Сабақ тақырыбы: «Қазақ халқының қолөнері»
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы с. Кішкенекөл, Кішкенекөл № 1 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Жанаргүл Хаербекқызы |
![]() |
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 3
Сабақ мақсаты:
- Оқушыларды қазақ халқының қолөнері, қазақ шеберлігін сұлулықты қабылдауға үйрету;
- Оқушылардың ой-өрісін, сәндік нақыштарды бейнелеуде өрнектерді ретімен орналастырып үйрету, сөйлеу дағдыларын дамыту;
- Ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға, ұқыптылыққа, сұлулықты түсіне білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже: Қазақ халқының қолөнері-түрлі көрме ұйымдастыру арқылы, ою-өрнектер арқылы оқушыларды меңгерту
Түйінді идея: Қазақ халқының қолөнерлерін ажырату кездесетін қиыншылықтарды игеру
Әдіс-тәсілдер: кластер, топпен жұмыс, венн диаграммасы, АКТ, СТО.
Сабақта қолданылатын ресурстар: Оқулық, үлестірмелі материалдар, тірек сызбалар, кестелер, венн диаграммасы, т. б.
- 10193 просмотра