Тақырыбы: Біржан өлеңдеріндегі әлеуметтік сипаты
Қандыағаш қаласы № 4 қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төретова Гүлсім |
10 — класс Әдебиет
Мақсаты:
Айтыстағы адамгершілік, ақындық, әншілік қасиеттерін тану, олардың тіл шеберлігін ұғындыру.
Айтыс ақындарын, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқалардың көз қарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың белсенділіктерін, шығармашылықтарын, өз ойын тұжырымды айта білулерін дамыту.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.
Әдісі: Ойландыру, іздендіру, топтастыру, еркін жазу.
Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка, әдебиет.
Көрнекілігі: Кітаптар, компьютер, видео.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Барысы: Үй тапсырмасын сұрау.
1. Қызуғышылықты ояту. Бұл оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы.
2. Кино: Біржан сал фильмінен үзінді.
3. Біржанға байланысты сұрақтар қойылады.
Үзінді оқу
– Сонымен Біржан мен Сараны біздер кім деп білдік?
1. «Біржан — Сара» операсынан үзінді.
2. Айтыстан үзінді. Орындайтын: Дәулет пен Зәру.
Осы айтыста қандай әлеуметтік мәселені көтерген? Жаңа сабақ
1. Сара тобы:
Билігі болмаған соң бір басында,
Берген соң тері-терсек ит те алады.
деген сөздің мәнін кім ашады?
2. Біржан тобы: Жиенқұлды айтыста қалай бейнеленген?
Біржан жастарға қандай өсиет айтты?
(Кітаптан өлеңді оқыту)
Жауап алу.
Дебат: «Айтыс бізге керек, пе жоқ па?»
Жақтаушылар: Айтысты өнер деп те
Өмір деп те білеміз.
Даттаушылар: Айтыс өнері — кәсіпкерлікке айналып кеткен жоқ па?
Бекіту:
Маған әсер еткен үзінді | Соған байланысты менің пікірім |
Өз пікірлерін жазу.
Үйге тапсырма Біржан сал және Жанбота.
- 11561 просмотр