9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Сабақ тақырыбы: Қазақ күресінің әдіс тәсілдерін меңгеру тактикалық және техникалық дайындық

Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2025» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Нурбаев Самат Маратович учитель физической культуры первая квалификационная категория КГУ «Курчумская СШ№ 4 им.Н.Островского» ВКО Курчумский район с.Курчум

Сабақ тақырыбы: Қазақ күресінің әдіс тәсілдерін меңгеру тактикалық және техникалық дайындық

Мектептегі күрес үйірмесінің жұмысы

Күршім ауданының № 4 Н.Островский атындағы орта мектебінде осыдан 5 жыл көлемінде қазақ күресі үйірмесі өз жұмысын атқарып келеді. Сыныптан тыс уақытта мектептің оқушылары күрес үйірмесіне толығымен қатысып, талай нәтижелерге қол жеткізіп, биіктен көрінді. Оқушыларға қойылатын талабы, мақсаты мен міндеті және күтілетін нәтиже бойынша үйірме жұмысы атқарылып жүр.

Үйірменің мақсаты:

1. Жастарды қазақ күресімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
2. Халық арасында достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту.
3.Ауданда қазақ күресін өркендету арқылы, оны ұлттық идея жеткізу және халықаралық имидж көтеру.

Үйірменің міндеті:

1. Аудандық және обылыстық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болу
2. Психологиялық және физикалық күш қабілеттерін дайындау және нығайту.

Осыған қарап өсіп келе жатқан жас ұрпақ палуандары, барлық күш жігерлігін, намысын бойындағы қуатын пайдаланып белсене жаттығуларын жүргізеді. Жаттығу әр түрлі методика бойынша өткізіледі, ол айнымалы түрде, жеке түрде және топтық.

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік — оқушыларды жылдамдыққа, күштілікке, ептілікке үйрету
2. Дамытушылық — ағзаны шынықтыру, денсаулықты нығайту
3. Тәрбиелік — жан-жақты тәрбие арқылы ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік және еңбек тәрбиесіне ықпал ету

Өткізілетін жер: Спортзал

Құрал жабдықтар: ысқырғыш, секундомер, секіртпе, жгут

Уақыт: 45 мин

 

Сабақ мазмұны

Уақыт мөлшері

Методикалық нұсқау

1

Кіріспе бөлім                               15 мин

 

1.Сапқа тұрғызу салемдесу

2.саптағы жаттығулар

онға, солға, шұғыл бұрылу

3. жүру жеңіл жүгіру

4. оң иықпен алдыға

5. сол иықпен алдыға

6. артпен жүгіру

7. аяқты алдыға сермеп жүгіру

8. аяқты артқа сермеп жүгіру

9. алдыға, артқа домалау

10. құлау әдісін жасау

11. дөңгелек жасау

12. секіру жаттығулары

13. саптағы дене жаттығулары

14. тыныс алу жаттығулары

1

2

5

5-6 рет

5-6 рет

2 айналым

4-5 рет

4-5 рет

2-3 рет

3-4 рет

5-6 рет

3-4 рет

5

2

Киімдерін тексеру, тәртіпті сақтау

Дұрыс жасау

Ара қашықты сақтау

Қолды алдыға айналдыру

Қолды артқа айнадыру

Сол иықпен қарау

Биік көтеру

Қолмен тигізу

Қадағалау

Көрсету сақтандыру

Биік секіру

Оқушының орындауы

1-2 дем алу, 3-4 дем шығару

2

Негізгі бөлім                                 25 мин

 

1) Сапқа тұрғызу, екі топқа бөліп әр оқушыға күрестің әдісін көрсетіп, дайындық жаттығуларын жүргізу

2) Бір-біріне қарама–қарсы тұрып, имитация жасау

3) Жгутпен әр оқушыға тапсырма беріп, әдісті қолдану түрлерін жасау

4) Жалпы дене жаттығулары

5) Күштемелі жаттығулар жүру, тыныс алу жаттығулары

5

10-15 рет

5

20-30 рет

5

30 рет

Ауада әдістердә жасау

Дұрыс көрсеті, бақылау

Құлау әдісін пайдалану, сақтандыру

Әр оқушыға тапсырма беру

Қадағалау

3

Қорытынды бөлім                         5 мин

 

 

1) Сапқа тұрғызу

2) Баға қою

3) Үйге тапсырма беру

4) Қайтару

1

1

3

Сабақ барысын қорытындылау

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қалман Абдықадыров «Қазақ балуандары» — Алматы, 2002
2. Матущак П.Ф. «Борцы на ковре» — Алма-Ата, 1991
3. Чумаков Е.М.«Сто уроков борьбы самбо» — Москва, 1985