9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

«Өз ойыным»

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Садыкова Каламкас Амангельдиновна, учитель химии и биологии, первая квалификационная категория, Мортыкская средняя школа, СКО Уалихановский район, село Мортык

«Өз ойыным»

Мақсаты: Химия пәніне оқушылардың дамыту, ойында жеңіске жәнге бір-біріне көмек беру сезімдерін тәрбиелеу.

Ойынның жоспары:

1.Сәлемдесу, ойынның ережесімен таныстыру.
2.Қызыл раунд
3.Көк раунд.
4.Финал.
5.Қорытынды, марапаттау.

Ойынның жүрісі:

Жүргізушісі: Қайырлы күн, қымбатты ойынға қатысушылар, жанкүйерлер мен қонақтар! Біз осы залда отырған сіздерді 9-10 сынып арасында химия пәнінен интеллектуалды ойынды өткізуге қарсы аламыз. Сонымен, «Өз ойыным».

Ойынның ережесі: Ойын екі раундтан тұрады — қызыл және көк және финалдан. Әр раундтың нәтижесінен ең аз балдар жинаған командалар шығып отырады, бірақ оның мүшелері әрі қарай ойынға қатыса алады.

Қызыл раунд

Химиялық элементтер

Галогендер

Металдар

Оксидтер

Ғалымдар

Реакциялар

1

1

1

1

1

1

2

2

2

2

2

2

3

3

3

3

3

3

4

4

4

4

4

4

5

5

5

5

5

5

Сектор «Химиялық элементтер»

1. Бұл элементті 1818 жылы швед химигі Иоганн Август Арфведсон ашқан. Металл түрінде оның тотығын воль доғасы әсерімен ыдырату арқылы 1818 жылы Дэви өндірді. (литий)

2. Осы химиялық элемент стронцианит минералынан оксид түрінде бөлінген. Металды бос күйінде 1808 ж. Г. Дэви электролиз әдісімен бөліп шығарды. (стронций)

3. Бұл элементке Д. И. Менделеев 1871 жылы ғылымға беймәлім толық сипаттамасын беріп, эка-бор деп атады. Бос күйінде 1936 жылы В. Фишер алды. (Скандий)

4.1797 жылы француз химигі Луи Никола Воклен крокоит минералдың құрамында металдың барын анықтады. Бұл жаңа элементтің бір ерекшелігі; оның қосындылары әр түсті болады. (хром)

5. Бұл металдың мыспен құймасы ертеден белгілі (жез). Таза күйінде мүмкін алғашқы ХІІ ғасырда алынған. (мырыш)

Сектор «Галогендер»

1. Грекше «галогендер» термині нені білдіреді? Жауабы: тұз тудырушылар

2. Қалыпты жағдайда бұл галоген сары жасыл түсті газ. Жауабы: хлор

3. Бұл галоген қалыпты жағдайда — қара көк түсті кристалды зат. Жауабы: йод

4. Қалыпты жағдайда газдың түсі ақшыл жасыл. Жауабы: фтор

5. Қалыпты жағдайда бұл галоген қызыл қоңыр түсті сұйық. Жауабы: бром

Сектор «Металдар»

1. Бұл сілтілік металл таралуы бойынша алтыншы орын алады. Металдың сұйық күйіндегі температуралық интервалы жоғары болғандықтан ядролық энергетикада жылу тасымалдағыш ретінде қолданылады. Жауабы: натрий.

2. Бұл металдың атауы латынша «таңғы жұлдыз» деген мағынаны білдіреді. Табиғатта саф күйінде кездеседі. Ежелден оны «металл патшасы» деп есептеген. Металл — ашық сары түсті, жылтыр, созылғыш, иілгіш болып келеді.Жауабы: алтын.

3. Көптеген метеориттердің құрамында болғандықтан, оны ертеде «аспан» немесе «жұлдыз» тасы деп атаған. Жауабы: темір.

4.1854 жылы осы металдың 1кг 1200 сомға бағаланады, 270 есе күмістен қымбат, ал 1899 ж. — 1 сом болған. Жауабы: алюминий.

5. Бұл металл барлық жағынан «тақ санды» металл екендігімен ерекшеленеді. Онық атомдық нөмірі 19, атомдық массасы 39, сыртқы электрон қабатында бір электрон бар, валенттілігі І. Жауабы: калий.

