9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Оқушылардың өздігінен қазақ тілі сабағындағы жүргізілетін жұмыс

Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2025» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер селосы Бақтыбаева Күлпаш Есмаханқызы В.М.Скачков атындағы Қызыләскер орта мектебінде қазақ тілі пінәнің мұғалімі. Лауазымы, квалификациялық категориясы:қазақ тілі пәнінің мұғалімі, арнайы орта деңгейлі, екінші санатты.

Бақтыбаева Күлпаш Есмаханқызы

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту. Сонау қилы заманнан азаттық күрес үшін бас көтеріп, тәуелсіз ел, қабырғалы халық, бүкіл жұрт санасар ұлт ретінде танылып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алды. Солай десек те, мемлекеттік тіл деп дәріптеп отырған ана тіліміздің қолдану-деңгейі, мәртебесі дәл бүгінгі күні бізді қанағаттандыра алмайды. Билік басындағы қазақтың талай «оқыған азаматтары өздерінің қасиетті шаңырағында қазақша сөйлеуді парызымыз деп санамайды. Қазақ тілін ардақтау, қастерлеу қазақ халқының өз қолында.

Тіл құрыса, ұлт та құритыны айдан анық нәрсе.

Сондықтан мемлекеттік тілдің қайнар көзі, іргетасын қалаушы сенімді тірек-мектеп.

Қазір қазақстандағы білім беру саласының алдында оқыту және тәрбие жұмысын жетілдіру, жандандыра түсу міндеті тұр. Анығында, бұл талап қай уақытта да болмасын күн тәртібінен түскен емес. Ал, аталмыш мәселені шешу педагогика ғылымының алдына қойып отырған мақсатының бірі — оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің түрлі әдістемелік жолдарын табу. Сол арқылы жаңа білімді игеріп, оны болашақ өңірде қолдануға жағдай жасау.

Көп жылғы тәжірибенің нәтижесінде өздік жұмыстар арқылы оқыту шәкірттерге білімді саналы да терең меңгерудің, әр сабақтың сапасын арттыру тиімді жолы екендігі дәлелденіп келеді. Оқушылардың өздік жұмысы — арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс. Оқушы тапсырмада қойылған мәселеге, ақыл-ой мен күш-жігерін саналы түрде жұмсай отырып шешеді, әр өз жұмысының нәтижесін көрсетеді.

Оқыту процесінде жүргізілетін өздік жұмыстың мазмұны мына талаптарға сай болуы шарт:

  • тапсырма мазмұны сынып оқушыларының жас және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жасалуы керек;
  • оқушының бұған дейін алған біліміне сәйкес құрылуы тиіс; тапсырма түсінікті, мазмұны қызықты болуы қажет; орындау тәртібі мен тапсырма мазмұны бірте-бірте күрделене түседі. 

Қазақ тілі сабағында өздік жұмыстарды төмендегідей мақсаттарға байланысты жүргізуге болады.

  • оқушылардың өздігінен білімінен толтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алу;
  • оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылану;
  • берілген білімді пысықтау;
  • оқушының білімін тексеру, бақылау;
  • шығармашылық қабілетін арттыру;
  • сөздік қорын байыту, тіл дамыту.

Білімді меңгеру — тек қана оқу материалын, ережелерді, заңдылықтарды, грамматикалық ұғымдарды есте сақтау арқылы емес, оны оқушылардың өзі логикалық талдау жасай отырып, орынды пайдалана білу арқылы жүзеге асырады. Қазақ тілі сабағында оқушыларға өздігінен орындалуына берілетін жұмыстар ойлау қабілетін арттыруға, берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен шешім қабылдаануға талпындыратындай болуы тиіс.

Тәжірибеден байқағанымыздай, оқушылардың жұмыстарының деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асыру оңтайлы нәтиже беріп жүр. Деңгейлік тапсырмалар жалпыға бірдей міндетті стандарт білімді негізге ала отырып құрастырылады. Академик В. П. Беспалко оқушылардың оқу материалын меңгеру төрт-деңгейге бөліп қарастырады.

1-деңгей — оқулық деңгей. Мұнда оқушыға аса ойлануды қажет етпей, тез жауап бере алатын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі, яғни оқулықта бар мәселелер қамтылуы керек. В. П. Беспалько бұл-деңгейдегі тапсырмалардың мақсаты, орындалу жолдары айқын болуы қажет екенін ескертеді. Қазақтілі сабағында бұл-деңгейге лингвистикалық ережелер, анықтамалар, оқушы жадында қалу үшін берілетін тапсырмалар, сөйлем ішінен көрнекті грамматикалық көрсеткіштерді тану, мысал келтіре алу т.б. сияқты тапсырмалар мен сұрақтарды жатқызуға болады.

