Сабақтың атауы: Жай сөйлем және құрмалас сөйлем
Бапай Гулнар Әбдрахманқызы, бастауыш сынып мұғалімі, екінші санаты, КММ «Чистопол орта мектебі» СҚО, Ғ. Мүсірепов ауданы Чистопол ауылы |
Сабақтың атауы |
Жай сөйлем және құрмалас сөйлем. |
|||
Сілтеме |
Әдістемелік құрал, оқулық. |
|||
Жалпы мақсаты |
Оқушылар жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын біледі, жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер жасауға және құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыруға үйренеді.
|
|||
Оқыту нәтижесі |
Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер жасай алады және құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыра алады. |
|||
Негізгі идеялары |
Топпен жұмыс жасату арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу . |
|||
Уақыты |
Тапсырмалар |
Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін? |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Ресурстар |
3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі
«Комплименттер» тренинг
Бағалау критерийлері
|
І. Ұйымдастыру
«Мақсатымыз – білім алу, Міндетіміз – еңбектену. Еңбек етіп жұмыла, «5»-ке қолды жеткізу.»
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, тренинг өткіземін.
Көңіл көтеру, назарларын аудару.
Оқушыларды топқа бөлу.
Тақтада бағалау критерийлері: 1-ұпай – түсіндірмей орындаса. 2-ұпай – түсіндіре отырып орындаса. 3-ұпай – толық мазмұнын ашып, талдаса. 4.Топтың жұмысына ортақ баға 4-7 ұпай - «3» 8-14 ұпай - «4» 15-18 ұпай - «5» 5. Бағалау парағын тарату.
|
Мұғаліммен сәлемдесу.
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бір-біріне допты комплиментпен қоса лақтырады.
Оқушылар түстер бойынша 2-топқа бөлініп, отырады.
Бағалау критерийлерімен танысады. |
1-слайд
Бағалау парағы
|
4 мин |
Үй тапсырмасын тексеру |
- Қандай сөйлем жай сөйлем деп аталады? - Қандай сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады? - Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін есіңе түсір. - Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің қандай айырмашылы-ғы бар? |
Оқушылар сұрақ-тарға жауап береді. |
2-слайд |
3 мин |
1. «Ой қозғау» |
1-ТАПСЫРМА: Берілген сызбалар бойынша сөйлемдерді құрап жаз. Олардың жай немесе құрмалас сөйлем екенін айт. |
Оқушылар сызбалар бойынша сөйлемдерді құрастырып жазады. Олардың жай немесе құрмалас сөйлем екенін айтады. |
3-слайд |
2 мин |
2-тапсырма |
Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерді бас әріптен бастап, тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз. |
Тапсырманы орындайды |
4-слайд |
2мин |
3-тапсырма |
Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазу |
Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазады. |
5-слайд |
1 мин |
Сергіту сәті |
|
|
6-слайд |
20 мин |
Топпен жүмыс |
1-топ. Күз туралы мәтін құрастырады. 2-топ. Қыс туралы мәтін құрастырады. |
|
7-слайд |
2 мин |
Бекіту |
«3 қадамды сұхбат», оқушылардың практикалық жұмыстарын тексеремін. Жіберілген қателіктер бойынша ескерту жасаймын. |
Тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Қаншалықты дайын болған жұмыстарын көрсетеді. |
8-слайд |
1 мин |
Рефлексия |
Жаңа сабақ бойынша Не үйрендік? деген сұрақ қоямын |
Сабақ бойынша не үйренгендері туралы әр қайсысы стикерге жауаптарын жазады.( тақтаға іледі) |
Стикер |
2 мин |
Оқушыларды бағалау |
Сабақ соңында бағалау критерийлері бойынша бағалау.Сумативті баға қоямын. |
Оқушылар бірін-бірі бағалайды. |
Бағалау парағы |
1 мин |
Үйге тапсырма беру |
Қыс туралы жұмбақ құрастыру. |
Күнделікке үй тапсырмасын жазады. |
|
- 16282 просмотра