Лексика-грамматикалық тақырыптарына байланысты орыс тілінде оқитын колледж оқушыларының білімін тексеруге,бақылауға арналған тестік сауалдар
Бейсенова Гульмира Мажкеновна қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, СҚО колледжі Петропавловск қ. |
Лексикалық бөлім
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
а) ағылшын; ә) славян; б) түркі; в) қырғыз;
2. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе ие болды?
а) 1987; ә) 1988; б) 1989; в) 1991;
3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенты қай жылы сайланды?
а) 1992; ә) 1991; б) 1990; в) 1993;
4. Қазақстан Республикасының қандай рәміздері бар?
а) жалау, конституция, парламент: ә) елтаңба, президент, мемлекет;
б) ән – ұран, сайлау, ұлттық валюта; в) елтаңба, ту, ән – ұран;
5. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы заң қашан қабылданды?
а) 1991 жылы 1 желтоқсанда; ә) 1992 жылы 4 маусымда;
б) 1993 жылы 20 қантарда; в) 1990 жылы 4 шілдеде;
6. «Конституция» сөзінің аудармасын табыңыз:
а) Заң; ә) Отан; б) Ата заң; в) Нұсқау;
7. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?
а) 1990 жылы 10 қараша; ә) 1991 жылы 16 желтоқсан;
б) 1992 жылы 22 қыркүйек; в) 1991 жылы 1 желтоқсан;
8. Қай жылы ұлттық теңгеміз айналымға түсті?
а) 1992 жылы 16 қараша; ә) 1993 жылы 15 қараша;
б) 1991 жылы 14 ақпан; в) 1994 жылы 1 қантар;
9. Ана тілі туралы мақал – мәтелдерді табыңыз:
а) Ана сүті бой өсіреді,Ана тілі ой өсіреді; ә) Тіл – тарих аманаты;
б) Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір; в) Туған жерім – алтын бесігім;
10. Қазақстанның ел ордасы қандай қала?
а) Алматы; ә) Петропавл; б) Астана; в) Көкшетау;
11. Бір жылда неше жыл мезгілдері бар?
а) 5; ә) 12; б) 4; в) 7;
12. «Қыс» мезгілінің айларын табыңыз:
а) қараша, желтоқсан, сәуір; ә) желтоқсан, қантар, ақпан;
б) қантар, ақпан, сәуір; в) ақпан, сәуір, қараша;
13. Қыс мезгілінің ауа –райы қандай болады?
а) суық, боранды; ә) жаңбырлы, ыстық; б) желді, сазды; в) ыстық, самалжерді;
14. Наурыз мерекесі қай мезгілде тойланады?
а) қыста; ә) көктемде; б) жазда; в) күзде;
15. Біздің өлкеміз қай өлке?
а) Шығыс Қазақстан; ә) Батыс Қазақстан; б) Солтүстік Қазақстан; в) Оңтүстік Қазақстан.
16. Отбасы мүшелерінің атауын тап:
а) әке, шеше, ата, әже; ә) орман, ағаш, өсімдік; б) нан, сүт, май; в) тау, су, от.
17. Солтүстік Қазақстан өлкесінде не өңдіріледі?
а) мақта; ә) астық; б) мұнай; в) алтын.
18. Қабанбай батырдың батырлығы үшін қойған аты қалай?
а) «Күшті»; ә) «Дарабоз»; б) «Талуан»; в) «Қайсар».
19. Қанжығалы қарт Бөгенбай кім болған?
а) батыр; ә) суретші; б) жазушы; в) хан
20. Махамбет кіммен бірге көтеріліске шыққан?
а) Сырым; ә) Исатай; б) Амангелді; в) Ескендір.
21. Махамбет қай ханға қарсы сөйлеген?
а) Тәуке; ә) Жәңгір; б) Қасым; в) Аблай.
22. «Отансыз адам – ормансыз бұлбул» мақалының орысша аудармасын табыңыз:
а) Родная земля – золотая колыбель;
ә) Человек без Родины, как соловей без леса;
б) Сила есть, ума не надо;
в) Чистота – золог здоровья.
23. Мақалды аяқтаныз «Адал достық – алтыннан ...»:
а) ауыр; ә) қымбат; б) жаркын; в) жеңіл.
24. Қазақ тілі сабағында біз ... сөйлейміз деген сөйлемде керекті сөзді дұрыс колданыңыз:
а) қытайша ә) қазақша; б) немісше; в) өзбекше.
25. Мақалды аяқтаныз «Деңсаулық – зор ...»
