9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

«Оқу — білім қазығы, білім — өмір шырағы»

Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2025» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Байгожина Асемгуль Серикбаевна, бастауыш сынып мұғалімі, орта деңгейлі бірінші біліктілік санатты, КММ № 2 Ленинград орта мектебі СҚО, Ақжар ауданы, Ленинград ауылы

Фото с сайта vologda.4geo.ru

Бастауыш сыныптарда пәндер бойынша олимпиадасының ашылу салтанатының сценарийі

Фанфары

Египет киімін киген 2 қыз шығады.

І египет қызы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

ІІ египет қызы: Бүгін № 2 Ленинград орта мектебінде Ақжар ауданының бастауыш сыныптары арасында пәндер олимпиадасы өткелі жатыр.

І египет қызы: Жарыстан қапы қалып қоймаңыздар!

ІІ египет қызы: Өз білімдеріңізді көрсетуге асығыңыздар!

І египет қызы: Қайырлы күн, Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

ІІ египет қызы: Бүгінгі бастауыш сыныптар арасында өтетін аудандық пәндер олимпиадасына қош келдіңіздер!

І египет қызы: Жалпы олимпиадалар ертеден қалыптасып, келе жатқан сайыс. Алғашқы сайыс Олимп елінде өткен. Бұл сайысқа Зевс құдайдың бес ұлы қатысыпты. Ағайындылардың үлкені Геракл барлық сайыстарда жеңіске жетіп, зәйтүн жапырағынан жасалған тәжімен марапатталыпты.

ІІ египет қызы: Сол күннен бастап Геракл 5 жылда 1 рет осындай сайыстар өтетінін жариялады. Олимпия елінде өткен жарыс құрметіне барлық спорт және білім жарыстарын бүгінгі күнде Олимпиада деп атайды. Бүгінгі біздің өткізгелі жатқан Олимпиаданың мақсаты ең білімді, ең үздік, ең озат оқушыларды айқындау.

І египет қызы:Олимп елінің елшісі ( рим музыкасы, елші шығады)

Елші: Бүгінгі бастауыш сыныптар арасындағы пәндер олимпиадасының өтілуі құтты болсын. Биылғы олимпиада ерекше, өйткені бастауыш сыныптар олимпиадасы аудан бойынша бесінші рет өтілуде. Бұл сайысқа аудан мектептерінен таңдаулы, білімді, зерек оқушылар келіп отыр. Сендердің білімдерің болашақта мектептің, ауданымыздың, еліміздің көркеюіне зор үлес қосады деп сенемін.

Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.
Пайда аларсың, қаужанарсың тоймасаң.

Бүгінгі олимпиаданың ашылу салтанатына білім елінің есігін ашатын кілтін ала келдім. Олимпиада № 2 Ленинград орта мектебінде өтетін болғандықтан бұл кілтті осы мектептің директоры Сайран Қадылқанқызына табыс етуге рұқсат етіңіздер. (фанфары,кілт табыс етіледі)

ІІ египет қызы: Аудандық бастауыш сынып оқушыларының пән олимпиадасы ашық деп жариялаймыз.

І египет қызы: Салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Ережепова Сайран Қадылқанқызына беріледі.

ІІ египет қызы: Аудандық білім бөлімінің әдіскері Бастыбаева Азиля Егінбайқызы.

І египет қызы: Олимпиада қатысушыларын құттықтау мектеп оқушыларына беріледі.

1-оқушы:
Қайсарлы Қазақстан ұланымыз
Еліме лайық болу ұранымыз.
Шығарып қазақ атын бар әлемге,
Сөнбесін әрқашанда жыр-әніміз.

2-оқушы:
Бақытты елдің, ұл-қызымыз
Әркімнің маңдайдағы жұлдызымыз.
Елдерді бір-бірімен жалғайтұғын,
Болашақтың ертеңгі ұланымыз.

3-оқушы:
Бақытты балғын баламыз,
Өседі ой санамыз.
Білімнің нәрін сусындап,
Биікке самғап барамыз.

4-оқушы:
Балалар, бұл — жол басы даналыққа,
Келіңдер түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?

5-оқушы:
Шырқаймыз асқақтата жыр әнді біз,
Қашаннан қайсар елдің ұланымыз.
Ертеңге қанат қағып самғайтұғын,
Қорғаны болашақтың қыранымыз.

6-оқушы:
Жарысып ойнап желменен,
Биікке талмай өрлеген.
Бағыттан тайып көрмеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.

7-оқушы:
Көңілін қиял кернеген,
Өмірін шаттық тербеген.
Ертеңге қанат сермеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.

Ән «Үйретеді»

8-оқушы:
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Кәне ортаға салайық.

9-оқушы:
Қастерлеймін тілімді,
Құрметтеймін әрқашан.
Қуат алар өзіңнен,
Мен бақытты ботақан.

10-оқушы:
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл, білім үйреткен.
Ана тілін оқимын,
Ерекше зор құрметпен.

11-оқушы:
Ұлтын сүйген баламын,
Ұлтым тілі — анамның.
Қазақ тілі — ортақ тіл,
Тілімнен ой табамын.

12-оқушы:
Сүйемін ана тілімді,
Ақ сүтіндей ананың.
Өнер, білім- бәрін де,
Ана тілден аламын.

13-оқушы:
Сөйлеймін ана тілімде,
Өзге де тілді білемін.
Бірақ та ана тілімді,
Ерекше қадір тұтамын.

14-оқушы:
Өз тілімді сөйлеп өсті сан ұрпақ,
Қазақ тілі — көгіндегі шам — шырақ.
Қазақ тілі — болашаққа жетелер,
Ұрпақтарды танытады әлемге.

15-оқушы:
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын,
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика — қызықты тоймайтұғын.

16-оқушы:
Сонау-сонау алысқа, жүзсің десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсың десең денелер.
Жасау үшін бәрін де,
Математика пәнінде.
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

17-оқушы:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.

18-оқушы:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізсін сіздей өренді,
Математика сырына.

19-оқушы:
Математика сабағын,
Жақсылап ұғып аламын,
Сәулесі де сананың,
Мәнінен ой табамын.

20-оқушы:
Бастауышта оқып жүрміз бәріміз,
Ойға білім тоқып жүрміз бәріміз.
Бастауыштан жалындаған жалындар,
Ертеңгі ірі ғалымдар.
Алдарыңда ұзақ жол бар,
Оқумен өсіп, толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман-есен болыңдар.

Ән «Мектебім»

І египет қызы:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па? — дей отырып әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар. (Әділқазылар таныстырылады)

ІІ египет қызы:
Өнерменен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік менің үнім бар, — дей отырып келген мектептер өз командаларын таныстырады.

І египет қызы: Іске сәт, құрметті оқушылар! Жұлдыздарың жансын!

Оқушылар пәндер бойынша кабинеттерге кетеді.

Категория: