Математика пәнінен 7 сынып оқушыларына арналған сабақтан тыс шара
Дошемакова Кадыша Кожакаевна, математика пәнінің мұғалімі, жоғарғы санатты, Кішкенекөл № 2 ішінара интернатты орта мектебі, СҚО Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы |
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру және ой қабілеттерін дамытып, қалыптастыру.
Құрметті оқушылар бүгін біз «Математик — бизнесмен» ойынын өткіземіз. Ойынымызға қатысып отырған 7а және 7б сынып оқушылары. Келісілгендей әрбір сыныптан екі топ қатынасады. Топтар өздері таңдап алған банк қызметкерлері болып өздерін таныстырады. Мысалы: «банк басшысы», «менеджер», «кассир» жне т. с. с.
Ойынды бастамай тұрып мына презентацияға қөңіл аударайық Осында берілген ұғымдар біздің ойнымызға қатысты керекті ұғымдар: (презентация түрінде танысу) «банк», «валюта», «акция», «бизнес», «салықтар», «несие», «табыс» және «коммерция» ұғымдарына анықтама беріледі және мысалдар келтіріледі.
Экономикаға байланысты ұғымдармен таныстық енді ойынға кірісейік, ойынмыздың мынадай бірнеше ережелері бар:
- Көрермендер әр бір банктің акционерлері болып табылады.
- Банктің қызметкелері математикалық есептерді шығарып өздерінің банктеріне ақшалай қаржы жинайды. Әрбір тапсырма өзінің ақшадай құнымен саналады. Егер акционерлер де дұрыс жауап беріп жатса, ақша ұтып ала алады, олар өздерінің банктеріне апарып сала алады.
- Таңдап алған тапсырманы шектелген уақытта шығара алмаған банк ұтылады, бағасын есепті шығара алған банкке төлейді.
- Ең көп қаржы жинаған банктің қызметкерлері жеңіске жетеді.
«Дәреже» тақырыбы бойынша тапсырмалар: (Құны 3000 теңге)
Ықшамдаңдар:
А) (Х9*Х3*Х4)2:(Х7)4
Б) У23:(4У5*У2-3У3*У4)
В) (а6*а3+а5*а4):а4
Г) (в10:в7)4:(в2)3
Қысқаша көбейту формулаларын қолдану: (Құны 5000 теңге)
Көбейткіштерге жіктеңдер:
А) 0,027а3+64в3
Б) -49х2+0,04у2
В) 27х3-125у3
Г) Көп мүше түрінде келтіріңдер (2в-3а)3
Теңдеулер: (Құны 15000 теңге)
А) (2х+3)2-4х2+12х+9=0
Б) (4-х)(х+4)+(х-3)2=1
В) (2х-3)3-8х2(х-9)=9(4х2+3)
Г) (3х+4)2-9х(х+3)=40
Сөзді есептер: (Құны 20000 теңге)
А) Самалдың әкесінің бір айдағы табысы 120000теңге құрайды. Одан 15% әлеуметтік салық төлейді, 10% зейнетқорына аударады, 2%кәсіби салығын төлейді. Самалдың әкесі әр ай сайын қанша ақша қолына алады?
Б) Банкке жылына 10%тік күрделі өсіммен 700000 теңге салынды. Банке салынған осы ақша екі жылдан соң неше теңге болады?
(күрделі өсу формуласы S=S(1+P/100)n)
В) Банкке жылына 10%тік күрделі өсіммен 400000 теңге салынды. Банке салынған осы ақша 3 жылдан соң неше теңге болады?
(күрделі өсу формуласы S=S(1+P/100)n)
Г) Асия апай күнде самса пісіріп базарға апарып сатады. Бірінші күні ол 100 самсаны 70 теңгеден сатты, келесі күні 10% бағаны көтерді, бірақ тек қана 90 самса сата алды. Қай күні Асия апайдың табысы артық болды? Неше тенге қүрады? Қандай ақыл беруге болады Асия апайға?
Акционерлермен ойын: «Формуланы жалғастырыңдар»:
А2-В2
(А-В)2
А3-В3
(А-В)3
А3+В3
(А+В)3
25%, 50%, 75%, 100%, 20%, 10%-жәй бөлшекке аудар:
Жалғастыр:
Арзан -
Кіріс -
Басқа мемлекетің ақшасы.......
Қүнды қағаз......
Пайда табуға бағытталған әрекет........
Міндетті төлемдер.......
Сауда және сауда-делдалық кәсіпкерлік қызмет.......
Дивидент алу үшін қолда не болу керек?
Пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз.......
Тауардың сатуылын көтермелеу үшін не қажет?
Қортынды. Банкте жиналған ақшаларды санап жеңімпаз банкті анықтап марапатау рәсімі.
Соңғы сөз: «Ал балалар болашақта қандай маман таңдап алсаңдар да ең біріншісі, сол маманға ие болу үшін білім қажет. Мемлекеттіміздің болашағы сендердің қолдарыңызда. Математиканы жақсы игерсеңдер еліміздің экономикасына өздеріңнің үлестеріңді қоса аласыңдар. Болашақта сәттілік тілей отырып сіздерді мықты-мықты банктің банкирлері болғандарыңызды көрейік».
- 9958 просмотров