2-деңгей — алгоритмдік-деңгей. Бұл-деңгейде берілетін тапсырмалардың мақсаты айқын болып, ал ол мақсатқа жету үшін тапсырмалардың орындалу жолдарын табу оқушыдан талап етіледі. Оқушы бұл кезде мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған, ақпаратты пайдаланады. Мысалы: таблица толтыру, схема сызу, т.б.

3-деңгей — эвристикалық деңгей. Мұндағы тапсырмалар оқушыдан ізденуді қажет етеді. Оқушы бұрын алған білімінің негізінде және қосымшаәдебиеттердің көмегімен тапсырманы ой еңбегін іске қосу арқылы шеше алады.

4-деңгей — шығармашылық деңгей. Мұнда әр оқушы өзіндік шығармашылық жұмыспен айналысады. Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстарымен —шығарма, әңгіме, ертегі құрастырып жазу, белгілі бір тілдік ұғымға байланысты реферат жазу, бір-бірінің шығармашылық жұмысына рецензия жазу сияқты тапсырмаларды жүргізу болады. Ірі тілдік тақырыпты (лексика, фонетика т.б.) өткеннен кейін оқушыға «Сол тақырып бойынша өзінше схема, таблица құрастырар едің?" деген сияқты шығармашылығын дамытуға арналған сұрақтар беруге болады. Сонда әр оқушы өзінің сызбасын сызып,«жаңалығын» ашады.

Адамның белгілі бір өмірлік қажеттіліктерін дұрыс қанағаттандыра отырып онда өзін-өзі дамытуға қажеттілікті тудыруға болады. (А.Маслоу. 1976.)

Егер «қажеттілік» пирамидасына үңілер болсақ алғашқы қажеттілік — физиологиялық. Бұл адамның өмірдегі күнделікті қажетті тамағы, киімі, т.б.қажеттіліктерін қамтамасыз етуі.

Екінші қажеттілік «қорғану және қорғалу». Ол пікірлер мен идеяларды бірдей қабылдап дұрыс таңдай білуі. Тыңдаушылардың «ойыма сын айтады»деген ішкі қорғаныс сезімінен арылуға мүмкіндік береді. Келесі қажеттілік — сүйіспеншілік, жақындықты сезіну. Өзге оқушылардың сенің адамиқұндылығыңды түсінуі және өзінің де оларды бағалауға жетуің. Сабақ барысында пікір талас, ой толғаныс сәттерінде оқушылардың кездескенқиындықтары мен жеткен жетістіктерін ортаға салып ой бөлісуге мүмкіндіктерінің болуы, бір топпен ғана жұмыс істемей басқа топтарға бөлу арқылы барлықтарының да өзге адамдарды қызықтыратын жақсы ойлардың «жинақталатындығы жөнінде пікірлерді» тудыру.

Бұл қажеттіліктің қанағаттандырылуы оқушыларды өзін-өзі қадірлеу қажеттілігін тудырады.

Өзін өзі қадірлей білу үшін адамға өмірдің алдына қойған мақсат-міндеттерін орындауға лайықты екендігін түсінуі керек (Шәкәрім 1992). Бұл жерде оқушы үшін жасап жатқан ісін аяғына дейін орындап шыға алатындығына оқушы мен мұғалімнің тарапынан сенімділіктің болуы да маңызды.

Өзін өзі қадірлей білетін оқушы бойында мынандай қасиеттер орын алады: сенімділік, нәтижелік, тәуелсіздік, еркіндік. Осы процесс негізінде еңмаңызды қажеттілік — өзін өзі дамыту.

Осы бағдарлама бойынша жұмыс істеу барысында менің өзімде-де, оқушыларымда да өзгерістер пайда болғанын байқадым. Ол мені қуантады, көптеген оқушыларды қайта тани бастадым.

Өзін — өзі дамыту
Өзін-өзі қадірлеу
Сүйіспеншілік, жақындық
Қорғану, қорғалу
Физиологиялық қажеттілік

Қазіргі заманда оқушының білімін, өздік жұмысын тексеруде тест қолданылуда. Тест, ағылшын тілінен аударғанда «байқау» деген ұғымды білдіреді. Тест әдісі уақытты үнемдейді, әрбір тарауды немесе бір тоқсандағы, болмаса бір жартыжылдықта алған білімі сарапталады, әрі оқушықызығушылығы мен белсенділігін көтереді. Қазақ тілі пәнін үйретуде ұстазға қойылатын талаптардың ең бастылары тек қана ауызекі еркін сөйлесе, жаза білу дағдыларын меңгерту ғана емес, халқымыздың бай мәдени, әдеби, тарихи мұрасын, тәрбиелік мәнін жеткізіп, егеменді еліміздің жерін, салтын сүйетін болашақ ұрпақты тәрбиелеу.

