9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Сабақ тақырыбы: Қазақстанның спорт жұлдыздары

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирнов № 2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жакупова Айнур Төлегенқызы

Сабақ тақырыбы: Қазақстанның спорт жұлдыздары

Мақсаты: Спорт жұлдыздары туралы мәлімет беру

Міндеттері: салалас құрмалас сөйлемді қайталау;
Оқушылардың ой — өрістерін кенейту, сөздік қорларын молайту;
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Бүгінгі сабақ сәтті өту үшін кәне бір — бірімізге тілек тілейік әр оқушы қолдарынан ұстап тілек тілейді. / 2 слайд/

— Мен саған ..... бүгінгі сабақта белсенді қатысып, жақсы баға алуынды тілеймін! ........

2 Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылар біз сендермен өткен сабақта салалас құрмалас сөйлем жайын сөз қозғадық кәне соны тексеріп көрейік. Мына сандықшаның ішінен кез келген сұрақты алып жауап беріңдер. /3 слайд/

Сұрақтарға жауап бергеннен кейін жаңа сабаққа көшу

— Олай болса, бүгінгі сабақ тақырыбын анықтау үшін мына слайд пен видеоға көңіл бөлсеңдер.

 / 4 Слайд пен видео көрсетіледі/

— Қалай ойлайсындар не мен осы слайд пен видеоны көрсеттім, осыны көру барысында не елестетіндер?

— Бұл слайдта кімдерді көрдіңдер?

— Иә, дұрыс бұл біздің аққайындық спортшыларымыз. Жаңағы раушан гүлінің ашылуындай жарк еті ашылып, шетелдерде қорғап туған жерінің, ел намысын, Қазақстанның туын биік шындарға көтеріп жүрген жүрген спортшыларымыз.

— Ал сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсындар?

— Иә, дұрыс айтасындар осындай ел азаматтары туралы, яғни Лондонда өткен 30 Жазғы олимпиадасында жеңіске жеткен спортшылары туралы сөз қозғаймыз. бүгінгі сабақтың тақырыбы Қазақстанның спорт жұлдыздары.

— Дәптерімізді ашып

20 қараша
сынып жұмысы
сабақ тақырыбы Қазақстанның спорт жұлдыздары деп жазып қоямыз.

— Оқушылар сендер СПОРТ сөзін естігенде көз алдарына не елестейді?

— Қазір 30- ншы Жазғы Лондон олимпиадасы туралы Настя Базалева баяндап береді.

— Олай болса, қазір мәтінмен жұмыс жасаймыз. Әр кімнің алдында мәтін жатыр соны оқймыз.

/Мәтінді дауыстап оқу/

— Мәтін бойынша сұрақ даярлайды

— Сол сұрақтарды бір — біріне қою арқылы жауап алады.

— Ал балалар мәтіннен алған ақпаратты бекіту мақсатында Венн диаграммасын толтырамыз. Жұппен жұмыс жасаймыз.

— Қазір мына шеңберлерге әр спортышың алдымен өзіндік ерекшеліктерін жазамыз. Содан кейін ортақ қасиеттерін көрсетеміз.

 ОРТАҚ ҚАСИЕТТЕР — қазақстанның намысын қорғады
Спортшылар
Алтын медаль игерлері
Қазақтан азаматтары
Ер жүрек
Мақтанышымыз

Дәптерде жұмыс

— Мәтін бойынша сөйлеммен жұмыс

— Мәтіндегі мына сөйлемге назар аударамыз: Илья Ильин ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына жазылды.

 1 қатар — фонетикалық талдау
 2 қатар — фонологиялық талдау
 3 қатар — синтаксистік талдау

Рефлексия: Кестені толтырады

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

— Толтырғаннан кейін әр оқушы өз жазғанын оқып шығады Жақсы балалар Бүгінгі сабақты мен мына өлең жолдармен аяқтағым келеді

Көктудың желбірегені —
жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі —
Көктудың желбірегені. Деп біздің спортшыларымыз осындай бәседен шалынбай өтті. Бүгінгі күні сендерде осындай биік шындардан көрінесіндер деп ойлаймын.

Бағалау

Үй тапсырмасы: «Спорт жұлдыздары » тақырыбы бойынша Эссе немесе өлең жазу

Категория: