9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Тақырыбы: «Қош келдің көктем!»

Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2025» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

 

Нурмухаметова Алмагуль Кабылкаевна бастауыш класс мұғалімі, бірінші категория «№ 8 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ШҚО Аякөз ауданы, Ақтоғай бекеті

 

Фото с сайта vrsmexa.mirtesen.ru

Мақсаты:

1. Оқушыларды әйгілі суретшілердің жұмыстарындағы бейнеленген көктемгі табиғатпен таныстыру.
 — шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру, өз байқағандарын және ішкі сезімдерін сурет арқылы дамыту.
2. Бейнелеу өнерін ана тілімен, музыкамен, физикамен байланыстыру.
3. Оқушыларды тиянақтылыққа, жұмыстан әсер алуға, сезімталдыққа тәрбиелеу

Сабақтың формасы: Практикум-сабақ, ойын түрінде сабақ.

Сабақтың түрі: Оқушылардың алған білімдерін қалыптастыру.

Үрдісі: Ізденіс шығармашылық.

Жабдықтар: Ақ қағаз, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қарындаштар, атақты суретшілердің суреттері мен түрлі-түсті слайдтар, күй табаққа жазылған әуендер; әр түрлі тапсырмалар, компьютер, мультимедия және экран, қайшы.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

1. Жұмыс орындарын тексеру

— Қайырлы күн! Қоңырау соғылды, балалар. Сабаққа дайынсындар ма? Керек заттарын алдарында жатыр ма? Тексердіңдер ме? Жақсы, отырындар.

2. Сабаққа деген психологиялық көмек.

— Балалар, партада дұрыс отырып, бір-бірімізге күлімдеп карап барлығымызға сәттілік тілейік. Менімен бірге келесі жолдарды қайталаңдар:

— Мен мектептемін, мен сабақтамын
— Қазір мен білім алуды бастаймын
— Мен білімге талпынамын
— Мен еңбек етуге дайынмын

3. — Балалар мен бүгінгі сабақты төменгі жолдардан бастағым келіп тұр: «Бейнелеу дегеніміз музыка тәрізді, ал музыка-әуен арқылы берілген сезімдер»

а) Ойын «ойлау қабілетінді қос»

— Қазір біз көзімізді жабамыз да, музыкалық шығармадан үзінді тыңдаймыз. (музыка қосылады) CD-1 № 16

— Не сездіндер? Не елестетіп отырсыңдар? (оқушылардың жауаптары: жарық күн, ашық аспан, еріп жатқан қар)

II Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттары:

Тақырыбы: «Қош келдің, көктем!»

Сабақтың мақсаты: «Көктемді қарсы алу» атты сурет салу

— Көктемгі табиғат жайлы сөйлесу;
— Байқаған қызықты жәйттарды алуан түрлі түскен бояумен көрсетуді дамыту
— Эстетикалық талғымды дамыту;
— Музыка мен суреттерден алған сезімдерді дамыту.

1. Әңгіме

— Қазір қай кез? Көктем айларын атаңдаршы.

— Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер байқалады? (Жайдарлы күн, еріген қар, сылдырлап, ағып жатқан жылғалар, бүршік атып келе жатқан, ағаштар, құстардың ұшып келуі)

Тс-с-с! Тыныштық сақтайық! (Құстардың дауыстары)

— Көктемнің өзі бізді қонаққа шақырады

№ 3 слайд

— Көктем қалай келеді?

— Неге мезгілдер ауысады? Бәріміз тақтаға қарап, табиғаттың оянып, көктемнің келуін көрейік
 («Көктемнің оянуы» атты ролик және музыка (СD-1 № 16, коллаж)

— Балалар көктемгі табиғаттың ерекшеліктері қандай?

(Жан-жануарлар, жәндіктер, табиғат оянады, жас төлдер асыр салады)

— Табиғаттың көңіл күйі қандай?

— Балалар неге қыстан кейін көктем келеді? Неге жаз болмайды? Бәріміз тақтаға қарайық.
 (Коллаж «Жыл мезгілдері»)

Бұл сұраққа біздің қонағымыз физика пәнінің мұғалімі түсінік береді (ғылыми түсінік)

№ 4 слайд. Сәуір-көктемнің жалғасы

Көктемнің бояулары қысты жеңген табиғат сияқты қуанышты

№ 5 слайд.

Мұғалім: — Көптеген суретшілер табиғатты сұлулығын бейнелей отырып адам бойында сұлулыққа табыну мен табиғатты аялау сезімін тудырады.

«Атақты суретшілердің көктем туралы суреттері» (2–3 жұмыстары жайлы айту)

«Орамал тастау ойыны»

— Көктем жайлы суретшілер не айтқысы келді?

— Көктемнің қай кезі суреттерде бейнеленген?

— Көктем туралы қандай өлендер, мақал-мәтелдер білесіндер?

Мұғалім: «Сиқыршы көктем, балаларға көктемгі түстерді тандауға көмектесе ғөр!»

№ 6 слайд «түрлі-түсті шеңбер»

Көктем: Табиғатта алуан түстің сәйкестігін көруге болады. Барлық түстер жылы және суық түстерге бөлінеді.Жылы түстер: сары,қызғылт сары,қызыл. Бұл күзгі жапырақтардың, от және күннің, піскен алманың түстері. (Суреттерді көрсету)

Суық түстер: көк, қара көк, көгілдір аспанның түсі, түннің қардағы көлеңкесі. Алайда әр түске суық және жылы өң беруге болады. (Суреттер)

№ 8 слайд. «Жылы түстер» — түсіндіріп өту.

№ 9 слайд. «Суық түстер» — түсіндіріп өту.

III. Сергіту сәті

— Мен түстерді айтамын. Егер түс жылы болса, сендер отырасыңдар. Егер суық болса, қолдарынды көтересіңдер.

(Сары жапырақ, қара қарындаш, көгілдір аспан, қызыл алма, күннің шуағы, апельсин.)

Көктем: Енді сендер түстерді ажырата отырып қуаныш пен көңілсіздікті көрсете аласыңдар.

Ал енді «Мозайка» ойынын ойнайық. Мен сендерге сиқырлы қарындашпен көмек көрсетемін.

№ 10 слайд. «Суық түстер» (Paint графикалық редакторында сурет салу: «Табиғат»)

№ 11 слайд «Жылы түстер» (Paint графикалық редакторында сурет салу: «Табиғат»)

Мұғалім:

— Рахмет, Көктем! Сізге оқушылар ұнады ма? Сіздің тапсырмаларыңызды орындай алды ма? Асықпаңыз! Бізбен бірге қалыңыз.

№ 12 слайд «Суретшілердің жұмыстары»

— Балалар! Суретшілердің өздерінің жұмыстарында ішкі сезімдерін көрсетуге талпынса, композиторлар музыка арқылы сезімдерін білдіреді.

— Қайта «көктемнің сыбдыры» атты әуенді тыңдайық.

— Ал сендер көңіл күйлеріңді қалай көрсетесіңдер?

Не сездіңдер? Әуен қандай сезімдерді суреттейді? Қандай түстерді (суық,жылы) білдірді?

— Жарайсыңдар!

IV. Практикалық жұмыс

«Көктем келді» атты тақырыпқа түрлі-түсті қарындашпен сурет салу.

«Кім мықты суретші?» атты ойыны (музыка ойнайды (CD-2 № 15, № 16), балалар сурет салады.)

V. Рефлексия

Тапсырманы орындағандар алақандарыңды соғыңдар. Кімге уақыт жетпеді, олар бастарың сипасың «Балақай ештеңе етпейді, келесі жолы міндетті түрде үлгеремін» — деп айтыңдар.

VI. Жұмыстың қорытындысы. (КӨРМЕ)

VII. Сабақтың қорытындысы

— Сабақ ұнады ма?

— Егер ұнаса, күнге күлкіні салып қойындар.

(«Жарайсыңдар!» слайды)

VIII. «Құстардың әні слайды»

(Құстың тұмсығында үй тапсырасы жазылған.)

Көктемнің хаты: — Балалар алуан түсті қолдана отырып мені салыңдаршы.

IX. Бағаларды қою

Категория: