Тақырыбы: Көктем аруы
Тасбулатова Сандугаш Олжатаевна бастауыш сынып мұғалімі, өтілі 11 жыл, ІІ категория, Қайрат орта мектебі, Кайрат ауылы, Уалихан ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы |
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарауға, ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақалдар, суреттер.
Барысы
1.Армысыздар аналар,ұстаздар. Қазақ, әйел затын ерекше қадірлеген.Өмірдің ащы- тұщысын көріп, ысыла білген, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығыдеп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген.
Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8-наурыз — Халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбейді. Аналар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы екені сондықтан.
Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоқ. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тән. Жердің өзіне де Жер — Ана деп теңеу айтып жүреміз. Ана — перзент тәрбиешісі, ана-қызметкер.
Осы арада тарихқа көз жүгіртсек, 1910 жылы Копенгагендегі жиында халықаралық әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп көтеріпті. 1911 жылы Германия, Австрия, Швейцарияда және Данияда,1913 жылы Петерборда халықаралық әйелдер күні мерекеленіп өтеді.
Енді сыныбымызда, осы мерекеге орай өткелі отырған «Көктем аруы» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
Ең алдымен әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз:
Алимбек Д,
Барлыбай А,
Барлыбай Р,
Ислямша Ж,
Сұмағұл А,
Қазыбек А
Енді сайыстың бағдарламасымен танысайық:
1. Таныстыру. (Әр қатысушы өзін таныстырады)
2. Тағам. (Бір тағамның үлгісін әкеліп көрсету, жасау жолын түсіндіру)
3. Ою ойып көрсету.
4. Сұрақтар (Әр қатысушыға екі сұрақтан қойылады)
5. Мақал-мәтел айту.
6. Мәнерлеп оқу (ана туралы өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу)
7. Қоштасу.
1) «Беташарын сайыстың бастайық, Қөрерменді бір серпілтіп тастайық» — деп, ару қыздар өздерін таныстырсын.
2) Тағам, салат үлгісін қазылар алқасына көрсету, жасалу жолымен таныстыру.
3) «Шебер қолдар көп болған-ау ертеде. Шеберлікпен аты шыққан өлкеге» — дегендей қағазға ою ойып, оның атын ату.
4) Сұрақтарға жауап бер.
• Сөз таптарын ата
• Санның квадратын айт-5
• Табиғи құбылысты айт
• 2 квадраты
• Абайдың өлеңін оқы
• Батырлық туралы мақал
• Үш биді ата
• Суды илеуішпен әкелуге бола ма?
• Отан туралы мақал
• Сын есімнің ережесі
• Қазақтың батыр қыздарын айт
• Ана туралы мақал айт.
5) Мақал — мәтелдер айтып жарысу.
6)Мәнерлеп оқу.
Жұпар:
Адал бол деп балдырған,
Әділдікке баулыған
Жүрегін дебаулыған
Тілегені мархабат
Анамызға мың алғыс.
Анар:
Аялаған баптаған
Асыраған сақтаған
Сақтандырып күнде еппен
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс.
Дидар:
Аяулы Ана
Күнім де ана, ай да ана,
Жетеді саған қай дана?
Асылым өзің,
Ғашығым өзің,
Бас иіп өтер әулием сен ғана.
Айбының биік,
Айдының тұнық. Теңізім терең өзіңсің
Таң шығы мөлдір
Тамшысы мен бір сендегі асқақ сезімнің.
Ризагүл:
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқақсың, сен аспансың, биіксің
Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.
Азиза:
Ана тұрса құшаққа алып баласын,
Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа кенеле бер, анашым
Мен ананы шуағы мол күн деймін,
Анадан зор құдіретті білмеймін
Анам ылғи қамқор болып жүреді
Сондықтан да жылда түлеп гүлдеймін.
Айгерім:
Күн сәулелі анашым,
Рухыменен панасың
Жадымда әркез қаласың,
Жүрегім боп соғасың
Күн мейірімі төгілген
Ана ғана ғаламда
Жақсы ананың шуағы
Мәңгі қалар санамда.
7) Қоштасу.
Жұпар — түрік биі
Дидар — түрік биі
— Осы сайыстың әділ—қазыларына сөз берейік.
— Осымен «Көктем аруы» атты сайысымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!
- 8872 просмотра