Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік
Дукетбаева Анаргуль Тлегеновна учитель начальных классов, 1 категория. ГУ «Архангельская средняя школа», Кызылжарский район с. Архангельское СКО |
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 А
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Дара және күрделі етістік туралы берілген ұғымды кеңейту. Дара және күрделі етістікті ажырата білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін, өз ойын жеткізе білу, дәлелдей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Еңбексүйгіштікке баулу.
Әдісі: сұрақ — жауап, түсіндіру, сатылай кешенді талдау стратегиясы.
Көрнекілігі: графикалық диктант, сөздер, сөзжұмбақ, жеке суреттер, үнтаспа, себет, стикерлер
Сабақ барысы:
І. Психологиялық дайындық
Балалар «Шаттық шеңберіне» тұрады.
— Сәлеметсіздер ме балалар!
— Қайырлы таң құрбым!
— Қайырлы таң достым!
Сәрсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын!
- Ендеше балалар, бүгінгі күнге, бүгінгі қазақ тілі сабағына сендерге сәттілік, табыс тілей отырып сабағымызды бастайық.
- Орнымызға отырмай тұрып, мына менің қолымдағы затты танисыңдар ма? Ол-аяққап. Онда әр түрлі ұсақ-түйек заттарды салып, іліп қойған. Ал бүгін оның ішінде асықтар жатыр. Сол асықты түстеріне қарай ала отырып біз топқа бөлінеміз де, бүгін топпен жұмыс істейміз.
- Енді барып орындарыңа жайғасыңдар.
ІІ. Өткен сабақты қайталау
— Балалар, біз қандай сөз табымен танысып жатырмыз?
— Етістік дегеніміз не?
— Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?
— Ендеше сол етістік тақырыбын қаншалықты білетінімізді тексеру үшін графикалық диктанттымызды орындаймыз.
1. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.
2. Етістіктерге Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтар қойылады.
3. Етістік құрамына қарай дара, күрделі болып екіге бөлінеді.
4. «Жүгіреді» деген сөз Не істеді? деген сұраққа жауап береді.
5. Екі не одан да көп сөзден тұратын етістік дара етістік деп аталады.
6. Бір сөзден тұратын етістік дара етістік деп аталады.
7. «Алып кет» етістігі күрделі етістік
8. «Айгүл сурет салып отыр» деген сөйлемдегі етістік сурет деген сөз.
9. «Жаңбырмен жер көгереді, Алғыспен ел көгереді.» деген мақалдағы етістік көгереді.
10. Жүрді, ойнады, күлді, мақтанды деген сөздер күрделі етістік
Жауабы плакаттан көрсетіледі. Балалар өздерінің ұпайларын санап өздерін бағалайды.
Стикерлерді жапсырады.
Дәптермен жұмыс
• Бүгінгі күнді жазып, өздеріне берілген жеке көркем жазуды орындайды.
Көркем жазулары да стикерлермен бағаланады.
Топпен жұмыс
• Екі топқа берілген сөздердің ішінен І-топ дара етістіктерді, ал ІІ-топ күрделі етістіктерді теріп, дәптерлеріне жазады.
• Ойнады
• кіріп келді
• алғызды
• апарып тастады
• көтерді
• жинап алды
• еркеледі
• ойлап отыр
• достасты
Әр топ өздеріне ұнаған 2 сөзді алып, сонымен сөйлем құрап жазады.
Құраған сөйлемдерін дауыстап оқып тексереміз, стикерлер тапсырылады.
Сөзжұмбақ шешу.
Әр топқа екі сөзжұмбақ беріледі. сөзжұмбақты шешіп, соның жауаптарымен екі топ қосылып сөз құрастырады.
Cөйлемдерді оқы. Әр сөйлемдегі етістіктерді сөзжұмбаққа дұрыс орналастырсаң, жыл мезгілінің аты шығады.
• Айдос ауылдан келді.
• Алыстан тау көрінді.
• Малшылар жайлауға көшті.
Cөйлемдерді оқы. Әр сөйлемдегі етістіктерді сөзжұмбаққа дұрыс орналастырсаң, жыл мезгілінің аты шығады.
• Бектас кассаға ақша төледі.
• Мұғалім әдемі жазуға үйретті.
• Аян інісіне көмектесті.
— Қандай сөз шығады?
— Көктем
— Ендеше осы сөзбен әр топ шағын әңгіме құрастырыңдар. Құрастырған әңгімелерін оқып шығады.
Сергіту кезеңі
Үнтаспадан жаттығуды тыңдай отырып жасайды.
• Көктем мезгілінде алғашқы қандай гүлдер өсіп шығады?
• Бәйшешек, жауқазын.
• Аналарымызды алда келе жатқан мерекелерімен құттықтау үшін, көктемнің алғашқы гүлдерін себетке жинап алып аналарға сыйлайық. Ол үшін берілген көктем мен қыс мезгілдеріне байланысты етістіктер ажыратып, соның ішінен көктемге сәйкес сөздерді теріп алып, соның үстіндегі гүлді апарып себетке салу керек.
Сөздерді дауыстап оқып отырады.
• Балалар сендерге көктем мезгілі ұнайды ма? Неге?
• Көктемнің негізгі белгілерін атаңдар.
• Ендеше, көктем туралы әндер де ұнайды ғой?
«Көктем» әнін тыңдай отырып, оның ішінен етістіктерді атап айтуға.
Етістіктер: келді, оранады, боянады, оянады.
Оқулықпен жұмыс
3-жаттығуды орындау
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, алғашқы үш сөйлемді І-топ, ал соңғы үш сөйлемді ІІ-топ көшіріп жазып, сөйлемдердің ішіндегі етістіктердің астын сызады.
Үйге тапсырма беріледі.
5-жаттығу суреттер мен сызбалардың орнына керекті сөздерді қоя отырып жаттығуды орындап келу және өздеріне соған ұқсас жаттығу құрастыру беріледі.
Қорытындылау
Екі топқа берілген суреттерді дара және күрделі етістіктерге байланысты топтастырып жапсырып, суреттің астына сөздерді жазады. Екі топ бір-бірінің жазған жауаптарын тексеріп бағалайды.
Оқушыларды бағалау.
Оқушылар алдарындағы стикерлерді санап өздерін бағалайды.
Рефлексия
• Осы сабақтан қандай әсер алдыңдар? Егер де жақсы әсер алсаңдар вазадағы гүл сабақтарына апарып, гүлдерді жапсырыңдар.
• Сабақ аяқталды!
• Сау болыңыздар!
- 19156 просмотров