Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл — қазақ тілі
Петропавл қаласы «Қасиетті Сергий Радонежский құрметіндегі орта мектеп» жеке меншік мекемесінің 1 санатты қазақ тілі мұғалімі Ислямова Шайзат Қабешқызы |
Сабақтың мақсаты:
1. Мемлекеттік тіл туралы жалпы мәлімет беру.
2. Тіл туралы мақал — мәтелдер, нақыл сөздер айтқызу, оқушылардың ойлау белсенділігін, ой — өрісін, сөздік қорын молайту.
3. Мемлекеттік тілге қызығушылық тудыру, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, түсіндіру, блиц — турнир.
Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ.
Н.Назарбаев
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру
III. Жаңа тақырып
1. Мәтінмен жұмыс
Конституциямыздың 7-ші бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп көрсетілген. Мемлекеттік тілді білу — әрбір Қазақстан азаматының борышы. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Ол сөз құрылымы жағынан жалғамалы тіл болып табылады. Қазақ тілі өте бай, көркем тіл.
22 қыркүйек қазақстан халықтарының тілдері күні. Әр ұлттың өз ана тілі бар. Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталады, ана сүтімен бойға сіңеді. Өз халқының мәдениетіне, дәстүріне деген көзқарас туған тіліңді білуден басталады. Өз тіліңді құрмет тұту — ең басты мәселе.
2. Тірек сызбаға сүйене отырып, мемлекеттік тіл туралы әңгімелеп беріңіз.
1989
Қазақ тілі Конституция 7-бап
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
22 ыркүйек бай, көркем
3. Блиц-турнир
«Блиц» (неміс сөзі) — қас — қағым сәт
«Гейм» (ағылшын сөзі) — ұпай саны бойынша белгіленетін ойын
1 гейм
Қазақстан туралы не білеміз?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл?
- Қазақ тілі мемлекеттік мәртебені қашан алды?
- Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне не жатады?
- Қазақстанда неше ұлттың өкілі тұрады?
- Қазақстанның төл мерекелері қандай?
- Қазақстанның қанша халқы бар?
2 гейм
Кім алғыр?
Тіл туралы мақал — мәтелдер:
- Өнер алды — қызыл тіл.
- Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. - Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ. - Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ. - Қотыр қолдан жұғады,
Пәле тілден жұғады. - Піл көтермегенді, тіл көтереді.
- Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме. - Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер. - Қызыл тілдің қадірін,
Тоқтағанда білерсің. - Тіл қылыштан өткір.
- Халық тілі — қайнар бұлақ.
- Жеті түрлі білім біл,
Жеті жұрттың тілін біл.
3 гейм.
«Тіл құдіреті»
Тіл туралы атақты адамдардың ұлағатты сөздері
Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ. (Ш. Айтматов)
Тіл аспап сияқты, оны жақсы білу керек, оны жақсы меңгеру керек. (М. Горький)
Тіл дегеніміз — қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры. (Б. Момышұлы)
Игі істің басы — тіл, тәрбие басы — тіл. (М. Қашғари)
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ. (Ғ. Мүсірепов)
Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Тілім өссе, мен-де бірге өсемін,
шсе тілім, мен-де бірге өшемін. (Ә. Тәжібаев)
Халықтың мәңгі ғұмыры — оның тілінде,
Әрбір тіл өзінің халқы үшін ҰЛЫ. (Ш. Айтматов)
4 гейм
Өнерлі өрге жүзер. (Тіл туралы мәнерлеп өлең оқу)
Қорытынды. Әр дұрыс жауап 3 ұпай.
Бағалау.
Тіл бойынша «Не білдім? Не білгім келеді?» деген сұрақтарға жауап жазу.
Нені білдім? |
Не білгім келеді? |
- 30590 просмотров