағалау критерийлерін көрсетті. Бұл бағалау өте қиын.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану модуліне мұғалімдердің сабақта компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, интернет желісін қолдану, онлайн сабақтар жатады.
5. Талантты және дарында балаларды оқыту
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту модулі, бұл басқа модульдермен тығыз байланысты. Мұғалім түрлі жастағы балалардың ақпаратты әртүрлі қабылдайтынын ескеріп, балалардың жас ерекшеліктеріне сай қылып тапсыриаларды құрастыруы керек.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық модулі мұғалімге қатысты. мұғалімнің тәжірибесін, өз білімін жетілдіру тәсілдеріне негізделген. Қазіргі кезде мұғалім жан-жақты, жаңаша жұмыс істей алуға ұмтылуы керек. Өзінің кәсіби міндеттерін түсініп, жұмыстарын жоспарлап, әріптестерімен кеңесіп, бірлесе жаңаша жұмыс жүргізуі тиіс.
Курста оқығанда осы жеті модульді оқып, меңгердік. Және де негізінен бізді топпен бірігіп жұмыс жасатты. Қазіріг кезде мұғалім ұжыммен жұмыс жасай білуі керек екен.
Екінші айда іс-тәжірибеден өткенде, мен мына төрт тақырып бойнша сабақ бердім. Сабақтарды 7 модульді қолданып, жаңаша түрде жүргізу керек болды. Өз тәжірибемде бұрын мұндай технологияларды қолданбағаннан кейін, жаңаша жұмыс істеу маған да, оқушыларға да бастапқыда қиын, болды.
Бірақ, күнде сабақтарда осы модульдерді қолднғаннан, оқушылар ақырындап, тапсырмаларды дұрыс орындай бастады, сабаққа деген қызығушылықтары, топпен жұмыс жасай алу дағдылары, жауапкершіліктері арта түсті. Менің өзім де, бұл модульдерді курста оқыған бір бөлек, сабақта қолдану бір бөлек екенін түсіндім, Сабақтарымда тақырыпты жай әңгімелегеннен гөрі, диолог жүгізу, көрініс қою, тренинг жүргізу, топпен жұмыс жасауға араналған тапсырмалар, өлең шығару сияқты жаттығулар арқылы сабақты қызықты, ұтымды, түсінуге жеңіл етіп өткізуге болатынынна көзім жетті. Маған курс өте ұнады, курстан алған білімімді сабақтарымда қолданатын боламын.
- 10765 просмотров