Сабақ тақырыбы: «Музыка әлемінде»
Маликова Айнур Кенесбаевна Солтүстік-Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы Бидайық ауылы. Санатым — жоғары. Еңбек өтілі — 15 жыл |
|
Қазақ тілі
|
7 сынып
|
Сабақ тақырыбы: |
Музыка әлемінде |
|
Жалпы мақсат: |
Кірме сөздер бойынша сұрақ құрып, толық жауап қайтаруға үйрету. Қазақтың музыка өнеріне сүйіспеншілік туғызу. Ұлттық тәрбие бере отырып, сөйлеу тілдерін дамыту. Сыни ойлауға ықпал ету, бір-біріне көмек көрсетіп, жұмыстарын бағалауға үйрету. |
|
Оқу нәтижесі: |
Бір-бірін тыңдауға, қатесін түзеуге үйренеді. Өз ойларын білдіру, рөлге бөліне отырып, тапсырманы орындауда жаупкершілік сезінеді. Ұлттық аспап сыбызғыны басқа аспаптардан ажырата алады. |
|
Негізгі идеялар: |
Қазақтың музыка өнерін білу, ұлтының мәдениетін құрметтеу.
|
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Қима қағаздар, магнитафон, сахналауға қажет заттар. |
|
Оқыту әдістері: |
Жаңа әдістер Сұрақ-жауап, диалог, АКТ, СТО, рөлдік ойын, критериалды бағалау, «екі жұлдыз, бір пікір», ТТШТ, «мозаика» әдісі, сюжеттік кесте.
|
|
Дерек көздері: |
Қазақ тілі оқулығы |
|
Тапсырмалар: |
Сұрақ құру, жауап жазу, синоним табу, диалог құру,сөйлем құру |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Бір-біріне жылы лебіз айтуын сұраймын. |
Сәттілік тілейді. |
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 7 мин ) |
Мұғалімнің іс-әрекеті Лексика тақырыбы бойынша ережені қаншалықты қолдана алатындығын бақылау үшін «Мозайка» әдісін қолданамын. 2 топ мозайканы жинау үшін бақылаушы мен топ басшысының міндеттерін түсіндіремін. |
Оқушының іс-әрекеті 3 минут ішінде кірме сөздер тақырыбына топпен сұрақ құра бастайды. Уақыт аяқталған соң, 2 топ жазған сұрақтарына толық жауап жазу керек. Сонымен қатар, бірінің-жауаптарын толықтырып отырады. Топтар бір-бірінің жұмыстарына баға береді. |
ІІІ. Жаңа тақырып |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Музыка тақырыбына көшу үшін берілген сөздердің синонимін табуды тапсырамын. Жолдас Тоғай Қонақ Мықты Үнемі Шын Көк Домбыра — бұл не? Тағы қандай қазақтың ұлттық аспаптарын білесіңдер? |
Тізбектелген сөздердің синонимін тапқан оқушы жауабын сыныпқа айтады. Мұғалімнің сұрақтарына толық жауап береді. |
Мәтінмен жұмыс
|
Мұғалімнің іс-әрекеті 120 беттегі 1-тапсырмадағы «Сұлу, әдемі музыка» мәтінін 1. оқимын да, мәтін мазмұнына сәйкес сыбызғы әуенін оқушыларға тыңдатамын. 2. Оқиға немен аяқталғанын оқушылардан сұраймын. Берген жауаптарын тақтаға жазамын. 3. Диалогтарын рөлдік ойын арқылы жалғастыруды тапсырамын. Топтық жұмысқа кіріспес бұрын, оқушылардың көмегімен бағалау критерийлерін шығарамын. |
Оқушының іс-әрекеті Мәтінді мұқият тыңдайды. Жағдаяттың шешімін ұсынады. Ұтымды деген идеяны әр топ таңдайды. Топтық шешіммен диалогтарын рөлге бөлініп ойнап береді.
Топтық бағалау жүргізеді. Берген критерий бойынша «екі жұлдыз бір пікір» айтады. |
IV.Қорытындылау |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Мәтінді қаншалықты игергенін бақылау үшін және сабақтың қорытындысын шығару үшін «сюжеттік кестені» толтыруды тапсырамын. |
Тақтада берілген сұрақтарға жауап іздеп, мәтіннің мазмұнын ашатын бір сөйлем құрады. |
V. Үйге тапсырмасын беру |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Үйге мәтін мазмұндау, ережені жаттау және 1 жазбаша тапсырма беремін. |
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
VI. Бағалау |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Бір-бірін бағалау мен критерий бойынша бағалау қорытындысын ескеріп, әр оқушының жиынтық бағасын шығарамын. |
|
VII. Рефлексия |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Оқушыларға екі түсті стикер таратамын. |
Екі түсті стикерге әрқайсысы сабақта не ұнағаны және не қиын болғаны туралы жазады. |
- 11080 просмотров