9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Коучинг — үйрену шеберханасы

Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2025» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Тұрбекова Майрамгүл Бақытқызы № 13 орта мектеп гимназиясы бірінші (ілгері) деңгей қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тұрбекова Майрамгүл Бақытқызы

Мұғалімдердің көпшілігі өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық. Дьюидің «Біз қалай ойлаймыз?» (1910) деген кітабы рефлексивтік ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыра отырып оқытуға ерекше ықпал етті. Үдерістің бұл мағынасы Шонның соңғы еңбектерінде рефлексивті тәжірибені педагогтердің проблеманы анықтау және жұмыс барысында эксперимент жүргізе отырып шешу әдістерінде қарастыратынына байланысты (МАН 25-бет).

Осыған орай оқушының мұғалім мен пәнге қызығушылығын, мүмкіндігін, деңгейін, мотивациясын ескермей, жалпысыныпты меңгертуге құрылған, деректерді есте сақтауға, жаттатқызуға құрылған оқытудың ішкі мазмұны баланы дамытпайды.

Оқушылардың белсенділігін басып тастамау үшін, момын, ұяң, белсенді емес оқушыны сабаққа тарту үшін не істеуге болады?

Осы мәселені шешуде мұғалімдерге көмектесетін — рефлексивті оқыту әдісі.

Рефлексивті оқыту — мұғалімдердің проблеманы анықтау және жұмыс барысында эксперимент жүргізе отырып шешу әдістері.

Рефлексивтік оқытудың дағдылары:

  •  Проблемаларды мойындап, оларды шешудің тиімді құралдарын іздеу;
  •  Басымдықты белгілеудің маңыздылығын және міндеттерді шешуде олардың басым мәнін түсіну;
  •  Тиісті ақпаратты жинақтау мен сұрыптау;
  •  Нақты және түсінікті сипаттама беру;
  •  Белгіленбеген жорамал мен құндылықтарды мойындау;
  •  Шешім қабылдап, дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше түсіндіру;
  •  Шынайы қорытындылар мен жалпылаулар жасау;
  •  Қол жеткізілген тұжырымдар мен жалпылауларды қуаттау;
  •  Алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету.
Коучинг — үйрену шеберханасы

Коучинг тақырыбы: Рефлексивтік оқыту

Апта: 3

Күні:  24.01.2014ж.

Сабақ

1-деңгей мұғалімі:Тұрбекова М.Б.

Сабақ тақырыбы:

 

 Рефлексивтік оқытудың  сабақтағы оқушы қызығушылығын арттыруға әсері

 

 

Рефлексивтік оқыту  тұрғысынан проблемаларды мойындап, оларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру.

Жалпы мақсаты:

 

 

Оқу нәтижелері

Сабақ соңында  мұғалімдер рефлексивтік оқыту дағдыларымен танысады.

 Тиісті ақпаратты жинақтайды және сұрыптайды.

Шешім қабылдап, дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше түсіндіреді.

Алынған тәжірибесінің негізінде ұстаным модельдерін түзетеді.

 

Уақыты;

Тренер (мұғалім) әрекеті

 

Тыңдаушылар (оқушылар) әрекеті

Бағалау

Ресурстар

2 минут

3 минут

 

2 минут

 

5 минут

 

 

15 минут

 

 

 

 

 

20 минут

 

 

 

30 минут

 

 

 

 

20 минут

 

 

 

10 минут

 

 

1.Сәлемдесу

2.Сергіту сәті «Gummy Bear»

 

3.Топқа бөліну            (фигуралар  арқылы)

4. "Құмырадағы сызат" бейнероликті ұсыну

 

5.Іс-әрекет алдындағы толғаныс

1.Құмырадағы сызатты адам бойындағы кемшілікпен байланыстыруға бола ма?

2.Сызаты бар құмыра туралы ойыңыз қандай?

3.Ол жөндеуге келе ме? Қалай?

 

6.Іс-әрекет үстіндегі толғаныс

Неге?

Қалай?

Не?

7. Іс-әрекеттен кейінгі толғаныс

Рефлексивті есепке байланысты топта жұмыс жасауды,топ шешімін постерге түсіруді ұсыну.

 

 

8.Постерді қорғауға ұсыныс жасау

 

 

 

9.Сабақ бойынша кері байланыс алу

 

 

Сәлемдесу

2.Сергіту сәті «Gummy Bear»

 

3.Топқа бөліну                        

 

4.«Құмырадағы сызат» бейнероликті тамашалайды

 

5.Қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

 

6.Топқа бөлінеді

 

 

 

7.Сабақ жоспарын құрады

 

8.Топта ой бөлісу,негізгі сәттерді постер бетіне түсіру

 

 

9.Постерді қорғау,ойларын негіздеу

 

 

 

10.Сабақ бойынша кері байланыс беру

Мадақтау

Өзара бағалау

 

 

 

Ауызша кері байланыс, өзара бағалау

 

Ауызша кері байланыс, өзара бағалау

 

 

Бейнежазба

«Gummy Bear»

 

Фигура қиындылары

 

 

 

 

 

 

 

 

Постер,

Маркерлер

 

Топтардың дайындаған постерлері

 

Стикерлер

 

 

Кері байланыс

Коучинг — үйрену шеберханасы

Коучинг барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер әріптестерімнің қызығушылығын арттырды. Алдымен әр ауданнан келген мұғалімдермен «Танысу ойыны» жүргізілді. Мақсаты: топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым-қатынастың белсенді стилін меңгеру. Кейін әріптестермен бірге "Gummy Bear«сергіту сәтін өткіздім.

Коучинг негізінен топтық жұмысқа құрылғандықтан фигура қиындылары арқылы мұғалімдер 5 топқа бөлінді. Коучинг тақырыбына сай қызығушылықты арттыру мақсатында қытай аңызына құрылған «Құмырадағы сызат» атты бейнеролик көрсетілді. Бейнероликті тамашалап болғаннан соң, іс-әрекет алдындағы толғанысты жүзеге асыру үшін мұғалімдерге төмендегі сұрақтар қойылды:

а) Құмырадағы сызатты адам бойында кездесетін кемшілікпен салыстыруға бола ма?
ә) Жарық құмыра туралы ойыңыз қандай?
б) Құмыраны жөндеуге бола ма, болса қалай?

Қойылған сұрақтарға топ мүшелері бірлесе отырып ақылдасып, келісіп, ортақ шешімге келіп, өз ойларын ортаға салды.

Іс-әрекет үстіндегі толғаныс Синектің НЕГЕ, ҚАЛАЙ, НЕ конустық метафорасына құрылды.

1. НЕГЕ барлық оқушылардың білім сапасы бірдей емес?
2. ҚАЛАЙ көмектесуге болады?
3. НЕ істеу керек?

Коучинг — үйрену шеберханасы

Іс-әрекеттен кейінгі толғаныстан соң әр топ өздерінің іс-әрекеті мен тәжірибелеріне қатысты бірқатар ойлар мен мәселелерді анықтап, өз шешімдерін постерге түсіріп, қорғады. Коучинг соңында кері байланыс жүргізіліп, әріптестердің пікірлерімен, ұсыныстарымен таныстым.

Коучинг жүргізу барысында әріптестеріммен бірлесе отырып, олардың қажетіліктерін ескеріп, толғандырып жүрген мәселелерін бірлесе шешуге атсалыстым. Ізденіске итермеледім. Әріптестерімнің идеяларымен алмасып, рефлексивті диалогқа түсіру барысында коучингке қатысқан әріптестерімнің тәжірибе барысындағы жекелеген салаларын жетілдіруге жұмыс жасадым.

Категория: