Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін мнемотехника тәсілі арқылы Дамыту
Асайнова Сандугаш Какимовна воспитатель, стаж — 15,5 лет. Ясли-сад № 9 город Павлодар |
Мнемотехника-балалардың тілін дамыту үшін табысты тәсіл. Балаларды жан-жақты дамыту. Олардың барлық кемістіктерін жөндеу мектепке дайындаудағы және балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу-басты мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындайды. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес.
— Сөздік қорының кемдігі;
— Сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;
— Дыбыстау кемшілігі;
— Берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;
— Өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.
Балабақша жолында көрнекілік бейнелік есте сақтау және есту, суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника.
Бірақ, жалғыз мнемотехникамен шектеуге болмайды.
Мнемотехника-балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әңгіме барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.
Мнемотехника дегеніміз не?
Мнемотехника-тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін баланың тілін мақсатты нәтижелі өтуге қолданатын тәсіл.
Мнемотехника-оңай жолдың қиынына қарай құрылады. Мнемокесте қарапайымнан басталып, күрделене түседі.
Мнемошаршы, мнеможол, мнемокесте.
Мен өз тәжіребиемнен байқағаным осы аталған тақырыпты аша отырып балалардың белсенді сөздік қорларын, ұйымдастырылған қызықты оқу іс-әрекеттері арқылы тілдері дамый түседі. Осы өткізілген іс-әрекеттер үнемі жоспарлы жүйелі түрде жүргізілуде.
Источник — https://alashainasy.kz/psychology/mnemotehnika—balalardyin-tln-damyitu-ushn-tabyistyi-ads-62535/
- 25388 просмотров