а) қуаныш; ә) байлық; б) саулық; в) арқау.
Грамматикалық бөлім
1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
а) 40 ә) 41 б) 42 в) 33
2. Қазақ алфавитінде неше спецификалық әріп бар?
а) 7 ә) 9 б) 5 в) 6
3. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?
а) 3 ә) 2 б) 4 в) 5
4. Дауыссыз дыбыстар қандай топқа бөлінеді?
а) қатаң, ұян, үнді ә) дауысты, жуан, қатаң б) үнді, жіңішке, дауысты в) жуан, қатаң, қосарлы
5. Буын түрлерін көрсетіңіз:
а) жіңішке, жуан, қосарлы ә) ашық, тұйық, бітеу
б) тұйық, жуан, ашық в) жуан, бітеу, жіңішке
6. Жіңішке сөзді белгілеңіз:
а) сабақ ә) аймақ б) еңбек в) асыл
7. Үнді дауыссыз дыбысы бар сөзді белгілеңіз:
а) мөр ә) доп б) қап в) тақ
8. Жуан дауысты дыбыстар қатарын белгілеңіз:
а) а, о, ұ, ы, и (у) ә) ә, ө, ү, і, е, и б) а, ү, ы, е, и в) п, б, в, р, л, ә, а
9. Сөздің құрамына енеді?
а) жұрнақ, жалғау, буын ә) түбір, жұрнақ, жалғау
б) есімше, көсемше, үстеу в) түбір, жалғау, сөз
10. Көптік жалғау жалғанған сөздер қатарын көрсетіңіз:
а) балалар, әкелер, аталар ә) колледжге, тауға, мекемеге
б) суретші, әнші, оқытушы в) асыл, мықты, қуаныш, табыс
11. Тәуелдік жалғаулары жалғанған сөздер қатарын көрсетіңіз:
а) дүкендер, шаралар, кәсіптер ә) үйім, үйің, үйі б) ұстазбын, студентпін, оқушымын в) талапқа, отбасына, дәрежеге
12. Жіктік жалғаулары жалғанған сөздер қатарын көрсетіңіз :
а) еңбегі, табысы, кәсібі ә) адамсын, азаматпыз, дәрігермін
б) үлгілі, сыпайы, мейрімді в) достар, замандастар, әріптестер
13. Қазақ тілінде неше септік бар?
а) 7 ә) 5 б) 6 в) 9
14. Ілік септік жалғаулары бар сөздер қатарын көрсетіңіз:
а) ағамның, досымның, дәптердің ә) ауылға, сапарға, жиналысқа
б) ағаммен, досыммен, дәптермен в) ойынға, баққа, биікке
15. Сын есімнің сұрақтарын көрсетіңіз:
а) не қылды? не істеді? ә) кімнің? ненің? б) қандай? қай? в) кімдер? нелер?
16. Сан есімнің сұрақтарын көрсетіңіз:
а) кімнің? ненің? ә) неше? қанша? б) қайда? кімге? в) кай? қайсысы?
17. Етістік қызметін аттарын тұрған сөздер қатарын табыңыз:
а) әдемі, көркем, ажарлы ә) тау, көл, өзен б) жазды, кетті, келді в) арман, ой, сана
18. Болымсыз етістікті белгілеңіз:
а) сенбе ә) келді б) ұш в) тездет
19. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді табыңыз:
а) хатшы ә) қыс б) қазір в) бауыр
20. Мезгіл үстеу көрсетіңіз:
а) мұнда ә) биыл б) әсер в) еркің
21. Мөлшер үстеудің сұрақтарын көрсетіңіз:
а) қанша? қаншадан? ә) қалай? кім? б) қалай? қалайша? в) не себепті? неге?
22. Сұраққа жауап бер: «Басқа тілдерге кім аударады»?
а) орманшы ә) сатушы
б) аудармашы в) ақын
23. Үш буыннан тұратын сөзді көрсет:
а) жазамын ә) айту б) барар в) бармақшымын
24. Қазақ тілінде етістік сөйлемнің ... келеді.
а) басында ә) соңында б) ортасында в) білмеймін
25. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
а) 7 ә) 5 б) 4 в) 3
Пайдаланған әдебиет:
- Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест Қазақ тілі «Шың» Кітап – Алматы – 2006
- Мурзагельдинова О.И. Сборник тестовых заданий по казахскому языку 9 кл Кокшетау – 2009
- Саутова Т.А. Учебно-методический комплекс по казахскому языку Петропавловск – 2000г
- 14348 просмотров