Мектеп жасына дейінгі баланың тілін халық ауыз әдебиеті арқылы дамыту
Ельмуратова Аягөз Жолдыбай-қызы, Дайындаған бірінші дәрежелі тәрбиеші, КМҚК «№ 1 Балабақша» Ертіс аулы, Павлодар облысы |
Жобаның типі:
Жобаның іс-әрекетінде басымы: шығармашылық-ізденушілік.
Мазмұны: әлеуметтік-педагогикалық.
Жобаның қатысушылары: балалар, тәрбиеші, ата-аналар.
Өткізу мерзімі: ұзақ мерзімді.
Байланыс мерзімі бойынша: Б. Б.Ұ.
Жобаның негіздемесі:
«Бала ана тілін үйрене отырып тек қана шартты дыбыстарға үйренбейді, ана тілдің туған кеудесінен рухани өмір мен күш емеді, ол оны қоршаған адам-дардың мінез-құлқы мен, өзі өмір сүретін қоғаммен, оның тарихи және алға ұмтылуымен таныстырады. Бұлай ешбір тарихшы таныстыра алмас еді, ол оның танымына халықтың поэзияға апарады, бұлай ешбір эстетик апара алмас еді».
К. Д. Ушинский.
Өзектілігі:
Ерте балалық шақ — Өмір бастауы. Оны таңғы араймен, рауандап атып келе жатқан күннің нәзік шапағымен салыстыруға болады.
Баланың мектепке дейінгі өмірі көбінесе, бізге, ересектерге, байланысты. Және, біз, үлкендер, баланың өмірін мейірім мен шуаққа толтыруымыз керек, ол өмір сүріп жатқан ортаны рухани байтуымыз керек. Ал ортаны не рухани байытады? Мен мынадай қортындыға келдім: педагогтың басты міндеті — Бұл мектеп жасына дейінгі мекемелерде халық ауыз әдебиетін қолдануда, тіл дамуы және оларментанысу мінездемесі, қазақ хақының ауызша шығармашылық туынды түрі мен мазмұнының ерекшелігі ескертілінген.
Менің жобамның қатысушылары 3-5 жастағы балалар, тәрбиешілер және ата-аналар. Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тек ана тілін ғана танып біліп қоймайды, соны мен қатар оның сулулығын меңгере отырып, өз халқының мәдениетіне араласады, ол туралы алғашқы әсерін алады.
Концептуальдығы:
Халық ауыз әдебиеті қазіргі заманда әдістемемен қатар қолдану, баланың тілін жақсартады және баланың шығармашылық, коммуникативтік, танымдық қабілеттерін деңгейіне көтереді.
Ғылымилық:
Отандық педагогтар: Б. Б. Баймұратова, А. К. Меңжанова, Қ.М. Меңдаяхова.
Және басқалаларының зерттеулерінде, мектепке дейінгі жас — Бұл баланың жалпы алғандағы тұлға ретінде белсенді шығармашыл дамуының кезеңі және байланыстырып сөйлеуі жетілді деп көрсетілген.
Бала тілі және оның мәнерлерінің дамуының негізгі бастауы — Ол халық ауыз әдебиетінің туындылары, оның ішінде кіші фольклоры түрлері (жұм-бақтар, санамақтар, бесік жыры, т. б).
Проблемалар:
Соңғы кезде балалардың сөйлеу, тіл дамуының проблемасы өткір мәселе Болып тұр. Неге балалар нашар сөйлейді? Мүмкін біз олармен сөйлеуді ұмытқандықтан балалар. Ата-аналар балаларымен сөйлескенде мақал-мәтел, на-қыл сөздер сирек қолданады. Негізінде, халық ауыз әдебиеті адамдарды мейрім шуағын оятатын ғажайып қабілетке ие. Балалармен жұмыс жасағанда халық ауыз әдебиетін қолдану — Баланың тілін, ойлауын дамыту, мінез-құлқын реттеу, жеке тұлғаның ара қатынаста дұрыс моральдық тәжірбие жинақтау үшін жақсы жағдай жасайды.
