Құрметті комиссия мүшелері
Сатпаев Ануар Кенжебекович студент, Восточно Казахстанский университет им. Аманжолова, Усть Каменогорск |
Магистрлік диссертацияның тақырыбы — қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстау рәсімін реттеу.
Магистрлік диссертацияның мақсаты — қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу рәсімін құқықтық реттеудің жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа байланысты, жұмыстың міндеттері:
1. Күдіктіні ұстап алу рәсімінің түсінігін, мақсатын және мәнін қарастыру.
2. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап алу кезіндегі құқықтық реттеудің отандық және шетелдік тәжірибесін анықтау.
3. Қазақстан Республикасында күдіктіні ұстап алу рәсімінің ерекшеліктерін белгілеу.
4. Қылмыс жасады деген күдіктіні ұстап алу рәсіміндегі өзекті мәселелерді анықтау.
5. Қылмыс жасады деген күдік бойынша қамауда ұстау рәсімін құқықтық реттеуді жетілдіру жолдарын қарастыру.
Жұмыстағы зерттеу объектісі — қылмыстық іс жүргізу институты ретінде қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу рәсімі.
Жұмыстағы зерттеу субъектісі — күдікті адам.
Зерттеу пәні — қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу рәсімі.
Зерттеу әдістері: заң әдебиеттерді талдау, нормативтік-құқықтық құжаттаманы талдау, отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу және қорыту, салыстырмалы-құқықтық және тарихи-диалектикалық әдістері, теориялық талдау және синтез, жіктелуі, жалпылау.
Магистрлік диссертацияның ғылыми жаңалығы — күдіктіні ұстап алу процесін құқықтық реттеу жөніндегі негізгі мәселелерді қарастырып талдау.
Бұл жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы — қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу рәсімін құқықтық реттеудің жетілдіру жолдарын құрастырып дайындау.
Бостандық пен адам құқығы — әр халық пен мемлекеттің өміріндегі ең жоғары құндылық. Осыған байланысты әлемнің барлық дамыған елдерінде бостандық пен адам құқықтары елдің заңнамасымен қорғалады және қатаң сақталады.
Біздің елімізде адам құқықтары мен бостандықтары халықаралық құқық нормаларымен реттеледі және еліміздің басты заңы — Конституциямен кепілдендіріледі.
Алайда сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектеу қажеттігі туындайды. Құқықтар мен бостандықтардың мұндай шектеулері әсіресе күдіктілерге қатысты. Күдіктілердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектеу мәселесі заң әдебиетінде бұрыннан талқыланып келеді.
Осы жұмыс тақырыбының өзектілігі — күдіктіні ұстау процедурасы кезінде адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қарастыру.
Күдіктіні ұстау — бұл заң бойынша жаза ретінде бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстық істерді деп күдік келтірген адамды тез арада және қысқаша уақытқа күзетке алудан тұратын, оның қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін және ұсталғанға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы сұрақты шешу үшін жүгізілетін тергеу әрекеті.
Күдіктіні ұстап алу негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процесстік кодексінің 128 бабында жазылған.
Күдіктіні ұстап алу процессі әділ және заңды болу үшін нақты қылмыстық істің мән-жайларына, себептеріне және тергеушінің жеке басына тікелей байланысты. Ұстап алу процессі — бұл заңды негіздерсіз немесе тиісті құқықтық процедурасыз адамды бас бостандығынан айыру деп түсініледі.
Сонымен, күдікті адам дегеніміз — қылмыс субъектісі, яғни адам туралы болжам, кез-келген фактілер, тексеруді қажет ететін барлық ақпарат жинағы. Алайда тергеушінің санасында пайда болған күдік бұл адамды іс жүргізу мағынасында күдікті етпейді. Шын мәнінде, бұл тергеушінің жеке өз пікірі болуы мүмкін, сондықтан бұл пікір іс жүзінде бекітілмейді. Әрине, бір адамды күдіктеу үшін, оған нақты негіздер және дәлелдер болуы тиіс.
Қылмыстық процессте ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінде күдіктіні ұстап алуға барлық негіздер жазылған.
Бірінші шарт — қылмыстық іс басталғаннан кейін ұстап алу процессі мүмкін болады. Алайда бұл ұстанымда өзінің жақсы жақтары да, өзінің бір кемшіліктері бар.
Екінші шарт — қылмыс өте күрделі болуы тиіс, яғни ұстап алу бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалуы мүмкін. Сонымен, күдіктіні ұстап алу себептері — бұл істің нақты фактілері мен жағдайлары ұстау қажеттілігі, яғни негіздердің болуы.
Құқықтық дамыған елдерде адам бостандығы және құқықтары заңды түрде бекітіліп, толығымен сақталады. Шетелдік тәжірибе бойынша, ҚР өз құқықтық заңнамасында 2015 жылдан бастап Миранда ережелерін енгізді.
Біздің еліміздегі күдіктіні ұстау тарихында өзіне тән ерекшеліктері бар. Әр халықтың мемлекет тарихында маңызды рөл атқарған тұлғалары бар. Қазақ халқында бұрынғы кезде қазіргідей сот та, тергеуші де, адвокат та болмаған. Дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі болған би.
Қазіргі кезде күдіктінің құқықтары мен мүдделері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процесстік кодексiнің 64-бабында көрсетілген.
ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабына сәйкес Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамды босату негiздерi қарастырылды.
