Тәуелсіз елім — Қазақстан
СҚО, Ақжар ауданы, Ленинград ауылы, «Еркетай» балалар бөбек бақшасы Мукашева Маржан Жасулановна |
Мақсаты: балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Мереке қарсаңындағы көтеріңкі көңіл — күй. Орталықтан шыққан әсем күй әуені балабақшаның барлық топтарына тарап тербеп тұр. Зал іші мерекеге сай әсем шарлармен, әдемі безендірілген.
Музыка әуенімен балалар безендірілген залға кіреді.
Жургізуші: «Өз халқымен бірге ғумыр кешу-ол ұлы мереке» деген қазақ халқының нақыл сөзі бар. 16 желтоқсан-бұл біздің ел үшін ерекше күн.
1991 жылы қазақ халқы өзінің егемендігін жариялап, дербестікке талпындуы.
Сол кезден бастап жыл сайын осы күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтуде.
Жургізуші: Таңғажайып атында дәл табылды.
Табылды да талай жұртқа танылды.
Туған елім көкке жетті көк туың
Сен — тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Тәуелсіздігімізге арналған салтанатты мерекемізді еліміздің әңұранымен бастайық.
Қазақстан Республикасының әңұраны орындалады.
Жургізуші: Армысыздар құрметті тәрбиеші апайлар мен қонақтар және сүйкімді бүлдіршіндер!
«Тәуелсіз — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіз күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды куанышқа толық күнді ата-бабаларымызғасырлар боый армандап күтумен өтті.
Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендерінді есте шығармайық.
Жургізуші:
Байтақ дала, туған жердің қымбат әр тасы,
Өзен көлі, самал желі, асқар тауы-баршасы.
Бақыт нұры, құшып мені, кең өлкеме тарқашы!
Алшаң басып еркелеуім — туған жердің арқасы.
Жургізуші: кезекті «Құлыншақтар» тобының бүлдіршіндеріне береміз.
Зарина:
Анамыздай тілуі ақ
Отан бізде біреу ақ
Ол біздің Қазақстан
Аян:
Отан туған еліміз,
Отан туған жеріміз
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
Арыстан:
Отан — ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз
Армангул:
Халқымның анасы
Асқар тау панасы
Көз жетпес көсілген
Қазақтың даласы.
Дидар:
Менің елім — алып әл
Барғой онда бәрі де
Өзен де бар, көл де бар.
Теңіз де бар, шөл де бар.
Мейрам:
Көк аспанда қызыл күн
Көк аспанда жас қыран
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан
Даулет:
Отан-менің ата—анам
Отан-досым бауырым.
Адия:
Отан-өлкем астанам
Отан-туған ауылым.
Ақерке:
Айнамайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Айнура:
Бізді өсіріп аялап
Отан қамқор сая-бақ.
Мадина:
Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде
Тамылжытып төгін нүр,
Шаттық сыйлар көңілге.
Жан:
Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты,
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.
Жанел:
Көк аспанда көгілдір,
Қазақстан байрағы.
Тұрса күндей төгіп нұр,
Жылдарымыз жайдары.
Жургізуші:
Аспан түстес көгілдір, тік бұрышты матаның,
Ортасында төгіп нұр, күн жаяды шапағын.
Өлең: Елтаңбасы елімнің
Залға әуенімен әндетіп, Алдар көсе келеді.
Көрініс: «Алдар көсе мен Шығыбай»
Үстел басында Шығыбай мен оның әйелі отырады. Атпен музыка әуенімен шауып залға Алдар көсе келеді.
Алдарі: Мен Алдармын, Алдармын
Бәріңді мен алдаймын
Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар. Мен осы жақтан көңілді өлеңдерді естіп, тойға келдім, құттықтайын деп. Мерекелерің құтты болсын! Ойбой, мына тұрған Шығыбай байдың киіз үйі ғой. Ішінен піскен еттің иісі шығып тұр. Қазір балалар, мен олардың үйіне барып, оларды алдап кетейін, сендер айтып қоймандар.
Алдар көсе есікті қағып, байдың үйіне кіреді: Ассалаумағалейкұм, баеке!
Шығыбай: Уағалейкум ассалам! Біздің жақта не істеп жүрсің?
Алдарі: Мен жоғалған қойларымды іздеп жүрмін.
Бай: Сенде қой бар ма?
Алдарі: Иә, бір атар қойым бар еді, соны іздеп шаршадым. Сіздің үйіңізде 1 түн қонсам қалай көресіндер?
Бай: Қоңсаң, қон. Әй кемпір, қонаққа төсек сал.
Жургізуші:Түнде бай мен әйелі ұйықтап жатқанда, Алдар көсе тұрып, қазандағы етті жеп, жемегенін қойнына тығып алып, кетеді, орнына балта тастап. Таңертең бай мен кемпір тұрады.
Бай: Әй, кемпір әлгі Алдар көсе кеткен ғой. Қане, анау қазаннан етті шығар жеп алайық. Кеше кешке де сол үшін тамақ ішпей ұйықтап қалдық-деп, ішін сипалап отырады. Кемпірі қазанды ашса, ішінде балта жатыр екен, ойбайлап: Алдады, алдады ғой бізді Алдар көсе! — деп айғалайды.
Бай: Тез жүр, куып жетейік, алыс кеткен жоқ шығар-деп, екеуі шығып кетеді.
Алдар көсе оралып келеді: Балалар, Шығыбай кетті ме? Ойын ойнамай, ән салмай, өсер бала бола ма? Демекші, келесі кезекті ойынға берейік.
1.ойын «Көтермек»
2.ойын «Түйілген орамал»
Жургізуші:
Қызыл, жасыл киінбесе,
Қыздың сәні кірер ме.
Мың бұралып билемесе,
Бидің сәні кірер ме, — дегендей келесі кезекті биге береміз.
«Домбыра» биі
«Жұлдыздар» тобының тақпақтары.
Малика:
Алтын шашқан сияқты,
Жер бетіне нұр таным.
Бар адамға шуақты
Осы менің Отаным!
Диас:
Отан —туған еліміз
Отан — туған жеріміз
Отан-ортақ үйіміз
Қөңілді әалыпн мен күйіміз.
Би «Қара жорға»
Жургізуші: Еліміз егемендік алып, міне сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елің, Отанын сүйетін нағаз азаматтары сендерсіндер. Болашақтарың жарқын бтынына сенімім мол. Енді Отанымыз жайында әң тындайық.
«Жүлдыздар» тобының орындаунда өлең «Отан»
Жургізуші: Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып, білімдерінді сынағым келіп тұр.
1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н. Назарбаев)
2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
3.Біз қандай елде тұрамыз? (Тәуелсіз)
Жургізуші: Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіндер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.
Жургізуші: Міне, бүгін еліміздің тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Құрметті бүлдіршіндер, ата-аналар, сіздер еш уақытта қиындық көрмендер. Ел тыныш, халқымыз аман болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын. Әрқашан аспаныамызда күн сөнбесін. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбіресін.
Источники:
httpss://ds0003.atbasar. akmoedu. kz/documents/view/F3686456A91CEBED/
httpsss://infourok. ru/tuelsizdikti-zhildiina-arnalan-scenariy-konspektisi-1032566.html
- 12039 просмотров