Сектор «Оксидтер»

1. Ауада «түтінбейтін» ұшқыш сұйықтық. «Түтіндену» — бұл оксидтің ауадағы су буымен қосылып, күкірт қышқылының ұсақ тамшыларын ұсақ тамшыларынын түзуінен болады. Жауабы: күкірт (ҮІ) оксиді.

2. Қатты, қиын балқитын зат. Табиғатта гранит құрамында және басқа тау жыныстарында қосынды түрінде кездеседі. Осындай қосындылары балқытылған шынының түйіршіктері сияқты көрінеді. Желдеткенде тау жыныстарынан бөлініп, өзен суына жиналатын құмды құрайды. Жауабы: кремний (ІҮ) оксиді.

3. Ақ түсті, қиын балқитын зат, сумен әрекеттескенде көп жылу бөлінеді, су бұрқылдап «қайнап» жатады, тіпті біразы буланады. Суды өзіне сіңірген оксидтің кесектері ісінеді де ақ борпылдақ ұнтақ түзіп ыдырайды. Жауабы: кальций оксиді.

4. Өткір тұншықтырғыш иісі бар, түссіз газ. Ол мата мен қағазды ағарту үшін және дезинфекциялық зат ретінде медицинада, ветеринарияда, көкөніс, жеміс қоймаларын зарарсыздандыруға қолданылады. Бұл газ микроағзаларды жояды. Тоқыма өнеркәсібінде жүнді, жібекті ағарту үшін қолданады. Жауабы: күкірт (ІҮ) оксиді.

5. Қара түсті қосылыс, органикалық қосылыстардың түзілуінде тотықтырғыш ретінде және шыны өндірісінде қолданылады. Жауабы: мыс (ІІ) оксиді.

Сектор «Ғалымдар»

1. Ұлы химик ХІХғ. 1834 жылы Тобольск қаласында туды. Оның өмірбаянында бір қызықты дерек бар: 1887 жылы жалғыз өзі аэростатта күн тұтылуын бақылау үшін бұлттардан биік көтеріліп басқа губеринияға түсті. Жауабы: Д. И. Менделеев.

2. Итальяндық ғалым. 1811 жылы газдар туралы заңды ашты, кейін заңды оның есімімен атады. Жауабы: Амедео Авогадро.

3. Химияда атомдық көзқарасынының негізін салған белгілі ағылшын физик және химик. Бірінші «атомдық масса» ұғымын енгізді, салыстырмалы атомдық және молекулалық массаларының кестесін құрастырды. Химиялық элементтердің, олардың қосылыстарының таңбаларын химияға енгізді. Жауабы: Дж. Дальтон.

4. Парижде туған әйгілі француз химигі. Ауаның және судың құрамының күрделілігін дәлелдеді. Жану құбылысының, металдардың тотығуы және тыныс алудағы оттегінің қатысуын дұрыс болжады. Жауабы: Антуан Лавуазье.

5. Ағылшын физик және химик ғалымы, Лондон корольдік қоғамының президенті. Оның корпускулярлы теориясы болды. Ол ұсынған газдар мен сұйықтарды анықтайтын құралдар аз өзгертілген. Жауабы: Роберт Бойль.

Сектор «Реакциялар»

1. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналу реакциясы. Жауабы: қосылу реакциясы.

2. Химиялық реакцияның жылдамдығын баяулататын заттар. Жауабы: ингибиторлар.

3. Бір заттың бірнеше заттарға айналып ыдырауы. Жауабы: айырылу реакциясы.

4. Нәтижесінде бір-біріне айналу қатар реакциялар. Жауабы: тізбекті реакция.

5. Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын жай заттың атомы басатын күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция. Жауабы: орын басу реакциясы.

Көк раунд

Ашылулар

Газдар

Қышқылдар  

Тұздар  

Бейметалдар  

Жалпы химия

2

2

2

2

2

2

4

4

4

4

4

4

6

6

6

6

6

6

8

8

8

8

8

8

10

10

10

10

10

10

Сектор «Ашылулар»

1. Бұл химиялық элементті алғашқы ашқан ҮІІІ ғ. қытай ғалымы Мао-хао, 1000 жыл А. Лавуазьеден бұрын ауаның құрамына жану және тыныс алуды қолдайтын газ кіретінін анықтаған. Жауабы: оттегі.

2. Бұл химиялық элементті ХҮІ ғ. неміс ғалымы Парацельс күкірт қышқылына темірді батырғанда алды. Жауабы: сутегі.

3.1911 жылы бұл ағылшын ғалымы атом құрылысының «планетарлық» моделін ұсынды. Жауабы: Э. Резерфорд.