Адам құқықтары саласындағы маңызды келесі мәселелер:
- үкімет тарапынан немесе оның атынан заңсыз немесе қасақана кісі өлтіру;
- үкімет тарапынан және оның атынан азаптау;
- саяси тұтқындар;
- сот жүйесінің тәуелсіздігіне байланысты мәселелер;
- пікір білдіру, баспасөз және интернет бостандығын шектеу;
- бейбіт жиналыстар мен қоғамдастықтар бостандығына араласу;
- саяси өмірге қатысуды шектеу;
- сыбайлас жемқорлық;
- адам саудасы және жұмысшылар қоғамдастықтарының бостандығын шектеу.
Осы жұмыстың тақырыбы бойынша, жалпы қылмыс жасады деген күдік бойынша қамауда ұстау рәсімін құқықтық реттеуді жетілдіру жолдарын ұсынғым келеді:
1. Қылмыстық процесте адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін арттыру.
2. Қылмыстық процестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ең алдымен адвокаттардың іс жүргізу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы, сонымен бірге адвокаттардың кәсіби дайындығын күшейту.
Қазіргі кезде қарастырылатын істер көбінде адвокаттың жұмысына байланысты болады. Бүгінгі адвокаттар өкілеттіктерінің тізімі олардың клиенттерінің мүдделерін толық көлемде сапалы түрде ұсынуға мүмкіндік бермейді. Яғни, күдіктінің құқықтарын ең алдымен қорғайтын адам — адвокат болып табылады. Сонда неғұрлым адвокат кәсіби, тәжірибесі мен білімі мол, өзінің ұсталынған принциптері болған жағдайда, өзіне сеніп отырған адамды, яғни күдіктіні толығымен кәсіби деңгейде қорғай алады.
Сонымен қатар, адвокат өз ісінің нағыз шебері болса, әрине, істі сапалы деңгейде жүргізуге, адамның барлық құқықтарын қорғауға, күдіктіні ақтап алуға тырысады. Әрине, бұл мәселе тек күдіктіге байланысты емес. Жалпы бұл мәселе мемлекеттік деңгейде қарастырылып, адвокат және адвокатураның қоғамдағы және мемлекеттегі рөлін, маңыздылығын арттыру, сапалы күшейті болып келеді.
3. Тергеу және де ұстап алу процедураларын жеңілдету, сонымен бірге бүкіл сот процестің тиімділігін қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде құқықтық салада болып жатқан көптеген процедуралар, әсіресе күдіктіні ұстап алу рәсімі еліміздің заңнамасында жазылғанымен, іс жүзінде кәсібі деңгейде жетілмеген.
Яғни, күдіктіні ұстап алу рәсімінде адвокатқа дейін, кейбір жағдайларда күдікті адамға күнәларды мойындатып қояды. Күдікті адам өз құқықтарын толығымен білмегендіктен, сонымен қатар, психологиялық қысым алған кезде, өзі де қандай қағаздарға қол қойғанын білмей де қалады. Кейбір азаматтарда полиция қызметкерлерін көшеде көрсе, тіпті ешқандай құқық бұзушылық жасамаса да, соның өзінде толқу басталады. Әрине, сондай себептерді ешкім ескеріп отырмайды.
Сонымен қатар, барлық қылмыстық істер үлкен уақыт мерзіміне созылуы мүмкін. Оған да бір психологиялық шыдамдылық болу қажет. Әрине, адам қаржы жағынан да дайын болу тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша, белгілі бір санаттағы тұлғаларға тегін заң көмегі қарастырылған. Сонымен бірге, күдіктінің құқықтарын қорғау үшін жаңа енгізілген «Миранда ережесі» бойынша адвокат беріледі. Сондықтан, күдіктілерге, жәбірленушілерге, құқықтық қорғауға мәжбүр адамдарға өз заңды құқықтарын толығымен түсіндіріп жеткізу керек. Яғни, сол кезде ғана біздің еліміздегі қылмыстық істер, жалпы сот жүйесі әділ, құзыретті болады деген ойдамын.
4. Бұрынғы қазақ салтымыз, дәстүріміз бойынша, қазақ әдет-ғұрып құқығының қайта қарастыру, енгізу, жаңғырту.
Қазақ халқының өзіне тән ерекшелігі, тарихи құндылығының бірі — әдеттік-құқықтық жүйе. Қазақ тарихында бүкіл халық би деген тұлғаға аса құрметпен қараған. Себебі би адамның заңды құқықтарын ең маңызды сатыға қойған. Сондықтан, менің ойымша, біздің халқымыздың асыл құндылығын қайта жаңғыртып, тәжірибеге енгізсе. Әрине, бұл сұрақты жан-жақты қарастыру жөн. Яғни, мемлекеттік деңгейде, жалпы түрлі зерттеулер де жүргізу жөн. Сонымен бірге, бұл жаңғырту жастарға деген үлкен тәрбиелік мәні зор деп есептеймін.
Әрбір қылмыстық іс барлық жағынан көптеген шарттарды және материалдарды талап етеді.
Күдікті адамның заңмен бекітілген құқықтары толығымен сақталуы тиіс. Әрине, кейбір кездерде күіктіден біраз түсініспеушілік те пайда болуы мүмкін.
Қорыта келгенде, менің ойымша, адамды күдікті деп танудың мұндай тәртібі, жалпы мемлекеттің қылмыстык іс жүргізу қызметі саласына тартылған кезде адам мен азаматтын құқықтарын қамтамасыз ету үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды. Бұл іс-шаралар адамның ең маңызды заңмен бекітілген құқықтары — бостандығын, жеке адамның тағдырын және өмірлік құндылықтарын сақтауға, қорғауға бағытталған.
Сонымен, магистрлік жұмыстың мақсаттары мен міндеттері толығымен қарастырылды.
Назарларыңызға рахмет
- 7024 просмотра