Оқушылардың функциональдық сауаттылықтарын дамыту
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Архангельское орта мектебі КММ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, І санат Беккожина Ажар Амиржановна |
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі — білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сол себепті де қоғам талабына сай сол қоғамды көркейтіп, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе. Мектеп — келешек ел басқарар, елі мен халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдар киелі ұя. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсуі — ата-анасына, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Қазіргі еліміздің жас ұрпағы білімді тұлға ретінде, таланты мен талабы әлемдік талаптарға сай келетін, бәскекге төтеп бере алатын деңгейге жетіп отыр.
Функциональдық сауаттылық дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына сай жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Негізгі функциональдық сапаларды атап айтатың болсақ: ізденімпаздық, белсенділік, шығармашылық тұрғыдан жан — жақты ойлау, нақты шешім қабылдай білу, болашақта алған мамандығы бойынша дұрыс жұмыс жасай алуға қабілетті болуы.
Функциональдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары еліміздің білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. Бұндағы негізгі мақсаты жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
«Функциональдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында негізі қаланып, бүгінгі таңда әлемдік білім беру аясында кеңінен қолдау тауып отыр.
Сонымен ұлттық жоспарда функциональдық сауаттылықтың төрт негізгі механизімін бөліп көрсетеді.
Біріншісі — оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту, мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жаңарту. Бастысы оқушының бойына мұғалімдер алған білімдерін практикалық жағдайда тиімді пайдаланып, әлеуметтік бейімделуін негізге алу. Олар: басқарушылық (оқушының проблеманы шешу қабілеті); ақпарат көздері (өз беттерінше ақпарат көздері арқылы ұдайы білімдерін, танымдық қабілеттерін ұштау); жеке тұлға (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастырып білім, білік дағдыларын игеру, кездесетін қиындықтарға төзімді болу, болашақ мамандығын таңдай білу, азаматтық парызын түсінуі); түрлі технологияларды сауатты пайдалана білу болып табылады. Функциональдық сауаттылықтың екінші механизімі — оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Функциональдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау — оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ал сырттай бағалау — әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ, ОЖСБ т. б.). Сыртқы бағалау белгілі бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей бағалау білім алушыларға қатысты. Бағалау жүйесі ұлттық төл технологиямыз — «Сатылай кешенді талдауда» кеңінен қолданып келеміз. Ол басқарушылық, ақпараттық, әлеуметтік, тұлғалық, азаматтық пәндік құзыреттіліктерді білім алушының бойына сіңіреді. Сатылай кешенді талдау технологиясымен білім алып жүрген оқушылар және оларға білім беретін ұстаздардың жетістіктері ұлттық бірыңғай тестіде жоғары көрсеткіштері, түрлі олимпиадаларда алған жүлделі орындары.
Үшінші механизімі — ата — аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Оқушы ата — анасы функциональдық сауаттылық даму үшін мұғалімдермен қашанда тығыз байланыста болуы қажет. Өз баласының ерекше қасиеттерін аңғаруға, анықтауға, қолдап қол ұшын беруге, дамытуға, баланың бойына рухани құндылықтарды дарытуды, қалыптастыруды біріге отырып атқаруға тиіс. Осы жағдайға байланысты мемлекет жаңа әдістемені дайындау үстінде. Осындай әдістеменің негізінде ата — аналарға арналған түрлі семинарлар өтіледі. Ол семинарлар өзіндік нәтижесін беруде.
Төртінші механизім — оқушыларға қосымша білім және мектептен тыс сабақтармен қамту жатады. Ұлттық жоспарымызда түрлі оқушыларға арналған оқушылар сарайы, өнер мектептерінің жұмыс жүргізулері түбегейлі өзгертуді қарастырған. Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Қосымша білім беру мазмұны жаңаратын болады, балалардың интерактивті парктері, технопарктерін, балалардың ғылыми мұражайларын құру арқылы оқытудың жаңа технологиялары және интерактивтік инновациялық ұйымдастыру нысандары енгізіледі. Бүгінгі заманауи білім беру талабына сай функциональдық сауаттылық мәселесіне, дәл осы терминмен айтпаса да, терең талдау жасап, нанымды тұжырым айтқан. Егер біз қосымша білім беру және мектептен тыс сабақтарда осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, бағдарламалар түзіп, қосымша әдебиеттер ұсынатын болсақ, онда функциональдық сауаттылықтың төртінші механизімі өз дәрежесінде жүзеге асады.
Қазіргі таңда Қазақстан халқы сауатты. Бұл біз үшін мақтаныш, әрі жетістік. Мемлекеттік шаралармен, не әртүрлі деңгейде іскерлік байланыс орнату мақсатымен елімізге атбасын бұрып жататын шетелдіктер жаппай білімді ұлтқа таңдануын қоймайды. Алайда, білім мен сауаттылық аражігі бүгінгі күні барынша айқындалып, шешімін күткен өзекті мәселеге айналады. Себебі, бізде сауаттылықты кәсіби білім деп қабылдау басым. Қалыптасқан орта білімдік оқу жүйесі кәусар білім бұлағы ғана емес, ол сонымен қатар ой- сананың кемелденіп жетілуіне де зор ықпал етеді.
Біздің басты мақсатымыз — қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой — өрісі жоғары жеке тұлға дайындау. Демек, қоғамның дамып өркендеуі, оның әлеуметтік — мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновациялық үдірістің жаңа құбылыс ерекшеліктерін меңгеруде, қоғамыздың ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми — зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасатты қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан- жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілік беруді талап ететін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының жастар саясатында (№ 73, 1999 ж. 29 тамыз) былай деп көрсетілді: «Қазақстан жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттерге қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуін, сондай — ақ өткен буынның әлеуметтік — мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай, әлеуметтік ұстанымдағы, экономикасы, өзіндік мәдениеті, рухани байлығы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес». Сондықтан жастарды болашаққа бағыштап, тәрбиелеп апаратын мұғалімдерді даярлау мәселесі, қоғам қажеттілігінен туындап отыр.
Қазіргі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты- жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуметін жан — жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Оқуышыны анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту- қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі қолға алынып отырған өзекті мәселе. Балаларға білім беруді әр ғалымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан, қоғамға талантты мамандар дайындауда ыңғайлы болса, екінші жағынан, зияткерлік дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманның талабына сай білім беру үшін, бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күннің мұғалімі — шығармашылық адамы. Ол өздігінен қаншалық ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Мұғалімнің маңызды сапалары: адамгершілік, имандылық сезімдердің жоғарғы дәрежеде қалыптасқан деңгейі, балаға деген сүйіспеншілік, ізгілік, педагогикалық байқағыштық, кез келген жағдайда жол таба білетіндігі. Мұғалімнің күш — қуаты, көңіл — күйі әрдайым жоғары болуға тиіс, сонда ғана сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.
Сабақ беру барысында ақпараттық технологиялардың барлық мүмкіндігін қолданып, балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру үшін іс — тәжірибемде түрлі оқытудың жаңа әдістері мен формаларын әр сабақта қолданамын, ізденімпаздыққа, өз ойын ашық айтуға аса көңіл бөлемін. Әсіресе, қазақ әдебиеті сабағында зерттеу жұмысын жүргізу тәсілдерін қолдану арқылы оқушының өзіндік ой — пікірін қалыптастыруға, оны нақты дәлелдермен дәлелдеп шығуларына көп мән беремін. Тапсырманы оқушының алған білімін жаңғыртатын, ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементтерін қолданатындай құрал қажет. Берілетін тапсырманы мейлінше түрлендіріп отырғанда, баланың өздігінен ізденуі, зерттеушілік қызығушылығы арта түседі.
Өзімнің іс — тәжірибемде функциональдық сауаттылықтың төртінші механизімі, яғни оқушыларға қосымша білім және мектептен тыс сабақтар жүргіземін. «Тамаша» үйірмесі мен шағын театр ұйымдастырдым.
5-11 — сыныптар арасынан дарынды, қабілетті балаларды таңдап сахналық қойылымдар дайындап, аудандық «Жарқын болашақ» байқауында «Шырақ батыр» қойылымы, облыста Ғ.Мүсіреповтың 110 жылдық мерейтойына арналған байқауда «Ананың анасы» атты шығармадан сахналық қойылым қойып жүлделі орындарға ие болдық. Бұндай жұмыстар арқылы оқушылардың басқа қырларынан дамуларына, болашақта өз мамандықтарын таңдауларына әсері мол. Оқушының бойында сенімділік, үлкен жауапкершілік, тапсырманы толық орындауға деген қызығушылық пен құштарлық пайда болады. Баланың болашақтағы өміріне таңдау жасауына көп көмек болып табылады.
Мынадай құрылымдарды күнделікті сабақ барысында қолдануды қалыптастырғанда функциональдық сауаттылық даму қалыптасады:
- оқушыға деген сенімділік, оның жан дүниесін сезіне білу;
- күнделікті оқу-тәрбие процесін дұрыс жоспарлай білу;
- оқушының іскерлігін болжай алу;
- қабілетін ескере отырып берілетін тапсырманың жүйелігі;
- берілетін тапсырманың көлемі емес, тиімділігі мен сапасы;
Баланың тапсырманы орындап шыға алатынын айту маңызды. Бұндай жағдайда оқушы берілген тапсырмаға үлкен қызығушылықпен қарайды. Бірден білетін білімін еске түсіріп, ойланып, ізденіске кіріседі. Баланың күнделікті көңіл — күйі әртүрлі болатының ескере отырып, оның жан дүниесін сезіну, қажетінше сабақ барысында назар аудару оның тапсырманы қабілетінше орындап шығуына көп әсері болуын үнемі ескеріп отыру қажет.
Оқушының бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт — бағдар бере білу — жауапты іс. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу — ұстаз парызы. Ендеше, бүгінгі таңда ұлттық рухы жоғары, білімді, дарынды ұрпақ тәрбиелеп шығару әр ұстаздың алдында тұрған ең маңызды міндет болып табылады.
«Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім» — деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жас ұрпаққа заман талабына сай жан- жақты білім беру мүмкін емес. Білім сапасын заман талабына сай берілуі, жас мемлекетіміздің өзге өркениетті елдер деңгейіне жеткізу үшін, білім сапасын көтеріп, білім беру ісін дамыту арқылы еліміздің жарқын болашағын жасай алатын білімді де, білікті жас ұрпақ тәбиелеу — басты назарда болу керек.
Жалпы мектепте қандай да бір іс жүйелі түрде жүргізіліп, әрбір пәнде өз жалғасын тауып отырса, біздің алға қойған мақсатқа жетеріміз анық. Бұл жолда ең алдымен, мұғалімдер қауымы талмай, жан — жақты ізденіп отыруы қажет. Сонда ғана біз өз Отанын сүйетін, мақтаныш ететін, елін — жерін қастерлейтін ұрпақты үлкен өмірге сенімділікпен аттандыра аламыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Қазақ тілі және әдебиеті» журналы. 2010 жыл. Тақырып. Оқушылардың функциянальдық сауаттылығы, 23 бет.
2. «12 жылдық білім» 2006 жыл. № 4. Тақырып. «Мұғалімнің кәсіптік қабілетінің шыңдалуы», 13 бет.
3. «Парасат» журналы. 2003 жыл. Тақырып. «Білім мен білік», 1 бет.
- 9446 просмотров