Қазіргі заманымыздың өзі талап етіп отырған бұл қажеттілікті іске асыру жолында мен көп ізденіп келемін. Соның бір көрінісі сабақтарымда шәкірттерімнің белгілі бір мәтіннің, есте сақтағанын тексеруге арналған тест сұрақтары: Қазақтың салт-дәстүрлері.

1. Әке-шеше ер балаға…..береді.
а) төсек-орын
ә) енші
б) ақша

2. Әке-шеше қыз балаға…..береді.
а) төсек-орын
ә) енші
б) ақша

3. Қазақтар баласына кішкентай кезінен……үйреткен.
а) бес атасын
ә) жеті атасын

4. Қазақ баласына шешесінің туыстары…..
а) туыстары
ә) нағашылары

5. Қазақ баласын бесікке салғанда тойлайтын той…..
а) шілдехана
ә) бесік той

6. Қазақ баласы бірінші рет қонаққа барғанда әке-шеше тойлайтын тойы
а) сүндет той
ә) тоқым қағу тойы

7. Қазақ халқы…….жүзге бөлінеді.
а) 5
ә)3

8. Кенже бала қазақ отбасында…..
а) кіші үй иесі
ә) шаңырақ иесі

9. Қазақ мәдениетінде сәрсенбі…..
а) ауыр күн
ә) сәтті күн

10. Қазақ мәдениетінде……. күні үйде жұмыс істемейді, кір жумайды.
а) дүйсенбі
ә) жұма

Сөз табы

1. сөз табын тап.
а) бастауыш
ә) үстеу
б) ілік септігі

2. Зат есімнің сұрақтары қайсы?
а) қалай? Қайтіп?
ә) кім? не?
б) неше? Қанша?

3. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
а) 5
ә) 7
б) 9

4. Сан есім неше түрге бөлінеді?
а) 6
ә) 4
б) 7

5. Сан есімді тап.
а) қызыл
ә) ешкім
б) он жеті

6. Қазақ тіліндегі жалғау түрін ажырат.
а) есімдік
ә) жіктік
б) шылау

7. Тыныс белгілерінің ережелер жиынтығын тексеретін тіл бөлімі.
а) фонетика
ә) морфология
б) пунктуация

8. Зат есімді тіркес.
а) екі сөйлеу
ә) әрең қозғалу
б) кірпіш үй

9. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді?
а) 5
ә) 3
б) 6

10. Мекен үстеуді ажырат.
а) жоғары
ә) биыл
б) осынша

Шоқан Уалиханов

1. Шоқан Уалиханов
а) жазушы
ә) ғалым
б) ақын

2. Шоқан оқыған оқу орны.
а) Сырымбетте
ә) Орынборда
б) Омбыда

3. Оның оқу орны…….. деп аталған.
а) медресе
ә) мектеп
б) кадет корпусы

4. Шоқанның бала күнгі досы.
а) Рычков
ә) Паллас
б) Потанин

5. Шоқанның саяхатқа барған жері.
а) Петербург
ә) Омбы
б) Қашқар

6. Шоқанның шын аты.
а) Мұхаммед-Ханафия
ә) Шоқан
б) Әзімбай

7. Шоқанның лақап аты (Қашқардағы аты).
а) Мұхаммед-Ханафия
ә) Шоқан
б) Әзімбай

8. Қашқарпровинциясы
а) Ресейде
ә) Қазақстанда
б) Қытайда

9. Шоқан мен Потанин қызығып оқыған кітаптар.
а) саяхат
ә) махаббат
б) сауда туралы

10. Шоқан қанша жыл өмір сүрді?
а) 85
ә) 60
б) 30

«Сын тұғысынан ойлау» (СТО) бағдарламасының психологиясын түсінгеннен бастап, бұл бағдарламаның стратегиясын (әдістерін) өзімнің сабақберу жүйеме үздіксіз енгізіп келе жатырмын. Оқушы ұтымды әдістерді пайдалану арқылы өзінің білімге деген ынтасын ұштайтады, таным-білімкөкжиегін кеңейтеді. Бірте-бірте ұста дәрісін жалыға тыңдаушыдан белсенді ойлаушы, іздемпаз шәкіртке айналады. Шәкірт жүрегіне жол табу үшін сабағымның әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізуге тырысамын. Оқушы ойын дамытудың түрлі тәсілдерін тынымсыз ізденіп пайдалануға ұмтыламын. Оқушы тек белгілі мәліметті қабылдаушы емес, сонымен терең ой иесі, тұлға. Ол сын тұрғысынан да ойланып, өз ойын дәлелдей білу керек. Оқушыларға еркін ойлауға, өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беремін. Дұрыс, терең ұтымды ойластырылған сабақ білім сапасын арттырады.

Менің мақсатым оқушылардың ойлау сатысының ең төменгі-деңгейге дейін көтермелеп жеткізу.

Сабақ үстінде мұғалім оқұшыларға жан-жақты сұрақ қоюда мүмкіндігінше барлық оқушының жауап беруін қамтамасыз ету керек.

Осы талдаулардан түйгеніміз оқушының білім-деңгейін түсінуден басталды, одан кейін қолдану, анализ, синтезге дейін жоғарылайды. Белгілі тақырыпты ұгу, қолдану, меңгеру, пайдалану дәріжесіне дейін көтеріледі. Сол арқылы жаңақпараттар алу, проблеманы өзі шеше алуға мүмкіндігі болады. Үнемі Блумның сұрақ қою өлшемімен жұмыс істеген ұстаз Беспольконың оқушының білімді меңгеру сатысының оқушы-деңгейінен шығармашылық сатысына дейін көтерле алатындығына сенімін мол.

Өз бетімен жұмыс істеуге оқушылар зор ынтамен, үлкен қызығушылықпен қатысады. Мұндағы ерекшелік оқушы білімді саналы меңгеруді, логикалықойлау қабілетті артады, салыстыру, дәлелдеу т.б. дағдыларды қалыптастырады.

Өздік жұмыс оқушының білімін, көзқарасын тереңдетеді, өздік ойын, көзқарасын қалыптастырады. Оқушы тек білім алуғы ғана емес,ұжымдағы қарым-қатынасқа қалыпьтасады. Бір-бірін сыйлау, тыңдап сөйлеу, өзіндік шығармашылық жұмыс істеу қабілеті дамиды (талдау, салыстыру, жүйелеу, жинақтау). Осылайша ұйымдастырылған оқу әрекеті арқылы білім, білік дағдыларды меңгере оырып, таным үрдістерін ойлау, қиялын дамытып, эмоция, сезім, ерік, жігер тәрізді құбылыстарын қалыптастырады.

Соң\ндықтан қазіргі қойылып отырған басты міндет — дамыта отырып оқыту, оқушы қабілетіне қарай мүмкіндік және міндетті-деңгей көлемінде білім алуына жағдай жасау. Өмірге өз көзқарасын қалыптастыру, өз ойын еркін айта білу, өз бетімен білім алуға, жоғары дәрежеде ойлауға үйрету.

Оқушылардың өз бетімен орындауына берілетін тапсырмалар олардың сабаққа дайындық деңгейін, бойында бар белгілі бір қасиеттерін, танымдыққызығушылығын арттыруға арналған. әр оқушы өз бетінше қызметін бірінші-деңгейгі тапсырманы орындаудан бастайды. Мұнда ең әуелі берілген тапсырмалардың жеңілдеу, қарапайым болуы ескерілген. Осындай тапсырмаларды түгел орындаған жағдайда ғана келесі-деңгейге (тапсырмаларыбірте-бірте қиындатылған, белгісіз, күрделі мәселелерге қарай сатыланған) көше алады. Әр сатыға көтерілген сайын оқушының ынтасы белсенділігі0 ойлау дәрежесі мен білімінің сапасы да өсіп, дамып отырады.

Әр тапсырманың көлеміне қарай уақыт белгіленіп, жұмыстың орындалуы эстафкеталық сипат алса, сабақ қызық та тез өтіп, жарыс сабағы мазмұнына ие болады.

Оқушының білімін тереңдете түсуде, білімін репродуктивтік-деңгейге көтеруде өз бетімен жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызы зор.

Бүкіл әлемде өмір сүру күрделенді, елімізде демократиялық құрылымдар пайда бол бастады. Болашақта жастар өз жолында кездескенқиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек. Оқушы тек қабылдаушы ретінде танылды. Ал қазір тыңәдістерді жи пайдаланып, оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, таным-деңгейін кеңейту міндеті тұр. Оқушы мұғалімінің сөзін жалыға, еш ұқпай тыңдаушыдан, белсенді, ізденуші, ойланушы дәріжесіне дейін көтерлуі керек. Жастардың енжар, үндемес болуы болашағымыз үшінәділетсіздік болар еді.

Біздің оқушыларымыз талдай, жүйелей, сұрыптай білу арқасында еліміздің жауапты, ойы дамыған азаматы бола алады.

Категория: