Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казыбекова Алтын Саринтаевна Қандыағаш қаласы № 4 қазақ орта мектебі |
Сабақтың мақсаты: Абай өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
- білімділік — оқушыларға көркем сөздің асылы — поэзиядағы Абайдың жаңа үлгілерін таныту
- тәрбиелік — Абай өлеңдерін, поэзияны сүюге, оны түсіне білуге тәрбиелеу.
- дамытушылык — оқушылардың ойын тұжырымдап айта білуге үйрету, тіл байлағын өрістету.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, венн диаграммасы, кесте, баяндау әдісі, көрнекілік, ой қорыту.
Сабақ көрнекілігі: Абай суреті, оқулық, тақта, Абай шығармалары, кесте.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі Сынып тазалығы. Оқушыларды түгендеу.
2. Үй тапсырмасы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы 1835 жылы Сыр бойында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аулында дүниеге келген.
Толғаулары: «Ілімге толса көкірек», «Жақсы болсын жұбайың», «Ұрлық түбі — қорлықты», «Ер көгерген дұғамен».
«Ілімге толса көкірек» толғаудан үзінді
Ақынның жастарға берген ақылы: Халық ісіне тарылып тоқталма, сабырлы бол, сөз берілсе сөйле, ақылды бол, талапты бол, білімді бол,еңбеқор бол
Метафора
- Азырақ сөзді жазамын.
- Қызып тұр әзір табаным.
- Жігіттің көркі өнері.
- Тілдің болдым шебері
- Майлы ақынның сөзі еді.
- «Өнер алды-тіл» еді.
- Тілдің гаусар гүл еді.
- Заманында дүр еді
- Жақсының-жолы жарық күн, Жаманның жолы көмескі.
- Сабыр — ақыл серігі.
Эпитет
1.Алтынды — гауһар бедерлі Орынсыз жерде күледі. Теңеу.
1.Аспан — жердей парқы бар.
Венн диаграммасы
Жаңа сабақ
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге! — деп Сұлтанмахмұт айтқандай Абай — туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының гулдеуіне зор үлес қосқан қамқоршысы
Олай болса, Абай өмір сүрген кезеңге көз жіберейік.
1. (1845-1904)қазіргі Шығыс Қазақстан облысында туған.
Абай және ғылым
- Абайды Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
- Ғылым таппай, мақтанба.
- Интернатта оқып жүр.
- Әсемпаз болма әрнеге.
Ңәкесі Құнанбай тілге шешен, ақылды,әділ ел басқарған.
2. Абайдың меңгерген тілдері: араб,парсы,шағатай
3. Абай оқыған классиктер.
А.С.Пушкин | М.Ю.Лермонтов | И.А.Крылов |
Онегиннің сөзі Татьянаның хаты Онегиннің жауабы Татьянаның сөзі; |
Теректің сыйы Қараңғы түнде тау Қалғып Кең жайлау Қанжар |
Шегіртке мен құмырсқа Жарлы бай. Бақа мен өгіз. Есек пен бұлбұл.
|
«Өлең-сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңі
Өлеңдегі 3 негізгі ой
Өлең қандай болуы тиіс |
Бұрынғының ақындарын сынау |
Тыңдаушыға айтары |
Өз поэзиясында жаңа мақсат барын жариялайды.Ол әлеуметтік шындықты жариялау.Өлеңді бөтен сөзбен былғамау талап торы қойылады.Халық мүддесі жұмсауды мақсат етеді. |
Өлеңнің сатып,күн көріс көрген жағымсыз,жарамсақ ақындарға ыза болып, қатты сынайды.Ақын өнерін,саудаға салу,сөз қадірін кетіру,арсыздық деп қарайды |
Оларды халық тағдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге,бағалауды. Тыңдаушыларды тәрбиелеу қажеттігіне назар аударды. |
Педагогика ғылымының кандидаты Нұрша Оразақынованың "Сатылай кешенді талдау технологиясы «бойынша өлеңді талдау.
1. Авторы. Абай Құнанбайүлы
2. Тақырып. Бұл өнер туындысы,әдеби шығарма-белгілі дәуірдегі қоғамдық шындық.
3. Жанр түрі. Поэзия (өлең) Өлең дегеніміз-белгілі бір қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі өлшеммен
4. Идеясы. Өлеңді түсіне білуге бағалауға шақырады. Сөздің асылы — поэзия екенін, жақсы сөз даналықтың айғағы екенін айтады.
5. Шумақ. Өлең шумақтан тұрады. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
6. Тармақ. Өлең тармақтан тұрады. Тармақ-өлеңнің әр жолы.
7. Бунақ. Тармақ бунақтан тұрады. Бунақ-белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.
8. Буын. Өлең буыннан түрады. Буын сөздің қурамындағы дауысты дыбыстардың санына қарай анықталады.
9. Теңеу – Өтірік пен өсекті жүндей сабап
Эпиттет – Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын.
Метафора – Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап.
10. Сөздік:
Аят (арабша) — құран сөзі
Хадис (арабша) — Мұхаммед пайғамбардың сөзі
Бәйіт (арабша) — өлең сымал — өлең секілді
Құтпа (арабша) — уағыз оқу, сөйлеу мағынасында
Мүнәжәт (арабша) — Аллаға жалбарыну, мақтау сөз айту
11. Өлеңнің негізгі түйіні: Тыңдаушыны тәрбиелеу, сөздің құдіреттілігін түсіндіру, поэзияны бағалауға шақырады
12. Оқушыға өлең шумағын талдату
Ө-/лең-//сөз-дің пат/ша/сы//,сөз са/ра/сы,//а
Қи/ын/нан// қи/ыс/ты/рар//ер да/на/сы//а
Тіл/ге же/ңіл,//жү/рек/ке//жырлы ти/іп,//б
Теп-теріс//жұ/мыр кел/сін//ай/на/ла/сы а
13. Буынды қара өлең ұйқасы.
14. Сабақты қорытындылау
Ақыл-ой,ақындықтың киесі — Абай, Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай. «Өлең сөздің — патшасы» десе Абай, Патшаға енді ұсынбас төрді Абай, Патша мүлде тағымен төңкерілген, Өлеңнің құдіретті иесі — Абай! «Сөздің құдіреттілігі — қоғамды өзгертетін күш» деген болатын Абай. Сабақты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылаймын: «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу» деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады. Үйге тапсырмасы: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңді жаттау.
- 79353 просмотра