Жобаның гипотезі:
Бұл жобамен жұмыс жасағанда мен мынадай қортындыға келдім: егер халық ауыз әдебиетін оқутудың қазіргі әдістемесімен қатар қолданса, онда баланың сөйлеу тілі жақсарады, танымдық, комуникативті қабілеттерінің деңгейі артады.
Жобаның мақсаты:
Халық ауыз әдебиетінің негізінде баланың шығармашылық танымдық, ком-муникативті қабілеттерін дамыту.
- Баланың тілдік (сөйлеу) іскерлігінің даму деңгейін анықтау,
- баланы өз халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру,
- қоршаған орта (ақиқат) туралы білімін кеңейту, туған тілінің ритмі, сазы, көркем формасын нәзік сезіне білу іскерлігін дамыту.
Жобаның міндеті:
- балаларды қоршаған орта-табиғатпен (өсімдік, жануарлар, құстар), қазақ халқының өмірі-тұрмысымен таныстыру.
- диалогтың, монологтың сөйлеуін дамыту.
- халық ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырғанда эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
- тәрбиелеу барысында оң өзгерістерге бағытталған ізденімпаздық іс-әрекетін қалыптастыру.
- ауызекі сөйлеудің негізін қалауға, ана тілін меңгеруіне көмектесу.
Жобаның әдіс-тәсілдері мен түрлері!
Әдістері: Жобаны іске асыруда әртүрлі әдәс-тәсілдерді қолданам.
Сөздік: әңгімелеу, баяндау.
Ойын: дидактикалық, қимыл ойындар.
Көрнекілік: плакаттар, макеттер, альбомдар, мультимедиалық әдістемелер.
Формалары (түрлері)
Тақырыптық сабақтар, әңгімелер, бақылау, ойындар, әр түрлі жағдаяттарды модельдеу, өлең, жұмбақтар жаттау, тәрбиешілер және ата-аналармен кеңес.
Беру жұмысы, дидактикалық, қимылды, сюжетті-рольдік ойындар, еркін — Өздігінен іс-әрекеттер, жеке жұмыс.
Жұмыс барысында оптимальді, тиімді тәсілдер деп мыналарды атар едім,
- әртүрлі іс-әрекет түрлерімен кіші фольклор түрлерін тиімді қолдануда баланың белгілі тілдік мазмұнын меңгеруге бағытталған тақырыптың сабақтар циклын өткізу
- қимылды ойындар, дидактикалық, сюжетті-рольдік ойындар, драматизация өткізу;
- арнайы, ойын тапсырмалары;
- психогимнастика;
- ата-ана, тәрбиешілермен кеңес беру жұмысы;
- еркін өздігінен іс-әрекеттер, жұмбақтар шешу, бақылаулар жүргізу;
- біріккен іс-әрекет;
Тәжірбие көрсеткендей ББМ және отбасы ортақ мәселені — Халық ауыз әдебиеті арқылы коммуникативті іскерлікті қалыптастыруға әсер етеді.
Ата-аналар және балалармен бірігіп тәрбиелік іс-шаралар, ата-аналар жиналысы, конкурстар, көрмелер ұйымдастырылады.
Жобаның іс-әрекетінің мазмұны:
Бұл жоба 3 кезең бойынша өткізіледі.
Кезеңдер және өткізілетін мерзімі.
1 кезең — дайындық
2 кезең — практикалық
3 кезең — қортынды
1) дайындық: мақсаты мен міндетін дайындау, халық ауыз әдебиеті туралы әдебиеттер дайындау
2) жеке —зерттеушілік: (негізі) жобада белгіленген негізгі шараларды орындау
3) қортынды: жұмысты, анализін, шығарылған қортындыны жинақтау.
Нәтижелігі:
Халық ауыз әдебиетін күнделікті сабақ кестесінде, ойын іс- әрекеттерінде жиі қолдану баланың қиалын, ойлауын дамытады, рухани дамуына әсер етеді, адамгершілік қасиетке тәрбиелейді, халықтық поэзияға баулиды.
Кіші фольклорлы формалардың көмегі мен тіл дамуының әдістемесінің барлық мәселелерін шешуге болады. Сондықтан, мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда мен халықтың сөйлеу.
Мәнерінің бай материалы; ертегілер, санамақтар, шарадар т. б. қолданамын. Жоғарыда аталған баланың тілін дамыту мәселерін шешуде мен бала фольклоры негізінде ойындар картотекасын құрдым; бұл қимылды ойындар, дидактикалық, саусақ ойындары.
Бала тілін дамыту жұмысында ең тиімді түрі-ол әртүрлі қызықтар мен ойын-сауықтар. Сондықтан ойын-сауықтың көркем-эстетикалық циклын құрастырдым. Үстел үсті театры құрылды: «Мақта қыз бен мысық», «Маша мен аю», «Бауырсақ» .т. б.
Фланеграфтағы театрлар; «Шұбар тауық», «Шалқан», «Үш аю» .т. б. Ұлттық ойындар картотекасы құрылды: «Тақия тастамақ», «Аңшы». «Ақ серек, көк серек». «Қыз қуу» .т. б. мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік тұрмысын байытып, балалардың дүниетанымын кеңейтеді:
- кіші кітапшалар дайындалды;
- топта ертегілері бар аудио, видио дискілер бар;
- сұрақтар алынады;
- балалар суретінен байқау көрмелер уйымдастырылады;
- ашық тәрбие сағаты, мерекелер;
- сауалнама;
- әңгімелер;
- жеке, ұжымдық кеңестер;
- ата-аналар жиналысы;
- қазақ, орыс халық ертегілеріне костюмдер, атрибуттар жасауға көмекке ата-аналар тартылады;
- бірнеше мәрте жұмыстарымен бірлесіп көрмелер уйымдастырылады.
- ата-аналар бұрышында жиі-жиі баланың сөйлеу жылдамдығын дамытуға арналған материалдар, халық ауыз әдебиеті туралы альбомдар қойып отырдым.
Өткізілетін жұмыстар келесі нәтижелерді көрсетті:
Балалардың сөйлеу сапасы, ойлауы, қабылдау, қозғалыс шапшаңдығы, еңбексүйгіштін қаблеттері жақсарды. Қазақ халқының мәдениеті туралы білімдері кеңейді.
Балаларды ұлттық мәдениетке баулу туралы ата-аналарға әдістемелік ұсыныстар дайындалды.
Ата-аналардың көмегімен топта қазақ, орыс ағылшын халық ертегілерінен туратын балалар кітапханалары жинақталды. Мен, фольклор баланың ауыз екі сөйлеу тілін тиімді дамытатынына, оның рухани, эстетикалық, эмоционалдық дамуына әсер ететіне сенімдімін.
Диагностика
Бұл жобаның іс-әрекетінің нәтижесін диагностикалау менің балаларды халық ауыз әдебиетінің таныстыру жұмысын енгізуімнің тиімділігін көрсетті. Балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейінің жоғарлағаны, топтағы балалардың 86%-ы даму деңгейі өсу нормаларына сәйкестігі байқалды. Мен баланың ауыз екі сөйлеуінің дамуына, рухани, эстетикалық, эмоцоналды дамуына фольклор тиімді әсер ететініне сенімдімін.
Қортынды
Сонымен, баланы халық мәдениетіне баулуды ерте жастан бастаған дұрыс. Менің жұмысымның нәтижесі мынаны көрсетті фольклор бала тәрбиесінде оның дамуының бастапқы кезеңінде халық даналығын бойына сіңіруде фольклордың ролі өте зор.
Бала шығармашылығын еліктеуге негізделген, ол баланың дамуында, тілін дамытуда негізгі фактор болып табылады. Алдағы жұмыстарымда мен халық ауыз әдебиетінің барлық түрі мен формаларын енгізіп, тиімді пайдаланатын боламын, себебі халық ауыз шығармашылығынсыз баланы патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мүмкін емес.
- 27416 просмотров