4. Алғашқы бұл элементті 1772 жылы ағылшын ғалымы Д. Резерфорд ашты. Оның қасиеттерін К. Шееле, Г. Кавендиш, Дж. Пристли, А. Лавуазье зерттеген. Жауабы: азот.

5.1669 жылы гамбург химигі Х. Бранд жай заттарды алтынға айналдыратын «философиялық тас» бар деген үмітпен зәр сұйығын жинап бір-екі ай ашыған соң қоюланғанша буландырды. Оған құм және көмір қосып мойнақта қыздырды. Алдымен су буланды. Ыдыс қатты қызғанда көгілдір жарық шығаратын жаңа заттың аллотропиялық түрөзгерісі түзілгенін байқаған алхимик «философиялық тас» деп ойлаған. Жауабы: ақ фосфор.

Сектор «Газдар»

1. Шіріген жұмыртқаның жағымсыз иісі бар, ауадан ауыр, түссіз газ, суда нашар ериді, оның ерітіндісі жарықта күкірттің ығыстырып шығуынан лайланады. Ауа қоспасында ол улы, қопарылғыш қауіпті. Жауабы: күкіртсутек.

2. Түссіз газ, ауадан ауыр өте төменгі температурада қар сияқты массаға айналады. Тамақ өнеркәсібінде, суды газдандыруда, өрт сөндіруде, «құрғақ мұз» деген атпен тоңазытқыш қондырғыда қолданылады. Жауабы: көміртек (ІҮ) оксиді.

3. Түссіз, иіссіз, улы газ, суда нашар ериді. Отын шала жанғанда бөлінген газымен адам дем алса, уланады. Байытылған газтектес отын, генератор газының құрамына кіреді, сутекпен қоспасы — метил спиртінің синтезіне шикізат болады. Жауабы: көміртек (ІІ) оксиді.

4. Сутек пен оттектің көлемдік қатынастары 2:1. Жанып тұрған спирт шамын жақындатқанда екеуі де тез қосылып, қатты қопарылыс береді. Жауабы: «күркіреуік газ»

5. Өткір иісті, тұншықтырғыш, қоңыр түсті, улы газ. Осы газбен тыныс алғанда адам уланады. Жауабы: азот (ІҮ) оксиді.

Сектор «Қышқылдар»

1. Өткір иісі бар, түссіз сұйықтық. Оның көп мөлшері азот тыңайтқыштарын, қопарылғыш және дәрілік заттарды, бояуларды, пластикалық массаларды, жасанды талшықтармен басқа материалдар дайындауға жұмсалады, ракета техникасында отындарының тотықтырғышы ретінде қолданылады. Жауабы: азот қышқылы.

2. Түссіз, ұшқыштығы төмен, суда жақсы еритін, майлы сұйықтық. Оны химиялық өнеркәсібінің «наны» деп санайды, себебі басқа қышқылдарды алуда, мұнай өнімдерін тазалауда, қант өндірісінде, өсімдік майын тазалауда, газдарды құрғатуда, сода, бояу, жасанды талшық өндірісінде, органикалық синтезде және т. б. қолданылады. Жауабы: күкірт қышқылы.

3. Азот және тұз қышқылдарының 1:3 болса, металдардың патшасы — алтын ериді. Жауабы: патша сұйықтығы

4. Суда ерімейтін әлсіз қышқыл. Судағы ерітінділерінде ол коллоидтық ерітінді немесе кірне түзеді, шамалы уақыттан кейін кірне одан әрі ұйып, сірнеге айналады. Сірнені кептіргенде, құрғатқыш және адсорбент ретінде қолданылатын кеуекті құрылымды түзеді. Жауабы: кремний қышқылы.

5. Қатты, түссіз, суда жақсы еритін кристалл зат, минералды тыңайтқыштар өндіру үшін қолданылады. Жауабы: ортофосфор қышқылы.

Сектор «Тұздар»

1. Ол өнеркәсіпте сода, күйдіргіш натр, хлор, натрий сульфатын алу үшін шикізат, ал тұрмыста — сүрлейтін зат ретінде қолданылады. Жауабы: натрий хлориді.

2. Бұл калий тұзын сабын қайнатуда, мата, тері, фармацевтика өнеркәсібінде, шыны, алюминий, дәрі-дәрмек өндірісінде қажет. Жауабы: калий карбонаты.

3. Бұл тұз көк түсті кристалдар түзеді, минералды бояулар дайындауда және өсімдіктерді дәрілеуде қолданылады. Жауабы: мыс (ІІ) сульфаты.

4. Кальций тұзы қағаздар, резеңке, линолиумның толықтырғыш ретінде қолданылады, ал табиғи тау жыныстары — бағалы құрылыс материалы. Жауабы: кальций карбонаты.

5. Бұл барий тұзын эмаль, глазурлар дайындауда шыны өндірісінде қолданады. Жауабы: барий карбонаты.

Сектор «Бейметалдар»

1. Бұл бейметалды бұрыннан бері қара оқ-дәрі жасауда, ауылшаруашылық зиянкестерімен күресте, медицинада тері ауруларын емдеу үшін майлар дайындауда қолданылады. Жауабы: күкірт.

2. Оттектен кейінгі жер қыртысында кең таралған элемент. Таза элемент бос күйінде кездеспейді. Оның қосылыстары өсімдік және жануар жасушаларының құрамына кіреді. Жауабы: кремний.

3. Табиғатта бұл элемент бос күйінде де, қосылыстар түрінде де кездеседі. Ауада оның көлемдік үлесі 78,09%, массалық үлесі 75,6%. Ол нәруызды заттардың және көптеген табиғи органикалық қосылыстардың құрамына кіреді. Жауабы: азот.

4. Тұңғыш рет бұл бейметалды Кавендиш бөліп алды. Грек тілінен оның атауы «қабілетсіз», «жұмыс істемейтін» деп аударылады. Жауабы: аргон.

5. Бұл газ жарнамалық индустрияда қолданылуын тапты.(онымен толтырылған трубкалар ақшыл қызыл жалын береді) Грек тілінен «жаңа» деп аударылады. Жауабы: неон.

Сектор «Жалпы химия»

1. Гантель тәрізді бұлт түзіп қозғалатын электрондар. Жауабы: р-электрондар.

2. Атомдар электрондарын беріп жіберу немесе қосып алу арқылы зарядталған атомдар. Жауабы: иондар.

3. Жалпы алғанда әрекеттесуші атомдардың электротерістіктерінің аз болса да айырмашылықтарына байланысты байланыс түрі. Жауабы: ковалентті полюсті.

4. Ядроларында протондар саны бірдей бірақ массалары әр түрлі, белгілі бір элементті құрайтын атомдар түрі. Жауабы: изотоптар.

5. Атомдардың өзіне электрондар тарту қасиеті. Жауабы: электртерістік.

Финал

27 қаңтарда 1834 жылы Тобольск қаласындағы жергілікті гимназия директорының отбасында дүниеге келді. Гимназияны бітірген соң Петербургтегі педагогика институтына түсті, оны 1855 жылы алтын медальмен бітірді. Бұл институтта ол химияны белгілі орыс химигі А. А. Воскресенскийдің жетекшілігімен оқып-үйренді. Магистрлік диссертациясын қорғаған соң, ол Германияға екі жылдық ғылыми іссапарға кетті. 1860 жылы Карлсруэде өткен химиктер конгресіне қатынасты. Ресейге қайтып оралған соң, ол алдымен Петербург технология институтын, ал екі жыл өткеннен кейін Петербург университетінің профессоры болып сайланып, 23 жылдай ғылыми-педагогикалық жұмыс атқарды.

1876 жылы Петербург Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Өзінің ғылыми-педагогикалық еңбектерін «Отанға қызметім» деп атады.

Ол жасаған ерітінділер теориясының қазірдің өзінде маңызы зор. Ол химиялық технология, ауада ұшу, ауыл шаруашылығы, экономика, оқу-ағарту сияқты салалардан іргелі зерттеулер жүргізді. Ол түтінсіз оқ-дәрі алу әдісін ашты. Металлургияда оттек қолдану әдісін ұсынды.

Пайдалы қазбалардың кең көлемде пайдалану тәсілдерін табуда және сода, күкірт қышқылы, минералдық тыңайтқыштар өндірісін жолға қоюда көп еңбек етті. Ол өзінің бүкіл ғылыми қызметін Отанына пайда келтіруге, практика мен теорияның байланысын жүзеге асыруға арнады.

Өз елінің табиғи байлығын жан-жақты пайдалануға, әсіресе мұнай өндіруге және оны әртүрлі химиялық өнімдер алу үшін шикізат ретінде пайдалануға көп көңіл бөлді.

Ол әйгілі еңбегінде «Химия негіздері» (1869-1871) кітабы, бұл еңбегінде периодтық заң негізінде бейорганикалық химия алғаш рет дұрыс жүйеленді

Категория: